Қолданыстағы ред. 26.04.1999 (Редакция 3880_297801.kaz)

Аудан аумағында жұқпалы ауруларды таратпау мақсатында базарларда және көтерме саудада сатылатын тамақ өнімдерін сатуды тәртіпке келтіру туралы от 26.04.1999 г. № 1513 (Аудан аумағында жұқпалы ауруларды таратпау мақсатында базарларда және көтерме саудада сатылатын тамақ өнімдерін сатуды тәртіпке келтіру туралы)

0

Аудан аумағында жұқпалы ауруларды таратпау мақсатында базарларда және көтерме саудада сатылатын тамақ өнімдерін сатуды тәртіпке келтіру туралы
Аудан аумағында жұкпалы ауруларды таратпау мақсатында базарларда және көтерме саудада сатылатын тамақ өнімдерін сатуды тәртіпке келтіру, олардан алынатын салық төлемдерін реттеу ушін шешім етемін:

1

1. Аудандық және теміржол ішкі істер бөлімі ( О.Шалабаев ,К.Ақшабаев ), кеден бекеті ( С.Жұмыров ), көліктегі және шекарадағы малдәрігерлік бақылау қызметі (К.Байбатыров) базарлардан,поездардан көтерме сауда арқылы тиісті құжаттары (сертификаттары) жоқ өнімдердін аудан аумағынан алынып кетілуіне бақылау орнатсын.

2

2. Село әкімдері, аудандық және теміржол ішкі істер бөлімі, санитарлық эпидемиологиялық стансасы, базар әкімшілігі, малдәрігерлік бақылау инспекциясы тиісті құжаттары ( сертификаттары ) жоқ тамақ өнімдерін, ішімдіктерді базарларда және басқалай сауда орындарында сатуға тыйым салынсын.

2

2. Санитарлық эпидемиологиялық стансасына, малдәрігерлік бақылау инспекциясына, базар әкімшілігіне сатылатын өнімдердін сапасын күнделікті тексеріп отыру және мал өнімдерін әдейі белгіленген орындарда сатылуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысын бақылау К.Ғайыпбаевқа тапсырылсын.