О проведении государственных закупок образовательных услуг в г. Алматы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында білімдік қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 № 5/778 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 " Тауарларды , жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" және 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 " Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" қаулыларына сәйкес және Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 59 шешімімен бекітілген жергілікті қалалық бюджетінен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламаларына және мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарына сәйкес Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының жергілікті бюджетінен 1999 жылында қаржыландырылатын: "Жергілікті деңгейде арнаулы орта оқу орындарында кадрларды даярлауға" арналған 8 бағдарламасының (1 қосымша); "Жергілікті деңгейде кадрларды қайта даярлауға" арналған 11 бағдарламаның "Мемлекеттік мекемелерінің кадрларын қайта даярлауға" арналған 6 кіші бағдарламасының (2 қосымша); "Жергілікті деңгейде орта базалық білім беру жүйесін ақпараттандыруға" арналған 32 бағдарламасының (3 қосымша) мемлекеттік тапсырыс арқылы қамтамасыз ететін ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық білім басқармасы осы көрсетіліп отырған бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындау жөніндегі мемлекеттік тапсырыстың мекеме-әкімшісі болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Қалалық білім басқармасы (Қарымсақов Т.У.) конкурстың мекеме- әкімшісі және ұйымдастырушысы ретінде: - қала Әкімі аппаратының және қалалық қаржы басқармасының өкілдерінің қатысуымен көрсетілген бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) арналған 1999 жылғы мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру үшін конкурстық комиссияның құрамын белгілесін; - мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруын Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңына және бекітілген Ережелерге сәйкес өткізсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Ж. Ыбраевтың жауапкершілігіне жүктелсін.
Басқа 5. ЕРЕЖЕ
Алматы қаласының Әкімінің 1999 жылғы 22 маусымдағы № 562 шешіміне № 1 қосымша Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен 1999 жылы орындалатын орта арнаулы оқу орындарында кадрларды даярлаудың мемлекеттік тапсырысы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ереже "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысын іске асыру үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен орындалатын "Білім беру" саласының 4-ші функционалдық тобының "Жергілікті деңгейде орта арнаулы оқу орындарында кадрларды даярлау" туралы N 8 бағдарламасын іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 59 шешімімен осы бағдарламаның мекеме-әкімшісі болып бекітілген Алматы қалалық білім басқармасы белгілейді.
Тармақ 3
3. Орта арнаулы білімді мамандарды даярлау бағдарламасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы "Білім туралы" заңына және білім мен кадрларды даярлау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделеді және Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға бағытталады.
Тармақ 4. ІІ. Бағдарламаның мазмұны
4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша орта арнаулы оқу орындарына конкурстық негізде қабылданған азаматтарға мемлекет білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары шеңберінде оқыту қызметі бойынша қаланың жергілікті бюджетінен қаражаттандырылу есебінен ақы төлеуге кепілдік береді. ІІ. Бағдарламаның мазмұны
Тармақ 1
1. Алматы қаласының орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандарды даярлаудың негізгі міндеті қала аумағына орналасқан мемлекеттік мекемелердегі, мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардағы (кем дегенде 65 % мемлекеттік акциясы бар) орта арнаулы білімді кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру.
Тармақ 2
2. Қалалық білім басқармасы осы бағдарламаға мекеме-әкімшісі ретінде көзделген қаражаттың жылдық орта құны есебінен Алматы қаласының орта арнаулы білімді мамандарын және республикаға қажетті кейбір зәру мамандықтар бойынша оқитын өтпелі контингентін сұранысқа байланысты мамандықтар мен дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырысты анықтайды. Бұл үшін қаланың әлеуметтік, экономикалық табиғи және басқа да ерекшеліктері, оқу орындары - колледждерінің қалыптасқан ғылыми, оқу және әдістемелік мүмкіндіктері ескеріледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандарды даярлаудың шығыстарын жоспарлау мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан оқушылардың жылдық орта контингентіне байланысты шығын түрлері бойынша, сондай-ақ шығыстардың жекелеген түрлерінің нормалары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Оқушылардың жылдық орта контингентінің саны:
Тармақша 1
1) қабылдау жоспары бойынша мемлекеттік колледждердің 1.01.99 ж. дейін оқуға қабылданғандардың қалған санына;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тапсырыс бойынша (1999 жылдың 1.09-нан бастап) педагогтік мамандықтарға жаңадан қабылдаулардың санына;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырыстар бойынша басқа мамандықтарға жаңадан қабылдаулардың санына байланысты есептеледі.
