Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной собственности

Қаулы · № 304 · қабылданған 31.03.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38602/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 304 ·31.03.2008
28.08.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 304 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
304
Қабылданған күні
31.03.2008
Көрсетілген редакция
28.08.2015 38602_62321.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000304_
ЭКБ идентификаторы
38602
Редакция идентификаторы
38602_62321
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:45

0 Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының жалпы санынан 18,21 (он сегіз бүтін жүзден жиырма бір) пайыз мөлшердегі акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 107-7-жолмен толықтырылсын:
"107-7 "Астанаэнергосервис" АҚ";

2) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы