Құжат мәтініне өту

Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 49 · қабылданған 15.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.02.2018 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-38797/?version=38797_325386.kaz
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 49 ·15.02.2018
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗАудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 49 · қабылданған 15.02.2018

ЭКБ деректері 02.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
15.02.2018
Көрсетілген редакция
15.02.2018 · қолданыстағы 38797_325386.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZK000063
ЭКБ идентификаторы
38797
Редакция идентификаторы
38797_325386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:47

0 Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық бюджетте қаралған қаражат көлемінде ауданның жеке санатына жататын азаматтарына материалдық көмек көрсету мақсатында әлеуметтік төлеулерді көрсету жөніндегі комиссия құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын (жалғанды).

2 2. Ауданның жеке санаттағы азаматтарының тізімі мен материалдық көмектің төлену жағдайы мен мөлшері төмендегідей белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары - монша, шаштараз қызметтерін көрсетуге ай сайынғы материалдық көмек 0,5 айлық есеп көрсеткіші, аз қамтылған азаматтар ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде көрсетілсін;

2

2) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1,0 айлық есеп көрсеткіші, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге 2,9 айлық есеп көрсеткіші, бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына 1000 теңге мөлшерінде ай сайын материалдық көмек көрсетілсін;

3 3) ауданның жалғызбасты және аз қамтылған азаматтарын жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға 5-10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетілсін;

4 4) 90 жасқа толған аудан азаматтарына 5-10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілсін;

5 5) Жеңіс күніне байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтарға 35000 теңге, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5000 теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілсін;

6 6) аз қамтылған жанұялар, өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда 20-25 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетілсін;

7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына тұрғын үйін газдандыру үшін бір реттік көмек - 50 мың теңгеге дейін көрсетілсін;

8 8) аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы аналарға, жетімдерге тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде 20 - 25 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілсін;

9 9) «Қазақстан Республикасы күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында «Алтын алқа» алқасымен марапатталған он және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген батыр аналарға 10 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілсін;

10 10) «Қайырымдылық айлығы» кезінде бөлінген қаражат шеңберінде аса қажет ететін мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты азаматтарға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы аналарға 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілсін;

11 11) аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда белгіленген айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін;

12 12) өкпе ауруымен ауыратын адамдарға облыс орталығына барып тексерілуі үшін жол ақысы мен тамақтануына материалдық көмек көрсетілсін.

Материалдық көмек төмендегі тәртіппен тағайындалады:
Тамақтануға - статистика аумақтық органдарымен анықталған, есептегі айдағы азық-түлік жиынының бір күндік мөлшері есебінен (облыстық диспансерден тексерілген күндері көрсетілген анықтама негізінде).
Тексерілу орнына барып-келу жол ақысы - барлық қоғамдық көлік түрлерінен (таксиден басқа) алынған жол жүру құжаттары негізінде.

13 13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бөлінген қаражат шеңберінде тұрғын үйді жөндеу үшін 390 айлық есеп көрсеткішіне дейін мөлшерде бір реттік материалдық көмек көрсетілсін.

Материалдық көмекті тағайындау үшін басқа құжаттармен бірге міндетті түрде селолық округтің жанындағы комиссиясының ауданның құрылыс саласындағы мамандарының қатысуымен жасалған ақау актісі және смета тіркелу қажет.
Осы тармақша бойынша бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылау Ұлы Отан соғысы қатысушысы немесе мүгедегі тұратын селолық округтің әкіміне жүктеледі.

3 3. Әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізілсін.

4 4. Аудан әкімдігінің 2 қосымшада көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айгүл Әдиетқызы Төкешеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

20 Аудандық бюджетте қаралған қаражат көлемінде, ауданның жеке санатына жататын азаматтарына материалдық көмек көрсету мақсатында әлеуметтік төлеулерді көрсету жөніндегі комиссия құрамы

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 49 қаулысына
1 қосымша
Аудандық бюджетте қаралған қаражат көлемінде, ауданның жеке санатына жататын азаматтарына материалдық көмек көрсету мақсатында әлеуметтік төлеулерді көрсету жөніндегі комиссия құрамы

1 1. Төкешева Айгүл Әдиетқызы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;

2 2. Мусалимова Раушан Сабырғалиқызы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы, комиссия төрайымының орынбасары;

3 3. Ержігітова Тоғжан Сансызбайқызы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

4 4. Матеюнас Валерий Иозасович - Тасқала селолық округінің әкімі;

5 5. Қалибеков Талғат Андақұлұлы - аудандық емхананың бас дәрігері (келісім бойынша);

6 6. Ақжолова Гүлмаржан Хамитқызы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;

7 7. Дүйсенова Айгүл Серікбайқызы - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

8 8. Шапикова Күляш Мәселқызы - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі.

29 Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 49 қаулысына
2 қосымша
Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

1 1. 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулы (мемл.тіркеу № 7-11-26 14.05.2006 ж)

2 2. 2006 жылғы 31 тамыздағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» №258 қаулысы (мемл.тіркеу №7-11-34 12.09.2006 ж)

3 3. 2007 жылғы 28 қыркүйектегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» №190 қаулысы (мемл.тіркеу №7-11-51 24.10.2007 ж)

4 4. 2007 жылғы 30 қазандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» №232 қаулысы (мемл.тіркеу № 7-11-53 08.11.2007 ж)

5 5. 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» №271 қаулысы (мемл.тіркеу №7-11-58 02.02.2008ж.)