Құжат мәтініне өту

Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности зерна"

Қаулы · № 337 · қабылданған 08.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38802/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности зерна" Күшін жойған Қаулы ·№ 337 ·08.04.2008
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности зерна"

Күшін жойған Қаулы ·№ 337 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности зерна"
Атауы (қаз.)
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
337
Қабылданған күні
08.04.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI38802_6.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000337_
ЭКБ идентификаторы
38802
Редакция идентификаторы
AI38802_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:41

0 "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2008 жы­л­ғы 8 сәу­ір­де­гі
N 337 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1 1. Қолдану саласы

1 1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 904 (2011.03.11 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2

2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында(ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеуге сәйкес жіктелетін, осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу объектісі болып табылатын азық-түліктік және тұқымдық астыққа қолданылады.

3 3. Осы Техникалық регламенттің талаптары жемдік және техникалық мақсаттарға арналған астыққа және астықты қайта өңдеу өнімдеріне қолданылмайды.

3-1 3-1. Азық-түліктік астықта:

1 1) әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;

2 2) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;

3 3) зиянкестермен залалдануының;

4 4) бөтен иістердің;

5 5) өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.

3-2 3-2. Мыналардың:

1 1) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;

2 2) жоғары ылғалдылықтың;

3 3) карантиндік арамшөптердің, зиянкестер мен аурулардың;

4 4) улы арамшөптер тұқымының;

5 5) зиянкестермен залалдануының болуы тұқымдық астықтың қауіпті факторлары болып табылады.

3-3 3-3. Астықты сәйкестендіру астық легі туралы ақпаратты қамтитын ілеспе құжаттама негізінде астық дақылының осы түріне тән ботаникалық белгілерін визуалды қарау бойынша жүзеге асырылады.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

4 4. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

агротехникалық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі ғылыми негізделген тәсілдер жиынтығы;
агрохимиялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау мен ұдайы молықтыру және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында агрохимикаттар мен пестицидтерді қолданудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;
астық айналымы - әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, астықты өткізу (сату немесе жеткізу) процестері;
астық қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығының және оның салдарларының ауыртпалық дәрежесінің үйлесімділігін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіруге және тұтынушылар мүдделерінің бұзылуына байланысты жол берілмейтін тәуекелдің астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында болмауы;
астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;
астық партиясы - сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге немесе сақтауға арналған, сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен ресімделген астық мөлшері;
астық сынамасы - сапасы мен қауіпсіздігін анықтау үшін партиядан іріктелген астықтың белгілі бір мөлшері;
астықты белсенді желдету - салқындату немесе кептіру мақсатында астықаралық кеңістіктің ауасын көп мәрте ауыстыру үшін астықты атмосфералық ауамен еріксіз үрлеу;
астықты жою - тағамдық мақсаттар үшін пайдаланылуын және оған адам мен жануарлардың болуын болдырмайтын, тұтынуға және (немесе) одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз астыққа ықпал ету;
астықты залалсыздандыру - карантиндік объектілерді қоса алғанда, зиянкестерді, микроорганизмдерді жою үшін астыққа химиялық, радиациялық немесе физикалық әсер ету;
астықты кәдеге жарату - сапасыз және қауіпті астықты өз мақсатынан тыс пайдалану;
астықты кептіру - қыздырылған немесе қыздырылмаған ауамен (кептіру агентімен) өңдеу жолымен астықтың ылғалдылығын төмендету;
астықты сараптау - кәдеге жарату немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында астықтың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау;
астықты өткізу - сатып алу-сату, алмасу шарттарын ресімдеу жолымен меншік иесінің өзгеруі;
астықты сәйкестендіру - астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында астықты айырмашылық белгілері бойынша тануды қамтамасыз ететін рәсім;
астықты тазалау - сақтау кезінде астықтың төзімділігін қамтамасыз ету мақсатында арамшөпті және дәнді қоспаларды алып тастау, астықтың залалдануын жою;
астықты тасымалдау - өткізу немесе кәдеге жарату кезінде астық партиясының механикаландырылған жолмен орын ауыстыруы;
астықтың бөтен иісі - иісі шығатын бөгде заттарды астықтың сіңіруі нәтижесінде пайда болатын, сондай-ақ дұрыс сақтамау нәтижесінде пайда болатын иіс;
астықтың зиянкестермен залалдануы - астықаралық кеңістікте немесе жекелеген дәндер ішінде олардың кез келген даму сатысында тірі зиянкестердің болуы;
астықтың қауіпті қасиеттері - астықты пайдаланған кезде адам мен жануарлар өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін астықтың биологиялық, химиялық, радиациялық жай-күйі;
астықтың өздігінен қызуы - массасында қоршаған орта температурасының көтерілуіне байланысты емес, ішкі процестер салдарынан температураның көтерілуі болатын астықтың жай-күйі;
астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, жою және кәдеге жарату процестері;
астықтың ылғалдылығы - астықтағы пайызбен көрсетілген ылғалдың болуы;
дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындар үй-жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;
зиянды қоспа - адам мен жануарлар денсаулығы үшін қауіпті өсімдік және саңырауқұлақ текті қоспа;
қаракүйелі астық - қаракүйе спораларымен толық немесе ішінара (шашағы немесе бет бөлігі) ластанған астық;
қоқысты қоспа - астықты мақсатты арналуы бойынша пайдалану кезінде алып тастауға жататын органикалық және органикалық емес текті қоспа;
қызғылт түске боялған астық - ұрық саласында артықшылығы бар қабықтары қызғылт дақты астық;
мелиоративтік іс-шаралар - су мен ауа режимдері, химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз, желдің немесе судың механикалық әсеріне ұшыраған жерлерді түбегейлі жақсарту жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық іс-шаралар жиынтығы;
эрозияға қарсы іс-шаралар - топырақты жел және су эрозиясынан қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;
фузариозды астық - пісіп-жетілу кезінде фузариум тұқымдас саңырауқұлақтармен залалданған, ағарыңқы, кейде қызғылт сары түсті дақтары болатын астық.

