Құжат мәтініне өту

Об утверждении «Правил оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг»

Ереже · № С-7-4 · қабылданған 11.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38764/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении «Правил оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг» Күшін жойған Ереже ·№ С-7-4 ·11.03.2008
11.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении «Правил оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг»

Күшін жойған Ереже ·№ С-7-4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении «Правил оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг»
Атауы (қаз.)
«Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұратын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесін» бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-7-4
Қабылданған күні
11.03.2008
Көрсетілген редакция
11.03.2008 38764_331596.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BM000071
ЭКБ идентификаторы
38764
Редакция идентификаторы
38764_331596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:53

0 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұратын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесін» бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңды нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу Ережесі» туралы 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық кызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі бекітілсін.

2 2. Қосымшаға сәйкес кейбір аудандық мәслихат шешімдері күші жойылған деп танылсын.

3 3. Осы шешім Жақсы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен және ресми жарияланғаннан кейін күшке енеді.

4 Аудандық мәслихаттың кейбір күші жойылған шешімдер тізбесі

2008 жылғы 11 наурыздағы
№ С-7-4 аудандық мәслихат
шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың кейбір күші жойылған шешімдер тізбесі

1

1. Жақсы аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 30 қарашаның № ВС-33-3 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі туралы» (2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 1-13-41 Жақсы аудандық әділет басқармасында тіркелген, 2007 жылғы 13 қаңтардағы №3 «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі;

2

2. Жақсы аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 9 қазандағы № ВС-3-3 « Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 30 қарашадағы № ВС-33-3 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2007 жылғы 22 қазандағы № 1-13-58 Жақсы аудандық әділет басқармасында тіркелген, 2007 жылғы 3 қарашадағы № 46 «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі;

3

3. 2006 жылғы 30 қарашадағы № ВС-33-3 аудандық мәслихат шешімімен бекітілген Жақсы аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № С- 5-5 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылғы 17 қаңтардағы № 1-13-65 Жақсы аудандық әділет басқармасында тіркелген, 2008 жылғы 8 ақпандағы №5 «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі.

8 Жақсы аудандық мәслихаттың

2008 жылғы 11 наурызда
№ С-7-4 шешімімен БЕКІТІЛДІ
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Тұрғын үй көмегі-азаматтарға тұрғын үйді ұстаудағы (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынуды төлеудегі шығынның орынын толтыру.

Тұрғын үй көмегі әлеуметтік қорғаудың бір формасы болып табылады және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қарастырылған.

2

2. Тұрғын үй көмегі Жақсы ауданының аумағында тұратын. тұрғын үйі меншігінде немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) тұлғаның тұрғын үйді ұстаудағы төлемнің және коммуналдық қызметті тұтынудың шығыны отбасы бюджетінен бұл мақсатқа жұмсалатын шығыны мүмкін болатын шығынның үлес шегінен асып кетсе беріледі.
Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық кызметті тұтынуды төлеудің мүмкін болатын шектеулі үлесі отбасының жиынтық кірісінің 11 пайызы көлемінде белгіленеді.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну белгіленген үй көлемінің нормасынан артығын жалпыға бірдей жағдайда төленеді.

3 3. Өтемақы шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі бір адамға шаққанда 18 кв.метр.Жалғыз басты тұрып жатқан азаматтар үшін өтемақылық шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі 30 кв. метр, ал айда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем емес.

Электро қуатынан басқа нормативтік құжаттарға (Құрылыс нормасы және ережесі) келісімді көрсетілген ауқымнан артық емес, коммуналдық қызметті тұтынудың нормативі (сумен жабдықтау, газ, су құбыры, жылумен жабдықтау) нақты тұтынған шамамен белгіленеді.

4 4. Бір бірлікті үйі бар (пәтер, үй) тұлғалар немесе тұрғын жайды жалға алған (жалдауға) тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

Отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орынының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалар, күтімді қажет ететін мүгедектерге, сонымен қатар 3 жасқа дейінгі балаларға күтім көрсететіндерден басқалар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

5

5. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме болып анықталады, бюджеттік қаражатты бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме анықталады, жәрдемақыны беру бойынша уәкілетті ұйым Жақсы ауданының «Қазпошта» АҚ филиалы анықталды.

6

6. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде тұрғын үйдің кез келген жеке меншік формасының өзгергені туралы, отбасының құрамының және оның жиынтық табысының өзгергені туралы, сонымен қатар көмекті дұрыс есептелмеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органға хабарлауы керек.
Көмектің заңсыз және көтерме тағайындалуына әкеп соғатын алдын-ала дәл емес мәлімет берген жағдайда, меншік иесі (жалдаушы, жалға алушы) көмек тағайындаған сәттен алты ай ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй көмегі заңнамада көрсеткен ретпен қайтарылуға тиіс.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу

7 7. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады, есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, отбасы кірісі және коммуналдық қызмет шығыны (жылу шығынынан басқасы) өткен тоқсанға есептеледі, ал жылу шығынына төлеудің нақты әрі қарай қайта есептеуін есепке ала отырып жоспарлы есеп алынады.

Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
Тұрғын үй көмегін алғаш өтініш берген тұлғаға-өтініш берген айдан бастап, көмек алуға бұрын есепте тұрса-егер ағымдағы тоқсанда өтініш берсе, ағымдағы тоқсанда да тағайындалады.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық кызметке, отбасы кірісінің өзгеруі, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үйлік көмекке қайта есептеу жүргізіледі.

8 8. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің (жалдаушы, жалға алушы) өтінішіне негізделе және оған төмендегідей құжаттар тіркелген жағдайда тағайындалады:

1 1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

2 2) алынып тасталды;

3 3) өтініш берушінің отбасы құрамын растайтын және отбасының тұрғылықты жерден құжаты, жер учаскесі туралы және жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер;

4 4) пәтерге құқық беретін құжаттар (техникалық паспорт, жекешелендіру шарты, сатып алу, ауыстыру, жалдау және т.б.);

5 5) Отбасы мүшелерінің кірісін растайтын құжаттар;

6 6) Коммуналдық қызметті төлеу туралы түбіртек (шот);

7 7) 1 қосымшаға келісімді тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті төлеудің шығыны туралы мәлімет;

Тұрғын үй көмегін көмекті тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тағайындайды, орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде қарайды және 2 қосымшаға келісімді тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім шығарады немесе 3 қосымшаға келісімді көмекті тағайындаудан бас тартады.
Тұрғын үйді тағайындау мен төлеудің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге үш күн ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды

9 9. Ақпараттың сенімділігіне күмән келген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеудің уәкілетті органы тексеру жүргізуге уәкілетті органға өтініш білдіруге құқылы.

10

10. Тұрғын үй көмегінің көлемі жеке меншік иесінің (жалдаушы, жалға алушы) тұрғын үйді ұстап тұрғаны үшін және тұрғын үй көлемінің нормасы шеңберінде коммуналдық қызметті пайдалануымен, өтемақымен қамтамасыз ету шаралары мен аталған отбасының осы мақсатқа жұмсалатын нақты төлемдері мен шығыны көлеміндегі ара қатынасымен есептеледі.

11 11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді.Тұрғын үй көмегін тоқсанға (құқығы бар жағдайда), өтініш берген айдан кейінгі айға толық жүргізіледі.

Төлеуді осы мақсатқа аудан бюджетінен бөлінген қаржының есебінен азаматтардың шоттарына аудару арқылы тұрғын үй көмегін бөлу бойынша уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Төлем жәрдемақы төлеу бойынша уәкілетті ұйым арқылы аудандық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражаттың есебінен азаматтардың жинақтау шотына аудару жолымен тұрғын тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

2-1 2-1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

12 12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық кірісін есептеу кезінде (азаматтың) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден белгіленген уақыт ішінде ақшалай немесе заттай түрде алу көзінен тәуелсіз төмендегідей кіріс түрлері есептеледі:

1 1) еңбекақы түрінде алынған кірістер;

2 2) кәсіпкерліктен түскен кіріс;

3 3) мүліктік кіріс;

4

4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік жәрдемақылар, шәкіртақы әлеуметтік қолдаудың басқа түрі, тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмек, азқамсыздандырылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы, бала тууға байланысты берілетін мемлекеттік біржолғы жәрдемақы, ақшалай және заттай (бағасы) қайырымдылық көмектер, республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен көрсетілетін біржолғы және материалдық көмектер, сонымен катар жұмыс берушілердің есептік кезеңде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсеткен көмектер;

5 5) балаларға және басқа асырауындағы жандарға алатын алименттер;

6 6) мертігу және денсаулықтың бүлінуіне алған нұқсанды толықтыру ретінде алынған біржолғы сома;

7 7) ақшалай және заттай түріндегі ұтыстар;

8 8) жеке меншік қосалқы шаруашылықтан кіріс (үй жануарынан, үй іргесіндегі телімнен, бақшалық телімнен, саяжайдың кірісінен басқа).

9 9) азаматтардың тегін және жеңілдікпен протездеуге бару жолының ақысы;

10 10) азаматтарды протездеу кезінде ұстау;

11 11) емделуге тұрғылықты жерден тыс жерлерге баруға тегін немесе жеңілдікпен жолақысын төлеу;

12 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай көмек түрлері:

дәрілік препараттар;
шипажайлы-курорттық емделулер; ,
протезді-ортопедиялық өнімдер (дайындау және жөндеу);
емделу орнына дейін жеңілдікпен жету жолын;
қозғалу құралдары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген оңалтудың басқа құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру.

