О состоянии и мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О состоянии и мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах области
- Атауы (қаз.)
- Облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы мен шаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 05.04.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.04.1999 3868_257808.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99N000099_
- ЭКБ идентификаторы
- 3868
- Редакция идентификаторы
- 3868_257808
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:15
0 Облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы мен шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
Облыстың су айдындарында адамдардың өмірін қорғау жөніндегі қабылданатын шараларға қарамастан суда болатын бақытсыз оқиғалардың саны жоғары болып отыр және соңғы үш жылда оның саны 317 адам болды (1996 жылы-101 адам, 1997 жылы -92 адам, 1998 жылы-124 адам), оның ішінде 80-і балалар мен жас өспірімдер. Адамдардың суда өлуінің басты себебі демалыс орындары және жабдықталған жағажайлар санының жеткіліксіздігі, судағы ортамен араласу мәдениетінің төмендіғі, адамдардың жүзи білмеушілігі болып табылады.
Облыстың су айдындарында азаматтардың денсаулығын және өмірін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШТIМ:
1. Қалалар мен аудандар әкімдері:
- облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарасын және нақты шаралар қабылдасын;
- суда адамдардың өмірін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырудағы міндеттерді әкім аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі және азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын қызметкеріне жүктесін;
- облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 20 қарашадағы шешімімен бекітілген Қостанай облысының су айдындарында Азаматтардың қауіпсіздігі ережелерін ұйымдастыруда және насихаттауда, облыстың су айдындарында адамдардың өмірін қорғауды қамтамасыз етуде, облыстық суда құтқару қызметінің орталығына көмек көрсетсін;
- су айдындарын және суда адамдардың жаппай демалатын учаскелерін су айдындары мен демалыс орындары иелерінің есебінең құтқару құралдарымен жабдықтасын;
- дамуға және суға түсетін жерлер үшін бөлінген , жағалауға жақын учаскелер табанына суда құтқару қызметі тексеру жүргізбейінше, демалыс орындарын, қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін ашуға жол бермесін.
2. Облыстық білім департаменті (Г.Г. Шек) суда балалардың жарақат алуын ескерту үшін мектеп жасына дейінгі мекемелерде, мектептерде, гимназияларда, колледждерде оның алдын алу жұмыстарын жандандырсын. 1-11 сынып оқушыларымен "Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері" бағдарламасы бойынша откізілетін сабақтардың тиімділігін арттырсын.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) көпшіліктің суға шомылу орындарында бақытсыз жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету үшін облыстың қалалары мен аудандарында санитарлық жасақтарды даярлауды және олардың кезекшілігін ұйымдастырсын.
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Р.Х. Өзбекғалиев) суға шомылу маусымы кезінде көпшіліктің суға шомылу орындарындағы жағажайларда тәртіп сақтауды қамтамасыз етсін.
5. Облтелерадиокомпанияға (Қ.Т. Орманов), облыстық "Қостанай таңы" (Ғ.Ғ. Ахметчин), "Костанайские новости" (С.В. Харченко) газеттерінің редакцияларына, қалалық, аудандық және көп тиражды газеттерге облыстық суда құтқару қызметі орталығының облыс су айдындарындағы жағдайлар және судағы бақытсыз жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы, сондай-ақ Қостанай облысының су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін насихаттаушы материалдарды жүйелі түрде көрсетіп тұру ұсынылсын.