Құжат мәтініне өту

О применении рыночного курса обмена валют в финансовых организациях и специальных финансовых компаниях в целях формирования финансовой отчетности

Қаулы · № 11 · қабылданған 25.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38577/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О применении рыночного курса обмена валют в финансовых организациях и специальных финансовых компаниях в целях формирования финансовой отчетности Күшін жойған Қаулы ·№ 11 ·25.02.2008
28.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О применении рыночного курса обмена валют в финансовых организациях и специальных финансовых компаниях в целях формирования финансовой отчетности

Күшін жойған Қаулы ·№ 11 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О применении рыночного курса обмена валют в финансовых организациях и специальных финансовых компаниях в целях формирования финансовой отчетности
Атауы (қаз.)
Қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компанияларында валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
25.02.2008
Көрсетілген редакция
28.01.2009 38577_362380.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005171_
ЭКБ идентификаторы
38577
Редакция идентификаторы
38577_362380
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:57

0 Қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компанияларында валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану туралы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 8-бабының к-1) және к-3) тармақшаларына және»"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қаржы ұйымдары мен арнайы қаржы компаниялары»"Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2106 тіркелген) 1-тармағында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, сауда-саттық жүргізілген күннің аяғында активтер мен міндеттемелер шоттарындағы қалдықтарды қайта санасын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолдансын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы компанияларына жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

Қолданыстағы