13 13. 12 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген кіріс түрлеріне жататындар:

1 1) еңбекақылардың барлық түрлері, сонымен қатар сыйақылар, қосымша және үстеме ақшалар;

2 2) Келісім шарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басқарушы құрамдарына, сонымен қатар оларға теңестірілген азаматтардың санатындағылардың үстемесін есептей отырып ақшалай жабдықтауы мен қосымша ақылары жатады.

14 14. кәсіпкерліктен түсетін кіріске жататындар:

1 1) өнімдерді сатқаннан түсетін кіріс (жұмыс, қызмет);

2 2) сатудан тыс операциялардан, соның ішінде: дивиденттер, қайтарусыз алынған ақшалай қаражаттар; жылжымайтын және мүліктерді жалға берілгеннен түсетін кірістер;

3 3) Фермелердің жиынтық кірісіне салық органына берілетін алған кірісі туралы декларацияда көрсетілген ауылшаруашылық өнімдерін сатудан нақты алған кірісі кіреді. Соның ішінде жылдық кіріс 12 айға бөлініп және оның сәйкес бөлігі анықталған кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа есептеледі.

4 4) сонымен қатар жиынтық кіріс есептелгенде шартты жер телімі мен мүліктік пайдаланым және пайдаланудағы алған кірістер есептеледі.

15 15. Жеке тұлғаның мүліктік кірісіне бағаның инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып сатудың өсу бағасы алынады:

1 1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүлік;

16 16. Жиынтық табыстың құрамына:

1

1) зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және белгіленген заңнама ретімен және басқа да нормативтік құқықтық кесімдермен, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және жұмыс берушілердің шешімімен тағайындалатын өтемақы төлемдердің барлық түрлері кіреді;

2 2) төлеу көзінен тәуелсіз студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының оқушылары мен тыңдаушыларына төленетін шәкіртақылар;

3 3) уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша (соның ішінде бала күтімі бойынша); жүктілігі және тууына байланысты жәрдемақылар;

4 4) үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

5 5) Республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен, сонымен катар жұмыс берушілердің есебінен көрсетілген біржолғы төлемдер және материалдық көмектер.

17 17. Жиынтық табыстың құрамына балаларға және басқа асырауындағы жандарға алған алименттер кіреді:

1 1) Алынған алименттер отбасының жиынтық табысына тиесілі және есептелген уақыт бойынша есептеледі. Алимент төлеушінің еңбекақысының қайта есептелуіне байланысты алынған алименттің қосымша сомалары қарыз есептегенде есептеген уақыты бойынша есепке алынады.

2 2) егер анасынан (әкесінен) алиментті өндіру сот шешімімен бас тартылса, онда ерлі-зайыпты арасындағы неке бұзылып, бірақ анасы (әкесі) алимент алмаған болса, жиынтық табыс сот шешімінің көшірмесін беру бойынша алиментті есепке алмастан есептеледі;

3 3) ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылмаса, бірақ жәрдемақы тағайындауға өтініш берген кезеңде;

4 4) әкесінен (анасынан) алимент өндіру туралы шешім шығарылған болса, отбасының жиынтық табысын анықтағанда әкесінің (балалардың) өткен кезеңдегі кірісі есепке алынады.

18 18. Жиынтық табыстың құрамына заңнамада белгіленген көлемде өндірістік жарақаттың эсерінен еңбекке жарамдылығын жоғалту,өзінің еңбек міндетін атқару кезінде жүмысшыға денсаулығына зиян келтіруге байланысты жұмыс берушілермен жүзеге асырлатын біржолғы төлемдер және басқа да шығындар кіреді.

19 19. Отбасының жиынтық табысына жекеменшік қосалқы шаруашылықтан, соның ішінде үй жануарынан, үй іргесіндегі, бақшалық телімдерден кірістер жатады Отбасының бір тоқсандағы жиынтық табысында есептелетін кірістің көлемі айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген көлемі есепке алынады.

20 20. Отбасының жиынтық табысы жәрдемақыға өтініш беру алдындағы тоқсандағы (бірі күнінен бастап бірі күніне дейін) отбасы құрамында есепке алынған барлық жанның кірісін қосу жолымен есептеледі.

21 21. Отбасының тоқсандағы жан басына шаққандағы орта айлық кірісі отбасының жиынтық табысын әрбір отбасы мүшесіне және тоқсандағы айлардың күндеріне бөлу арқылы есептеледі.