Тармақ 5
5. Орта арнаулы білімді мамандарды даярлаудың мемлекеттік тапсырысы шеңберіндегі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін шығындарының тізбесіне мыналар кіреді;
Тармақша 1
1) педагогтік, соның ішінде жаттықтырушылық-оқытушылық құрамының, қосалқы оқу, әкімшілік қызмет көрсететін және басқа да қызметкерлердің жалақысын төлеу және жұмыс берушілердің міндетті түрде ақша аударулары;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысатын қызметкерлердің еңбегі мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегін төлеу тәртібін реттейтін тиісті нормативтік актілер негізінде жүзеге асырылады. Орта арнаулы оқу орындарында оқу жұмыстарын жүргізу үшін штаттағы педагогтік және жаттықтырушылық-оқытушылық құрамынан басқада жоғары білікті мамандар сағатына төлеу шартымен тартылуы мүмкін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырыспен оқытудың күндізгі нысаны бойынша тиісті заңдармен нормативтік актілерде көзделген тәртіп пен мөлшерде оқып жатқан оқушыларға стипендия төлеу;
Тармақша 4
4) коммуналдық қызмет көрсетуге, көлікке, байланыстарға, ғимараттарды ұстау қызметіне байланысты шығыстар;
Тармақша 5
5) оқушылардың жекелеген санаттары (жетімдер, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар) үшін азық-түлік алу. Тамақ шығыны оқушылардың тиісті контингентіне нормативтердің белгіленген, бекітілген тәртібі бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) жұмсақ керек-жарақтар мен спорт киімдерін алу;
Тармақша 7
7) жаттығулар үшін спорт базалары мен ғимараттарынан орын, керек- жарақ пен құрал-жабдық жалдау;
Тармақша 8
8) құрал-жабдықтар, жұмсақ және қатты керек-жарақ алуға жұмсалатын шығын көлемі қолда бар керек-жарақ пен құрал-жабдықты және олардың тозуын ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқандардың контингенті арқылы айқындалады;
Тармақша 9
9) үйлерді, ғимараттарды, негізгі құрал-жабдықтарды күрделі жөндеу шығыстары;
Тармақша 10
10) орта арнаулы білімнің ғылыми-әдістемелік базасын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу шығыстары;
Тармақша 11
11) Алматы қаласының мемлекеттік колледждеріне 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін оқуға қабылданған оқушыларының ішінен орта арнаулы білімді мамандар даярлаудың шығыстары;
Тармақша 12
12) міндетті жалпы білім стандартын ұсыну жөніндегі шығыстар;
Тармақша 13
13) мүгедектер, жетімдер және аз қамсыздандырылған отбасы балалары ішінен орта арнаулы білімді мамандар даярлаудың шығыстары;
Тармақша 14. ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
14) мемлекеттік тілде орта арнаулы білім мен мамандарды даярлауға кеткен шығыстар. ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Тармақ 1
1. Жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырыстың орналастырылуы мемлекеттік сатып алулар туралы қолданыстағы заңға сәйкес келісім шарт (контракт) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Орта арнаулы оқу орындарындағы кадрларды даярлауды Білім басқармасы мемлекеттік аттестациядан өткен мемлекеттік тапсырысты сапалы орындау үшін техникалық және біліктілік мүмкіндіктері бар орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде) орналастырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру (мемлекеттік тапсырысты орналастыру) әдісін таңдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" N 1268 қаулысына сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тапсырыс басымдылық тәртібімен педагогтік мамандықтар бойынша кадрларды даярлау стандартын жүзеге асыруға орналастырылады.
