Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение государственной адресной социальной помощи"

Қаулы · № 23-304п · қабылданған 13.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38635/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение государственной адресной социальной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 23-304п ·13.03.2008
26.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение государственной адресной социальной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 23-304п · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение государственной адресной социальной помощи"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23-304п
Қабылданған күні
13.03.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2009 AI38635_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000514_
ЭКБ идентификаторы
38635
Редакция идентификаторы
AI38635_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:52

0 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы"»N 558  қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған»"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) стандарты бекітілсін.

2 2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

5 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкiм                                            А. Мамин
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 13 наурыздағы
N 23-304қ қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы стандарт мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды. Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) отбасының орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен болғанда тағайындалады.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 2-бабы 1-тармағына, 6, 7-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" N 1685 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

4

4. Мемлекеттік қызмет "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әлеуметтік жәрдемақылар мен тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі бөлімімен Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а көрсетіледі.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:

1 1) АӘК тағайындау не болмаса тағайындаудан бас тарту туралы шешімі;

2 2) АӘК көмекті тағайындау жөнінде шешім қабылданған жағдайда, ай сайын арызданушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен;

3 3) АӘК көмекті тағайындаудан бас тартылған жағдайда, осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

6

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын статусына ие адамдарға, шетелдіктерге, елордада белгіленген жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасында мекен-жай түрі бар азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушылар).

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) АӘК тағайындау не болмаса тағайындаудан бас тарту туралы шешімі өтініш берілген күннен бастап 10 күн ішінде шығарылады;

2 2) алушылардың дербес шоттарына ақшалай қаражаттарды аударудың ең ұзақ уақыты бес банктік күнді құрайды;

3 3) қажетті құжаттарды тапсырғанда кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут;

4 4) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - қажет етпейді.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9 9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесінде орналасқан тағандарда, сондай-ақ Астана қаласы Әкімінің: www.аstana.кz. сайтында орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет Департаментінің "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары бойынша тұтынушыларды қабылдау үшін операциялық залдарда ұсынылады, кезек күту үшін орындықтар, бланктерді толтыру үшін үстелдер, өтініштердің үлгісімен тағандар бар, ғимарат пандустармен жабдықталған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішке осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн көрсете отырып, келесі құжаттар қоса беріледі:

1 1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес отбасы құрамы жөніндегі мәліметтер;

2 2) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес арызданушы отбасы мүшелерінің алған табыстары жөніндегі мәліметтер.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштер нысанын беру орны - Департамент ғимараты, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 1 және 11 кабинет (тұрғылықты ауданына қарай).

14 14. Құжаттар Департаменттің "Алматы", "Сарыарқа" аудандарының тұрғын үй көмегі әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу бөлімдеріне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 1 және 11 кабинеттер (тұрғылықты ауданына қарай).

15 15. Хабарласқан кезде тұтынушыға осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш бланкісі беріледі. АӘК тағайындау үшін өтінішті қабылдау айғағы барлық қажетті құжаттармен бірге құжатты қабылдаған өтініштің төменгі бөлігінде тұтынушыда қалдырылған маманның қолымен расталады.

16 16. АӘК-ті тағайындау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ай сайын тұтынушының жеке шоттарына ақшалай қаражаттар аударылады. Оң шешім қабылданғаны туралы тұтынушыны хабардар ету телефон арқылы немесе оларға бару арқылы 1 және 11-кабинеттерде (тұрғылықты ауданына қарай) жүргізіледі.

АӘК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жазбаша түрде дәлелді бас тартылады.

17 17. АӘК төлемін тоқтату өтініште көрсетілген мекен-жайда тұрмағанда, бас тарту осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес табысты жасырған жағдайда жүргізіледі.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Департаменттің қызметі:

1 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2 2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3 3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;

4 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5 5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;

6 6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;

7 7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;

8 8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;

9 9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

10 10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде тұтынушы Департаментке, Иманбаева көшесі, 68а 1 және 11-кабинеттерге (қала аудандарына қарай), бөлім бастықтары, телефондары: 21-09-41, 21-62-22, электрондық мекен-жайы: deptrud@at.kz. хабарласуына болады.