22

22. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есептік айда отбасы құрамында өзгеріс болған жағдайда келген (кеткен) отбасы мүшесінің кірісі келген айдан бастап есепке алынады (есепке алынбайды). Отбасы мүшесінің біреуі түзеу мекемесінде немесе мәжбүрлеп емделуге жіберілсе отбасының жиынтық табысы кеткен (келген) сәтке дейінгі табысы есепке алынады. Бірақ көрсетілген отбасы мүшесінен алынатын алименттер және басқа сомалар осы тұлғалар отбасында көрсетілген себепті толық кезең ішінде болмаған жағдайда, онда олардың кірісі отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынбайды.

23 23. Егер отбасы мүшесінің бірі кірісі есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, оның еңбекақысы осы тоқсан ішіндегі айға есептеледі, ал жанбасына шаққандағы кіріс жалпы еңбекақыны және басқа кірісті тоқсан ішінде ай күндеріне бөлу жолымен анықталады.

24

24. Шетелде жұмыс істейтін отбасы құрамына кіретін тұлғаның жиынтық табысына еңбекақысы ұлттық, сонымен қатар шетел валютасында есепке алынады, жиынтық табысты анықтау сәтінде шетел валютасында алынған кіріс Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен анықталған курс бойынша ұлттық валютада кайта есептеледі.

25 25. Авторлық қаламақы (шарт жасалмаған болса), сонымен қатар жаңалық ашу, рационализаторлық ұсыныстар үшін берілген сыйлықтар алған айдан бастап отбасының мүшесінің жиынтық табысына кіреді.

26 26. Жұмыс беруші өтеген несиелердің, кредиттердің сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және несие берілген уақытқа, кредит беру оның өтеген сәтінен бөлінеді (жартылай өтелсе-берілген несие, кредит уақытына төленген сомаға және сайма-сай).

3 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі

27 27. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық бюджет қаржысының есебінен қаржыландырылады.

28 28. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган негізгі жеке меншік тұрғын үй иелерінің (жалдаушы, жалға алушы) тізімін қалыптастырады және ай сайын шығынды өтеу үшін аудандық бюджетті болу бойынша уәкілетті органға хабарлама дайындайды.

29 29. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органның хабарламасы негізінде аудандық бюджет қаржысын болу бойынша уәкілетті орган, аудандық бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен ай сайын қаржыландыруды жүргізеді.

4 4. Тұрғын үй көмегін уақытылы тағайындау мен төлеуге жауапкершілік

30 30. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша және аудандық бюджет қаржысын бөлудің, сонымен қатар тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйым тұрғын үй көмегінің уақытында тағайындалуына, төленуіне, қаржыландырылуына және берілуіне заңнамада белгіленген ретте жауапкершілік алады.

Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді
ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа)
және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне
тұрғын үйлік көмек көрсетудің
Ережесіне 1 қосымша
Тұрғын үйді ұстаудың шығынын төлеу бойынша
МӘЛІМЕТ
Жеке шот _____________________________________________
Төлеуші_______________________________________________
(жеке меншік иесінің (жалдаушы, жалға алушының) Ф.А.Ә.)
Мекен-жайы___________________________________________
Телефон________пайдалы үй көлемі______________________
Төлем түрі
Тариф
Есептелді
Ескерту
Пайдалану шығыны
Жылу
Суық су және канализация
Электрмен қамтамасыз ету
Барлығы
_________________________________________________________________________
(барлығы есептелді, жазумен)
Қолы____________________________________________________________________
(өтініш иесінің Ф.А.Ә.)
«_»__________________________2006 ж.
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың
(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық
қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үйлік көмек
көрсетудің Ережесіне 2 қосымша
Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ШЕШІМ №_______2006 ж.«__»___________
Мына мекен-жайда тұратын____________________________________
Азамат______________________________________________________
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес және Жақсы ауданы мәслихатының
_____жылғы_______№________шешімімен 200________________жылдан
«_»___________________тоқсанға___________________________теңге
көлемінде 200_____жылғы___тоқсанға тұрғын үй көмегі тағайындалсын.
М.О.Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
Тағайындау мен төлеу бойынша маман:
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың
(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық
қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үйлік
көмек көрсетудің Ережесіне 3 қосымша
Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ШЕШІМ №___2006 ж.«___»_______________
Мына мекен-жайда тұратын_________________________________________
Азамат __________________________________________________________
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес және Жақсы ауданы мәслихатының
жылғы_______№_______________шешімімен 200_______________жылдан
«__»______________
себепті 200_____жылдың_______тоқсанына тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас
тартады
М.О.Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
Тағайындау мен төлеу бойынша маман:

Қолданыстағы