Тармақ 6
6. Орта арнаулы оқу орындары арасында тендер өткізу барысында ескерілген негізгі өлшемдер мыналар:
Тармақша 1
1) оқытушылар кадрларының сапалық құрамы (штаттық оқытушылар үлесiн есептей отырып);
Тармақша 2
2) оқушылардың үлгерiмi, үлгерiмнiң сапалық сипаттамасы;
Тармақша 3
3) Мемлекеттiк емтихан комиссиясының нәтижесi;
Тармақша 4
4) колледж оқушыларының олимпиядалар мен конкурстарда алған жүлделi орындарының саны;
Тармақша 5
5) оқу алаңдарымен қамтамасыз етiлуi;
Тармақша 6
6) бiр оқушыға есептегендегi колледж кiтапханасының оқу және ғылыми әдебиеттерiнiң кiтап қоры;
Тармақша 7
7) оқушылардың оқу залдарында орынмен қамтамасыз етiлуi;
Тармақша 8
8) мамандықтар бойынша лабораториялар мен кабинеттердiң болуы, олардың жағдайы мен жабдықтандырылуы;
Тармақша 9
9) берiлген мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларына колледждiң оқу материалдық базасының, ғылыми-әдiстемелiк қамтылуының сәйкес болуы;
Тармақша 10
10) компьютерлендiру деңгейi;
Тармақша 11
11) мемлекеттiк мекемелерiндегi, мемлекеттiк кәсiпорындарындағы, акционерлiк қоғамдарындағы (акцияның кем дегенде 65% мемлекеттiк пакетiне ие) кадрлар қажеттiлiгiн растайтын орта арнаулы бiлiмдi мамандарды даярлауға келiсiм шарттардың болуы;
Тармақша 12
12) мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан бiтiрушiлердiң үлесi;
Тармақша 13
13) колледжде әлеуметтiк ауқымдағы объектiлердiң: асхананың (буфеттiң) дәрiгерлiк пункттiң, актiлiк, спорттық залдарының болуы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға қатысатын ұйымдар қалалық бiлiм басқармасына:
Тармақша 1
1) лицензия мен лицензиялық карточкасының көшiрмесiмен бiрге өтiнiшiн;
Тармақша 2
2) орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi, олардың орындалу мерзiмi туралы ақпаратын;
Тармақша 3
3) тапсырысты орындаушының бiлiктiлiк мүмкiндiктерiн растайтын (ҚББ-ның сараптама комиссиясының қорытындысы мен қоса) құжаттарын;
Тармақша 4
4) iстейтiн жұмыстар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар сметасын, сондай-ақ белгiленген нысандағы есептеулердi тапсырады.
Тармақ 8
8. Қалалық бiлiм басқармасы әр мамандық бойынша немесе әр бағыт бойынша жеңiмпаздарды анықтайтын конкурстық комиссия құрады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк тапсырыстың жеңiмпаз ұйымы белгiленген мерзiмде мекеме-әкiмшiсiмен келiсiм шарт жасайды және мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға жоспарланған қаражатты есептей отырып, өзiнiң қаржы балансын үйлестiредi.
Тармақ 10
10. Қалалық бiлiм басқармасы келiсiм шартқа сәйкес өтiп бара жатқан жылға бағдарламаға бөлiнген қаражат мөлшерiнде қаржыландырылу мәселесiн шешедi.
Тармақ 11
11. Мемлекеттiк тапсырыс Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы "Мемлекеттiк тапсырысты жергiлiктi бюджеттi" қаражаты есебiнен қаржыландырылу жөнiндегi уақытша тәртiбi туралы" N 293 шешiмiмен бекiтiлген деңгейiнде орналастырылады және қаржыландырылады.
