Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Выдача справок в пенсионные фонды, территориальные подразделения Комитета дорожной полиции МВД для оформления наследства несовершеннолетним детям"

Қаулы · № 22-224п · қабылданған 18.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38616/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Выдача справок в пенсионные фонды, территориальные подразделения Комитета дорожной полиции МВД для оформления наследства несовершеннолетним детям" Күшін жойған Қаулы ·№ 22-224п ·18.02.2008
26.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Выдача справок в пенсионные фонды, территориальные подразделения Комитета дорожной полиции МВД для оформления наследства несовершеннолетним детям"

Күшін жойған Қаулы ·№ 22-224п · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Выдача справок в пенсионные фонды, территориальные подразделения Комитета дорожной полиции МВД для оформления наследства несовершеннолетним детям"
Атауы (қаз.)
"Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-224п
Қабылданған күні
18.02.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2009 AI38616_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000506_
ЭКБ идентификаторы
38616
Редакция идентификаторы
AI38616_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:59

0 "Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.

2 2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілетін көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

5 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім                                            А. Мамин
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 ақпандағы
N 22-224қ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру"

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы мемлекеттік қызмет зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру тәртібін анықтайды.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі көрсетеді.

Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 723 кабинет, телефон 75-25-12.
Ресми сайт: www.astana.kz.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру анықтамасы, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға тиесілі мүлікпен әрекеттерді жүзеге асыруға арналған келісу анықтамасын беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Құжаттарды қарастыру мерзімі он бес жұмыс күні ішінде:

1 1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі, зейнетақы қорларына, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне анықтама бес жұмыс күні ішінде рәсімделіп, одан кейін өтініш берушіге беріледі.

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9 9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесіндегі қабырғаларда, сондай-ақ www.astana.kz. веб-сайтында орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және қызмет көрсетуді жеделдету жүзеге асырылмайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінде көрсетіледі, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 723 кабинет.

Департамент ғимаратына кіре берісте жеке басын куәландыратын құжат бойынша өткізу пункті орналасқан.
Фойеде және кабинетте толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық қабырға бар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Зейнетақы қорларына, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне анықтама алу үшін ұсынылады:

осы стандарттың N 4 қосымшасына сәйкес мұраны рәсімдеуге кәмелетке толмаған баланың ата-анасының өтініші;
өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
басқа да құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (ажырасу куәлігі, қайтыс болу туралы, некелік қатынаста болмағанын растайтын құжат; баланың некеден тыс туылғаны жөніндегі N 4 нұсқалы анықтама);
көлік құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі (техпаспорт) егер анықтама ІІМ Жол полициясы комитеті аумақтық бөлімшелеріне керек болған жағдайда, машина құжаттың (техпаспорт) түпнұсқасы мен көшірмесі.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың N 2 , 3,   4 қосымшаларына сәйкес бланкілер Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің мамандары береді.

14 14. Мемлекеттік қызмет кабинеттерде Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі қызметкерлері тарапынан көрсетіледі.

15 15. Құжатты қабылдаған уәкілетті қызметкер өтініш берушіге ауызша түрде барлық қажетті құжаттарды алғаны және олардың орындалған қызметті алатын күні туралы хабарлайды.

16 16. Анықтама беруді Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттар негізінде күнделікті жүзеге асырады.

Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
Анықтама жеке барғанда беріледі.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Департамент берілетін анықтамалар мен қаралған құжаттардың мерзімсіз сақталуын жүзеге асырады.

17 17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Департамент бас тарту себебін алған соң тұтынушыға оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және бас тарту себептерінің жазбаша негіздері беріледі.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Департамент қызметі:

1 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2 2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3 3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;

4 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5 5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;

6 6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;

7 7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;

8 8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;

9 9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

10 10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Департамент басшысына шағымдана алады (телефон: 8 (7172) 75-26-33, электрондық почта: astana_do@mail.ru.)

Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым хат жолдауына болады.

22 22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Департаменттің кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 718 кабинет.

23 23. Тікелей жазбаша өтініш жасаған тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген екінші данасы қайтарылады.

Білім департаментіне келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты Департамент орналасқан мекен-жай бойынша 723-ші кабинеттен, не канцеляриядан алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

1 1) Департамент директоры:

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 709 кабинет, телефон 8 (7172) 75-26-33;
Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.

2 2) Департамент директорының орынбасары:

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 716 кабинет, телефон 8 (7172) 75-27-20;
Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, сәрсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.

