Құжат мәтініне өту

Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қаулы · № 72 · қабылданған 03.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38560/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 72 ·03.03.2008
03.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 72 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Атауы (қаз.)
Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
03.03.2008
Көрсетілген редакция
03.03.2008 · қолданыстағы 38560_319085.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZF000059
ЭКБ идентификаторы
38560
Редакция идентификаторы
38560_319085
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:55

0 Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 Қаулысына сәйкес және еңбек нарығындағы жағдайды, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескере отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесі №1 қосымшаға сай бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Менеевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Жәнібек ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.

4 Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы № 72 қаулысына № 1-қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы наурыздағы № 72 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі

1 1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі

1 1) Ақоба ауылдық округінің әкімі аппараты.

2 2) Борсы ауылдық округінің әкімі аппараты.

3 3) Жәнібек ауылдық округінің әкімі аппараты.

4 4) Жақсыбай ауылдық округінің әкімі аппараты.

5 5) Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі аппараты.

6 6) Қамысты ауылдық округінің әкімі аппараты.

7 7) Талов ауылдық округінің әкімі аппараты.

8 8) Тау ауылдық округінің әкімі аппараты.

9 9) Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі аппараты.

10 10) Аудандық “Жолаушы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

2 2. Елді мекендерді аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына қатысу.

3 3. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеуге, коммуникациялар салуға қатысу.

4 4. Суландыру жұмыстарына, бұлақтарды іздеу және көркейтуге, құдықтарды, арналарды жөндеуге қатысу.

5 5. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.

6 6. Өз жеке меншік көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.

7 7. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтағы жерлерді қалпына келтіру және мал қорымы, арнайы белгіленген орындағы тұрмыстағы қатты қалдық төгетін орындар мен зираттарды күтіп ұстау, оңдау жұмыстарына қатысу.

8 8. Мәдени-спорттық (халық театры қойылымдары, спорттық жарыстар,семинарлар, т.б) жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

9 9. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.

10 10. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына (бау-бақша, шөп шабу, бие сауу, малдарды бірдейлендіру, қолдан ұрықтандыру, бақташы, жылқышы т.б.) қатысу.

11 11. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесуге қатысу.

12 12. Иесіз қалған ғимараттарды бұзу және құрылыс материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу.

13 13. Дайындалған құрылыс материалдарын (саман тас, қамыс плита және т.б.), шаруашылық әдіспен аз қамтылған әлсіз адамдарға, мүгедектерге, жалғыз басты кәрияларға әлеуметтік қорғау мақсатында үй, қора, монша салу және күзгі-қысқы мерзімге отын дайындау жұмыстарына қатысу.

14 14. Иесіз тұрған әкімшілік, өндірістік ғимараттарды күзету жұмыстарына қатысу.

15 15. Тапсырыс бойынша аралас еңбекақы төлейтін (еңбекке ақы төлеудің 50 % жұмыспен қамтушы өкілетті органның қаржысы есебінен, 50 % жұмыс берушінің қаржысы есебінен) “жұмыс беруші”.

16 16. Тапсырыс бойынша 100% еңбек ақы төлейтін “жұмыс беруші”.

17 17. Мемлекеттік бюджет есебінен және “жұмыс берушінің” тапсырысы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

18 18. Теңгермешілікті жою және жұмыссыздардың еңбегін иесіз қалдырмау үшін Қазақстан Республикасының Заңдылықтарында белгіленген ең төменгі еңбекақыны 5 күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс күні санына бөлу жолымен жұмыссыздардың орташа бір күндік табысы белгіленген.

19 19. Орындалған жұмыстың қиындығы мен көлеміне байланысты, қолда бар бірыңғай нормалар мен баға қою негізінде еңбекақыны есептеу үшін коэффициенттер (разрядтар) қолданылады.

Бірінші разряд (коэффициент - 1.00).

20 20. Экологиялық (ауылдық-округтердің аумағын көгалдандыруға және көркейтуге аудандағы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, күл-қоқыс шығаруға қатысу).

21 21. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтағы жерлерді қалпына келтіру және мал қорымы, арнайы белгіленген орындағы тұрмыстағы қатты қалдық төгетін орындар мен зираттарды күтіп ұстау, оңдау жұмыстарына қатысу.

22 22. Мәдени-спорттық (халық театры қойылымдары, спорттық жарыстар, семинарлар және т.б.) жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

23 23. Қазақстан Республикасы және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.

24 24. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесуге қатысу.

25 25. Иесіз тұрған әкімшілік, өндірістік ғимараттарды күзету жұмыстарына қатысу.

Екінші разряд (коэффициент - 1.07)

26 26. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеуге, коммуникациялар салуға қатысу.

27 27. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына (бау-бақша, шөп шабу, бие сауу, малдарды бірдейлендіру, қолдан ұрықтандыру, бақташы, жылқышы, т.б.) қатысу.

Үшінші разряд (коэффициент- 1.15).

28 28. Суландыру жұмыстарын жүргізуге, бұлақтарды іздеуге және көркейтуге, құдықтарды, арықтарды, арналарды жөндеуге қатысу.

29 29. Тұрған үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.

30 30. Өз жеке меншік көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.

31 31. Иесіз қалған ғимараттарды бұзу және құрылыс материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу.

32 32. Дайындалған құрылыс материалдарын (саман тас, қамыс плита, т.б.), шаруашылық әдіспен аз қамтылған әлсіз адамдарға, мүгедектерге, жалғыз басты кәрияларға әлеуметтік қорғау мақсатында үй, қора, монша салу және күзгі-қысқы мерзімге отын дайындау жұмыстарына қатысу.

33 33. Ең төменгі еңбекақы көлемінің өзгеруімен байланысты, бір күндік еңбекақы мөлшері де өзгеруі мүмкін.

Қолданыстағы