Басқа 61. ЕРЕЖЕ
Алматы қаласының Әкімінің 1999 жылғы 22 маусымдағы N 562 шешіміне N 2 қосымша Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен 1999 жылы орындалатын мемлекеттік мекемелердің мамандарын қайта даярлау тапсырысы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ереже "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысын іске асыру үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен орындалатын "Білім беру" саласының 4-ші функционалдық тобының "Мамандарды жергілікті деңгейде қайта даярлау" 11-ші бағдарламасының 6-шы "Мемлекеттік мекемелердің мамандарын қайта даярлау" кіші бағдарламасы іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты әкімші-мекемесі болып бекітілген Алматы қалалық білім басқармасы белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы кіші бағдарлама Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына және Қазақстан Республикасымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт Министрлігінің басқа да нормативті актілеріне сүйенеді және Алматы қаласының аймақтық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.
Тармақ 4. ІІ. Бағдарлама мазмұны
4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім көтеру мен қайта даярлаудан өткен адамдарға мемлекет қаланың жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен тағайындалған тәртіп бойынша ақы төлеуге кепілдік береді. ІІ. Бағдарлама мазмұны
Тармақ 1
1. Мамандардың білімін көтеру және қайта даярлау, қала аумағындағы білім беру саласында мемлекеттік саясатты орындау мақсатында жүзеге асырылатын мамандардың кәсіби білімін және дағдыларын жетілдіретін қосымша кәсіби білім берудің негізгі формалары болып табылады.
Тармақ 2
2. Бағдарлама Алматы қалалық білім басқармасы бекіткен негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) барлық деңгейдегі білім мекемелері мамандарының білімін көтеру және қайта даярлау;
Тармақша 2
2) Алматы қаласы орта білім беру жүйесінің педагогикалық мониторингі;
Тармақша 3
3) инновациялық педагогикалық тәжірибені, психологиялық- педагогикалық ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, жалпылау және игеру;
Тармақша 4
4) Алматы қаласының білім беру және аймақтық орта білім беру жүйесін ұйымдастыруды дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік, зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жетекшілік жасау;
Тармақша 5
5) педагогтар мен оқушыларға оқу-әдістемелік құралдар жасау болып табылатын курстық және курсаралық шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қалалық білім басқармасы бағдарламаның әкімші-мекемесі ретінде мамандар білімін көтеру және қайта даярлауға 1999 жылғы мемлекеттік тапсырысты Алматы қаласының ілім беру мекемелері педагог кадрларының қосымша кәсіби білімге сұранысына және 1999 жылғы қала бюджетінде осы мақсатқа көзделген қаражатына байланысты анықтайды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандар білімін көтеру және қайта даярлау үшін шығысты жоспарлау, өткізілген курстардың және курсаралық шаралардың жылдық орта санына, оқу-әдістемелік және ғылыми- практикалық жұмыс бойынша жоспарланғанын олардың ұзақтығымен курстардың тыңдаушыларының санын ескере отырып, қажетті шығындардың жекелеген түрлеріне (еңбекақы төлеу, коммуналдық қызмет, көлік байланыс, ғимарат қызметі, жабдықтау, жаңа жабдық, инвентарлар алу, жөндеу жүргізу бойынша қызмет т.с.с.) тағайындалған шығыс нормалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5. ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
5. Мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысушы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу тәртібін реттеп отыратын нормативті актілер негізінде жүзеге асырылады. Есептеу принциптері: курстың бір тыңдаушысын дайындау бағасы. ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырыс берілген бағдарламасы бойынша, басым жағдайда, қалалық педагог мамандардың білімін көтеру және қайта даярлау институтында орналастырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 10 желтоқсандағы N 1268-ші "Товарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына сәйкес анықталады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырысты мекемелерге орналастыру барысында:
Тармақша 1
1) мамандардың сапалық құрамы;
Тармақша 2
2) материалды-техникалық база (кабинеттер саны, олардың жабдықтармен, көрнекі құралдармен, компьютерлермен, т.б.) нормативті жарақтандырылуы ескеріледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысушы мекемелер қалалық білім басқармасына сұраныс жасайды және мынадай құжаттарын тапсырады: лицензиясы мен лицензия карточкасының көшірмесі, орындалатын жұмыс көлемі, олардың орындалу мерзімі, осы жұмысты атқаруға шығыс сметасы, сонымен бірге тағайындалған формадағы басқа да есептеулер.