22 22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе қолма қол Департаменттің кеңсесі арқылы мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 12-кабинетте қабылданады.

Электрондық мекен-жайы: deptrud@at.kz.
Бөлім бастықтары (тұрғылықты аудандарына қарай), мына телефондар бойынша: 21-09-41, 21-62-22, 1, 11-кабинеттер.
Директордың орынбасары, 23-кабинет, телефоны: 21-54-97.
Тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын талап етсе, Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым жолдауына болады.

23 23. Департаментке келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған тәртібі мен мерзімінде жүзеге асырылады.

Шағым жазған кезде тұтынушыға қабылдау туралы белгісі қойылған екінші данасы беріледі.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
Кеңсе телефоны: 21-22-61.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Тұтынушыны қабылдау Департамент жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Департамент директоры, N 23 кабинет, телефоны 21-04-92, факс: 21-28-39.
Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.
Директордың орынбасары, N 23-кабинет, телефоны 21-54-97.
Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Бөлім бастықтары 1, 11-кабинеттер (тұрғылықты аудандарына қарай) тел. 210941, 216222.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Бөлімдердің жұмыс кестесі: азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Астана қаласы әкімінің орынбасары, мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 233-кабинет. Азаматтарды қабылдау кестесі елорда әкімдігінің жұмыс регламентіне сәйкес. Телефон: 75-21-68.
Астана қаласы әкімінің аппараты. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, қала Әкімінің сайты www.Astana.kz.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Астана қаласы, Министрлік үйі, 35-көше, 2-үй, 6-кіреберіс, сайты www.Enbek.kz.

25 25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат

Астана қаласы Әкімінің сайты www.аstana.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
_________________________
(кімге жолданады)
____________________________________________________________________
(бас тарту себебін көрсету)
байланысты __________________шешімімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті (кіммен шешім қабылданды) тағайындаудан бас тартылғандығы
жөнінде хабардар етеміз.
Департамент директорының орынбасары
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар департаментінің
директорына _________________
(өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң
аты, тегi)
_____________________________
(көшесi, үй және пәтер N,