3 3) Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 225 кабинет, телефон 8 (7172) 75-21-47;
Электрондық почта мекен-жайы: akimat225@mail.ru.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

25 Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 1 қосымша
Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш-
тің нор­ма­тив-
тік мәні
Көр­сет­кіш­тің­ке­ле­сі жыл-
да­ғы ны­са­на-
лы мәні
Көр­сет­кіш­тің
есіп­тік жыл­да­ғы
ағым­да­ғы мәні
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды
тап­сы­ры­л­ған сәт­тен
ба­стап бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қыз­мет­ті
ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның
% (үле­сі)
95
90
84
1.2. Қыз­мет алу­ды
ке­зек­те 40 ми­нут-
тан ас­пай­тын уа­қыт
күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар-
дың % (үле­сі)
85
35
26
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет­ті ұсы­ну
үде­рі­сі­нің са­па­сы­на
қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
85
75
63
2.2. Құ­жат­тар­ды
(жүр­гі­зі­л­ген есеп-
те­улер, есеп ай­ы­ры-
су­лар және т.б.)
дұ­рыс ре­сім­де­ген
жағ­дай­лар % (үле­сі)
98
90
82
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет ұсы­ну
тәр­ті­бі ту­ра­лы
са­па­ға және ақ­па­рат-
қа қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
85
75
64
3.2. Құ­жат­тар дұ­рыс
тол­ты­ры­л­ған және
бі­рін­ші рет­тен
тап­сы­ры­л­ған жағ­дай-
лар­дың % (үле­сі)
85
45
36
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы
қол же­тім­ді қыз­мет-
тер ту­ра­лы ақ­па­рат-
тың то­лық­тығы %
(үле­сі)
95
50
-
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы
тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну-
шы­лар­дың жал­пы са­ны-
нан негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың  %
(үле­сі)
3
5
9
4.2. Бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қа­рал­ған
және қа­на­ғат­тан­ды-
ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың %
(үле­сі)
-
-
-
4.3. Ша­ғым­да­ну­дың
қа­зір­гі тәр­ті­бі қа-
на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
тұ­ты­ну­шы­лар %
(үле­сі)
-
-
-
4.4. Ша­ғым­да­ну­дың
қа­зір­гі мер­зі­мі қа-
на­ғат­тан­ды­ры­л­ған тұ-
ты­ну­шы­лар % (үле­сі)
-
-
-
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Қыз­мет­кер­лер­дің
сы­пай­ы­лы­ғы қа­на­ғат-
тан­ды­ры­л­ған тұ­ты­ну-
шы­лар % (үле­сі)
85
55
46
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 2 қосымша
Үлгі
Зейнетақы жинақтаушы қордың атауы
________________________________
Астана қаласының Білім департаменті __________________ жылы
туған, (_____ жылы ______берілген жеке куәлігінің нөмірі N
____________) _________________________ _____________ шотындағы
зейнетақы жинақтарын түгел тиесілі пайыздарымен бірге, нотариус
_______________ берген (_______ жылы _______________________________
берілген мемлекеттік лицензия N _______________) заң бойынша
мұрагерлікке құқығы туралы куәлігіне сәйкес кәмелетке толмаған
ұлына (қызына) _________________________ жылы туған салымшының
__________________ қайтыс болуына байланысты (_______________ жылғы
N __________ қайтыс болуы туралы куәлік) қайта ресімдеуге рұқсат
етеді.
Астана қаласы Білім департаменті
директорының орынбасары              __________қолы (Т.А.Ә.)
М.О.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 3 қосымша
Үлгі
Қазақстан Республикасы
Астана қаласының Білім департаменті
Қорғаншы және қамқоршы органы бар Білім департаменті "Тұрғын
үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабы
3-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған баланың (балалардың)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
мүдделерінде әрекет ете отырып,_____________________________________
көлік құралын ______________________________________ келісімін береді.
Астана қаласы Білім департаменті
директорының орынбасары                __________қолы (Т.А.Ә.)
М.О.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 4 қосымша
Жеке тұлға үшін үлгі
Астана қаласы Білім департаментінің
директоры _________________________
азамат(Т.А.Ә.)_____________________
мекенжайы, телефоны________________
___________________________________
Өтініш
Маған __________________________ жинақтаушы зейнетақы
қорындағы (қордың атауы мұрагерлікке құқығы туралы куәлігіндегі
жазбаға сәйкес көрсетіледі) зейнетақы жинақтарын салымшының
_________________ (күйеуі немесе әйелінің Т.А.Ә.) қайтыс болуына
байланысты (___________жылғы (куәліктің берілген күні) қайтыс
болуы туралы куәлігі N _________) кәмелетке толмаған балаларға
алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Күні "____"____________жыл
______________________қолы

Қолданыстағы