Тармақ 6
6. Қалалық білім басқармасы мемлекеттік тапсырысты орындаушыларды анықтау мақсатында конкурстық комиссия құрады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған мекеме әкімшілік - мекемесімен белгіленген мерзімде келісім шарт (контракт) жасасады.
Тармақ 8
8. Қалалық білім басқармасы берілген бағдарлама бойынша ағымдағы қаржы жылына, мемлекеттік тапсырысты жеңіп алушы - мекемеге келісім-шартта көрсетілгендей мөлшерде қаражат бөледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру және қаржыландыру Алматы қаласы Әкімінің "Мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылудың уақытша тәртібін бекіту туралы" 25 наурыздағы 1999 жылғы N 293-ші шешіміне және қалалық білімі басқармасының осы мәселе бойынша 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 61-ші бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 88. ЕРЕЖЕСI
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы Алматы қаласының жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен орындалатын Алматы қаласының орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру бағдарламасын iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысының ЕРЕЖЕСI І. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ереже "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережелердi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N№1314 қаулысын iске асыру үшiн әзiрленген.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен орындалатын "Бiлiм беру" саласының 4-шi функционалдық тобының "Жергiлiктi деңгейде орта базалық бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруға" арналған N№32 бағдарламасын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк тапсырысты бағдарламаның әкiмшiсi - Алматы қалалық бiлiм басқармасы белгiлейдi.
Тармақ 3
3. "Жергiлiктi деңгейде орта базалық бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруға" арналған N№32 бағдарламасы Алматы қаласы Әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламасы " негiзiнде 1998 жылғы 5 ақпандағы қабылдаған "Алматы қаласының орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру туралы" N 75 шешiмiне сәйкес әзiрленген және төмендегi өзектi мәселелердi шешуге арналған:
Тармақша 1
1) орта бiлiм саласының дамуын мемлекеттiк стратегияға сәйкес сүйемелдейтiн және iске асыратын бағдарламаларды жасау;
Тармақша 2
2) әлемдiк ақпараттық-бiлiм беру кеңiстiгiне ену мақсатымен кәзiргi орта бiлiм беру сапасын жаңарту;
Тармақша 3. ІI. Бағдарламаның мазмұны
3) Алматы қаласы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруға арналған iс-тәжiрибе шаралардың кешенiн анықтау және оларды iске асыру жолдарын белгiлеу. ІI. Бағдарламаның мазмұны
Тармақ 1
1. Аймақтық "Жергiлiктi деңгейде орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру" бағдарламасы бойынша орындалатын мемлекеттiк тапсырыс төменгi iс-әрекеттерге (жұмыс түрлерiне) бөлiнедi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылға арналған "Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру" бағдарламасы бойынша Алматы қаласының бiлiм мекемелерiне М1, М2, М3, М4 модульдерiне сәйкес келiп түсетiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының сапасын тексеру және техникалық iлеспе жұмыстарын жүргiзу;
Тармақша 2
2) лицензияланатын педагогикалық - бағдарламалау құралдарын жасау, иелiкке алу және бейiмделуге бағытталған кешендi бағдарламаны және нормативтiк құжаттарды әзiрлеу;
Тармақша 3
3) Алматы қаласының бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандыру iсiндегi педагогикалық-бағдарламалау құралдары бойынша жылдық көрмелердi, жәрмеңкелердi, ғылыми практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткiзу;
Тармақша 4
4) 7-11 сыныптар үшiн математикадан, физикадан, химиядан, информатикадан, биологиядан аймақтық стандарттарына сәйкес тексерме тапсырмалардың қоймасын жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) компьютерлiк базада 7-11 сыныптар үшiн математика, физика, информатика пәндерiнен оқыту-методикалық күнтiзбелiк жоспарларын әзiрлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) Жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ) негiзiнде сапа мөлшерiн өлшеу туралы аймақтық стандарттарды әзiрлеу;
Тармақша 7
7) Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) мектеп директоры, АЖО-оқу iсiнiң меңгерушiсi, АЖО-кадрлар деген АЖО-ларды жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) Орта бiлiм беру жүйесi үшiн мектептiң паспорты, кадрлары, оқутәрбие үдерiсi деген мәлiметтер қоймаларын жасау;
Тармақша 9
9) мектеп, аудан, қала деңгейiндегi беру басқарудың ақпараттық жүйесi (ОАЖБ) арнайы қамсыздандыру бағдарламаларын жасау;
Тармақша 10
10) "Алматыдағы орта бiлiм беру" мәлiметтер қоймасының iлеспе бағдарламаларын жасау;
Тармақша 11
11) оқу кинофильмдердiң қорын магниттiк таспаларға: бейне таспаларына және компьютерлiк СD-дискiлерге көшiру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) АЖО-директор; АЖО-оқу-әдiстемелiк жұмысының директордың орынбасары; АЖО-мамандар; математика, физика, информатика, химия, биология орта мектеп пәндерiн оқытуда жаңа технология қолдану - салаларында Алматы қаласының мектеп қызметкерлерi үшiн ЖАТ негiзiнде мамандарды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) математика, физика, информатика, химия, биология пәндерiнiң ерекше қиын тақырыптарын қолдайтын көрiнiстi компьютерлiк программаларды жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) физика, биология пәндерiнен виртуальды компьютерлiк лабораториялық жұмыстардың жасалуын ұйымдастыру.
Тармақ 2
2. "Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруға" арналған N№32 бағдарламаны 1999 жылы iске асыру жолындағы мемлекеттiк тапсырысты қажеттiлiкке байланысты, және осы мақсатқа 1999 жылғы бюджеттен бөлiнген қаржыландыруға қарай, әкiмшi-мекемесi ретiнде қалалық бiлiм басқармасы анықтайды.
Тармақ 3
3. Шығыстардың жоспарлануы, орындалатын жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн есепке алып және қажеттi шығындардың бөлек түрлерiнiң нормаларына қарай (еңбек ақысы, коммуналдық қызмет, көлiк, байланыс, ғимараттарға жабдықтарға қызмет көрсету, керек- жарақтарды, жабдықтарды сатып алу, жөндеу жүргiзу және т.б.) жасалынады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк тапсырысты орындаушылардың еңбек ақысы мемлекеттiк мекемелер жұмысшыларының еңбек ақысын реттейтiн нормативтiк актiлер бойынша жасалынады.
Тарау iii. III. Мемлекеттiк тапсырысты үлестiру
III. Мемлекеттiк тапсырысты үлестiру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тапсырыстың үлестiруi, тәртiптi түрiнде, конкурс негiзiнде iске асырылады.
Тармақ 2
2. Осы бағдарлама бойынша жасалынатын мемлекеттiк тапсырыс басымдық тәртiпте БСЖТҚО-ға берiледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк сатып алу әдiсiн таңдап алуы Қазақстан Республикасының 10.12.98 ж. "Товарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" N№1268 қаулысына сәйкес анықталады.
Тармақ 4
4. Конкурсқа (тендерге) қатысушыларға оқу басқармасы келесi негiзгi талаптарды ұсынады: - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң болуы; - мекеменiң осы бағдарламаға сәйкес жұмыс түрлерiнiң тiзiмi көрсетiлген жарғысы болуы; - өндiрiстiң материалдық-техникалық базасы, кадрлар құрамы және ұсынылатын жұмыстардың сапасы мемлекеттiк тапсырыс бойынша орындалатын жұмыстарға сәйкес болу қажет.