телефоны Өтініш

телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
_____________________________
жеке куәлiгiнiң N ___________
______________________ берген
ӘЖК _________________________
Қызмет түрі _________________
Өтініш
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды
өтiнемiн.
Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.
Өтінішке белгіленген үлгідегi _________________құжаттарды қоса
беріп отырмын.
Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде
хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны
үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім.
200 __ ж. "___"_______________          ______________________
(өтiнiш иесінiң қолы)
Құжаттар қабылданды
200 __ ж. "___"______ ________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т.
және қолы)
_________
|_________| Отбасының тiркелу нөмiрi
--------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде
хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны
үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм
Өтiнiш иесiнің қолы ___________________
Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____
дана, отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші
200 __ жылғы "___"_____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы_________
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
3-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі _______________________
Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
______________________________    _________________________________
(өтініш иесінің А.Ә.Т.)                 (мекен-жайы, тел.)
N
От­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің
А.Ә.Т.
Өті­ніш ие­сіне
туы­стық жа­қынды­ғы
Ту­ған жы­лы
Өтініш иесінің қолы _________              Күні ____________
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
4-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200__ жылғы ___ тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер
____________________________   _______________________________
(А.Ә.Т.)                   (мекен-жайы, телефон)
N№
От­ба­сы
мү­ше­ле-
рі­нің
Т.Ә.А.
Жұ­мыс оқу ор­ны
(жұ­мыс­сыздар жұ­мыспен
қам­ту жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның
анық­та­ма­сы мен
тір­кел­ген фак­ті­сін
рас­тай­ды)
Құ­жат­тар мен рас­тал­ған та­быст­ар со­ма­сы
ең­бек
қыз­ме­ті­нен
зей­не­та­қы,
жәр­де­ма­қы
кестенің жалғасы
Бас­қа да мә­лім­дел­ген та­быст­ар
кә­сіп­кер­лік
қыз­мет­тен
шәкір­та­қы
али­мент­тер
та­быст­ың
өзге түр­ле­рі
Өтініш иесінің қолы ___________________
Күні __________________________________
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол
же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің
нор­ма­тив­тік
мәні
Көр­сет­кіш­тің
ке­ле­сі жыл­да-
ғы ны­са­на­лы
мәні
Көр­сет­кіш­тің
есеп­ті жыл-
да­ғы ағым-
да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар­ды
тап­сыр­ған сәт­тен
ба­стап бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қыз­мет­ті
ұсы­ну оқи­ға­ла­ры­ның
% (үле­сі)
90
95
100
1.2. қыз­мет алу­ды
ке­зек­те 40 ми­нут-
тан ас­пай­тын уа­қыт
күт­кен тұ­ты­ну­шы-
лар­дың % (үле­сі)
100
100
100
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті
ұсы­ну үде­рі­сі­нің
са­па­сы­на қа­на­ғат-
тан­ған тұ­ты­ну­шы-
лар­дың % (үле­сі)
95
100
100
2.2. құ­жат­тар­ды
ла­у­а­зым­ды тұл­ға
дұ­рыс ре­сім­де­ген
жағ­дай­дың (жүр­гі-
зі­л­ген тө­лем­дер,
есеп ай­ы­ры­су­лар
және т.б.) %
(үле­сі)
100
100
100
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет­ті ұсы-
ну тәр­ті­бі ту­ра­лы
са­па­ға және ақ­па-
рат­қа қа­на­ғат­тан-
ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
% (үле­сі)
90
95
99
3.2. тұ­ты­ну­шы
құ­жат­тар­ды дұ­рыс
тол­тыр­ған және
бі­рін­ші рет­тен
тап­сыр­ған оқи­ға-
лар­дың % (үле­сі)
90
90
80
3.3. Ин­тер­нет
ар­қы­лы қол же­тім-
ді қыз­мет­те­рі­нің
ақ­па­рат % (үле­сі)
100
100
100
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы
тү­рі бой­ын­ша қыз-
мет көр­се­ті­л­ген
тұ­ты­ну­шы­лар­дың
жал­пы са­ны­на
негіз­дел­ген ша­ғым-
дар­дың % (үле­сі)
0,5
0,3
0,01
4.2. бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қа­рал­ған
және қа­на­ғат­тан­ды-
ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың %
(үле­сі)
100
100
100
4.3. ша­ғым­да­ну­дың
қол­да­ны­с­та­ғы тәр-
ті­біне қа­на­ғат­тан-
ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
% (үле­сі)
100
100
100
4.4. ша­ғым­да­ну
мер­зі­міне қа­на­ғат-
тан­ған тұ­ты­ну­шы-
лар­дың % (үле­сі)
100
100
100
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер-
дің сы­пай­ы­лы­ғы­на
қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
90
95
99
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
6-қосымша
Астана қаласының _________________ ауданы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және/немесе он сегіз
жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін
ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға адамдардың (отбасылардың)
материалдық жағдайына тексеру жүргізу бойынша учаскелік комиссияның
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
200__ жылғы "___" ___________N _____
Учаскелiк комиссия өтiнiш берушiнiң берген құжаттарын қарап,
_______ адамнан тұратын отбасы
_________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
_________________________________________________________________
(атаулы әлеуметтiк көмектi және/немесе балаларға жәрдемақы қажет
етедi немесе қажет етпейдi) жөнінде қорытынды шығарады.
Төрағасы: _____________________________
Комиссия мүшелерi: 1. _________________

2 2. _________________

3 3. _________________

4 4. _________________

Қолданыстағы