Қолданыстағы ред. 31.03.2008 (Редакция 38760_351969.kaz)

Жанбай селолық округі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы от 31.03.2008 г. № 46 (Жанбай селолық округі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы)

0

Жанбай селолық округі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2- тармағына және 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдері бекіту туралы» қаулысының 2-тарауының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жанбай селолық округінің орталығы-Жанбай тұрғындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттары арасында екі ай мерзімге карантиндік шектеу қойылсын.

2

2. Аудадық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (К. Құрасов келісім бойынша) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына (ит, мысық) «құтыру» ауыруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу және сапалы жүргізілетін бақылауға алып отыру ұсынылсын.

3

3. Аудандық емханаға (М. Жамалова – келісім бойынша), аудандық санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасы (Ө. Шакесова – келісім бойынша) ауру малдары бағып –күткен тұрғындарын дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу ұсынылсын.

4

4. Жанбай селолық округіне (Ә. Хайдаров) селолық округ аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін барлық бұралқы ит, мысықтарды жоюдың шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.

5

5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.

6

6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық аумақтық инспекциясының
бастығының міндетін атқарушы
М. Жагпаров
Аудандық емхана бас дәрігері:
М. Жамалова
Аудандық санитарлық-эпидимиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Ө. Шакесова