Қолданыстағы ред. 12.03.2008 (Редакция 38666_346203.kaz)

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 12.03.2008 г. № 62 (Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)

0

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына және Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «2006-2008 жылдарға арналған Меңдіқара ауданның халқын жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасы туралы» шешіміне сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тізбеге сәйкес халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (қосымша).

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдар басшыларына халықтың нысаналы топтарына қарайтын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін көздеуге және бұдан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен оқу орындарының түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.

3

3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 48 «Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-58, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2007 жылғы 22 наурызда № 13 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6. Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі

Әкімдіктің
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 63 қаулысына қосымша
Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі
Р/с №
Ұйымнын атауы
Тіркелген күні
1
Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Меңдіқара ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көмек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2006 жылғы 26.01.
66-1937-03-МК
2
«Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2006 жылғы 30.03.
97-1937-03-МК
3
«Агрофирма «Боровское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2005 жылғы 21.01. 35-1937-03-ЖШС
4
«АПК Казагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2003 жылғы 01.08. 6967-1937-03-ЖШС
5
«ПК «Вита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2004 жылғы 12.12. 10-1937-03-ЖШС