Құжат мәтініне өту

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Темиртау

Қаулы · № 9/16 · қабылданған 28.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38621/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Темиртау Күшін жойған Қаулы ·№ 9/16 ·28.02.2008
25.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Темиртау

Күшін жойған Қаулы ·№ 9/16 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Темиртау
Атауы (қаз.)
Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/16
Қабылданған күні
28.02.2008
Көрсетілген редакция
25.03.2010 38621_182689.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KC000051
ЭКБ идентификаторы
38621
Редакция идентификаторы
38621_182689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:55

0 Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабын, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-46 нөмірімен тіркелген Теміртау қалалық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 6/4 "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешімін басшылыққа ала отырып және арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуге алынған арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа тұрғызу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

2

2. Жұмыс берушілерге арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға еңбекақыны "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 680 бұйрығымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Әдістемелік ұсыныстарына" сәйкес ең төменгі айлықтың 50 пайызынан кем емес мөлшерінде төлеу ұсынылсын.

3 3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу үшін 25 әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы