Құжат мәтініне өту

Об отдельных видах социальной помощи социально-защищаемым категориям граждан

Қаулы · № 164 · қабылданған 28.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38716/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об отдельных видах социальной помощи социально-защищаемым категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 164 ·28.02.2008
12.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об отдельных видах социальной помощи социально-защищаемым категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 164 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об отдельных видах социальной помощи социально-защищаемым категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
164
Қабылданған күні
28.02.2008
Көрсетілген редакция
12.04.2010 38716_175674.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08M0002007
ЭКБ идентификаторы
38716
Редакция идентификаторы
38716_175674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:56

0 Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" , 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарының өмір сұру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің (бұдан әрі -Көмек) тізілімі, төлемдердің мерзімділігі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. 2 Қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. әбдірахмановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 164 қаулысына 1 қосымша
Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына
әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің тізілімі,
төлемдердің мерзімділігі
N
Әлеуметтік көмектің түрлері
А заматтардың санаттары
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
Мерзімділігі
1.
Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
1,5 АЕК
тоқсанына 1 рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар
1,5 АЕК
тоқсанына 1 рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар
1,5 АЕК
тоқсанына 1 рет
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері
1,5АЕК
тоқсанына 1 рет
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
1,5 АЕК
тоқсанына 1 рет
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
1,5 АЕК
тоқсанына 1 рет
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға)
1,5 АЕК
тоқсанына 1 рет
2
Әлеуметтік
көмек
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
1 АЕК
ай сайын
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар
1 АЕК
ай сайын
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар
1 АЕК
ай сайын
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері
1 АЕК
ай сайын
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
1 АЕК
ай сайын
Жалғызілікті зейнеткерлер
1 АЕК
ай сайын
3
Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға әлеуметтік көмек
Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балалар
5 АЕК
ай сайын
4
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мекемелері мен атаулы күндер құрметіне әлеуметтік көмек
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
30.000 теңге
Ұлы Жеңіс күніне
Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілер
25.000 теңге
Ұлы Жеңіс күніне
Ауғанстанда әскери қимылдарға қатысқан әскери қызметшілер
20.000 теңге
Ұлы Жеңіс күніне
Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан және Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар
20.000 теңге
Ұлы Жеңіс күніне
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері
3 АЕК
Ұлы Жеңіс күніне
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары
3 АЕК
Ұлы Жеңіс күніне
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары
2 АЕК
Ұлы Жеңіс күніне
Ұлы Отан соғысы жылдары жаңқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарімен марапатталған адамдар
3 АЕК
Ұлы Жеңіс күніне
1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жаңқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарімен марапатталған адамдар
2 АЕК
Ұлы Жеңіс күніне
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы
10 000 теңге
Ұлы Жеңіс күніне
70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер
2 АЕК
қарттар күніне
(1 қазан)
Барлық топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек - балалар
2 АЕК
Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі)
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға)
2 АЕК
Қазақстан Республикасының күніне (25 қазан)
Шартты қысқартулар:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш
АЭС - атомдық электр стансасы

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 164 қаулысына 2 қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің күшін жойған қаулыларының
Тізілімі

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 92 Маңғыстау облысына "Оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға берілетін бір жолғы көмекке 2006 жылғы облыстық бюджеттен аудан мен қалалардың бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1944 санымен тіркелген).

2 2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 118 "Қалалар мен аудандар бюджеттеріне 2006 жылға арналған облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1945 санымен тіркелген).

3 3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 65 "Қалалар мен аудандар бюджеттеріне 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1968 санымен тіркелген).

4

4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 66«Маңғыстау облысына "Оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға берілетін бір жолғы көмекке 2007 жылға облыстық бюджеттен аудан мен қалалардың бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы транферттерді пайдалану туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1967 санымен тіркелген).

5

5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 365 "Нанға және тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік-осал жіктерінің жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1984 санымен тіркелген).

Қолданыстағы