Тармақ 5
5. Жарысқа ұсынылатын өтiнiште келесi мәлiметтер көрсетiледi: - мемлекеттiк тiзiмдегi куәлiктiң көшiрмесi; - тапсырысты орындай алатын бiлiктiлiк қасиеттерiн растайтын құжаттар (1 қосымшаға сәйкес мәлiметтер); - орындалатын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң көлемi, техникалық және сапалық мiнездемесi, орындалуға тиiстi iлеспе қызметтер, жұмыстар және қызметтердiң орындау мерзiмi; - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiмен анықталатын әдiстеме және нысандары бойынша жұмыстың және қызмет көрсетуге кететiн шығыс сметасы, көрсетудiң есептесуi және экономикалық талдаудың әр тарауына кететiн шығындар (мемлекеттiк тапсырыс орындаушы мекеменiң қызметкерлерiне ақы төлеу тәртiбi нормативтi қаулыға сәйкес жасалуға тиiс).
Тармақ 6
6. Мөлшерi мол қаржыны қажет ететiн Алматы қаласының аймақтық ақпараттандыру бағдарламасының жұмыстары және көрсететiн қызметтерi, сәйкесiнше конкурстық жобалары ұсынылып, қалалық бiлiм басқармасында, қалалық қаржы басқармасында, Алматы қаласының әкiмшiлiгiнде қаралып бекiтiлген соң қаржыландырылады.
Тармақ 7
7. Қалалық бiлiм басқармасы ұсынылған құжаттарды тексерiп, қалыптасқан талаптарға сәйкес болатынын анықтайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк тапсырысты жеңiп алған мекеме, белгiленген мерзiмде, әкiмшi-мекемесiмен келiсiм-шарт жасайды.
Тармақ 9
9. Қалалық бiлiм басқармасы мемлекеттiк тапсырысты жеңiп алған мекемеге өтiп жатқан жылдың берiлген бағдарламасы бойынша жасалған келiсiм-шартпен шектелген қаржысын бөледi.
Тармақ 10. Ережеге қосымша
10. Мемлекеттiк тапсырысты үлестiру және қаржыландыру жұмысы осы мәселеге арналған "Жергiлiктi бюджетiнен қаражыландырылатын мемлекеттiк тапсырыстың уақытша тәртiбiн бекiту туралы" 25.03.99 ж. N 293 Алматы қаласы Әкiмінiң шешiмiмен жүзеге асырылады. Ережеге қосымша Жарыс - конкурсты жеңіп шыққан мекемелерді анықтау үшін арналған критерийлер тізімі
Тармақ 1
1. Жұмыс алаңдарына қойылатын санитарлық-гигиеналық нормативтерге лайық жекеменшік немесе жалға алынған әкімшілік-өндірістік бөлімдердің болуы.
Тармақ 2
2. Бағдарламаны іске асыра алатын арнаулы мамандықтар бойынша іріктелген кадрлардан құралған ұжымының болуы.
Тармақ 3
3. Бағдарламаны іске асыруға қажет жеткілікті материалдық-техникалық базаның болуы (компьютерлер, серверлер, құжаттарды көбейтуге арналған техникалық жабдықтар).
Тармақ 4
4. Мектеп пәндеріне арналған аудиовизуальдық және компьютерлік программаларының болуы.
Тармақ 5
5. Оқу процессін басқару және бақылауға арналған арнайы компьютерлік программаларымен методикалық сүйемелдеулердің болуы.
Тармақ 6
6. Орта білім санасына арналған проекттерді жасау, оларды іске асыру және ұйымдастыру жұмыстарынан белгілі тәжірибесі болуы.
Тармақ 7
7. Төмендегі бағыттарда жасалған жоспарлар мен сметалардың болуы: - мектеп, аудан және қала деңгейінде оқу процессін басқару және бақылау жүйесі; - орта білім саласының информациялық басқару жүйесі; - орта білімге арналған телекоммуникациялық корпоративтік торабы; - мектеп пәндері бойынша оқытуға арналған информациялық технологиялар.