3 3. Астықтың нарықтағы айналымының шарттары

5 5. Астықтың нарықта айналымының қажетті шарты осы Техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкестігі болып табылады.

6 6. Импортталатын астықты жеткізуге арналған шарттарда астықтың түрін, астықтың арналымын, елдің және өндіруші-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақтау мерзімін әрі сақтау шарттарын қамтитын, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат астықпен ілесіп жүруі көзделуі тиіс.

7 7. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында, астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астық қауіпсіздігі мен сапасы көрсеткіштері туралы толық әрі дұрыс ақпарат ұсынады.

4 4. Өндіру процесінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

8

8. Астық өндіру экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздікті, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздігін, құнарлылығын сақтауды және ұдайы молықтыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді болдырмайтын немесе шектейтін ғылыми негізделген және ұсынылған тәсілдермен жүзеге асырылады.

9 9. Астықты өндіру кезінде:

1 1) қолданыстағы нормалар, нормативтер, агротехникалық, агрохимиялық, мелиоративтік, фитосанитарлық және эрозияға қарсы іс-шараларды жүргізу ережелері сақталуы;

2 2) зиянкестер, өсімдік ауруларын қоздырғыштар және карантиндік маңызы бар арамшөптер болмайтын тұқымдар пайдаланылуы;

3 3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) қолданылуы тиіс.

10 10. Астық өсіру кезінде пайдаланылатын пестицидтер (улы химикаттар) мен тыңайтқыштар Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына жауап беруі тиіс.

Астықта улағыш заттардың жинақталуын болдырмау тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану жөніндегі талаптарды (енгізу және өңдеу мерзімдері, тәсілдері, мөлшерлері және еселігі) сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

11 11. Тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдарын қолдану жөніндегі автокөліктің, ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың және жабдықтың техникалық жай-күйі, оларды пайдалану тәртібі машиналар мен жабдық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сай болуы тиіс.

12 12. Астық өндіру процесінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.

5 5. Сақтау кезінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

13 13. Астықты сақтау экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретін, астық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін астық сақтау қоймаларында жүзеге асырылады.

14 14. Астық сақтау қоймаларының аумағы қоршаулы және атмосфералық жауын-шашын суағарларға бұрылған қатты жабыны болуы тиіс. Аумақтың карантиндік және басқа да зиянды организмдермен залалданған учаскелері залалсыздандырудан өтулері тиіс.

Ғимараттардың жертөлелік қабаттарының және жерасты тоннелдердің жайғастырылуы оларға жерасты суларының өтуін болдырмауы тиіс.

15 15. Астық сақтау қоймалары ғимараттарының құрылыс құрастырмаларының материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілуі тиіс.

16 16. Өндірістік үй-жайлар қабырғаларының, төбелерінің, ұстайтын құрастырмаларының, есіктерінің, едендерінің, сондай-ақ силостар мен бункерлердің қабырғалары томпақтарсыз, ойпақтарсыз, бүртіктерсіз болуы және оларды тазалау мен залалсыздандыруды жеңіл жүргізуге мүмкіндік берулері тиіс.

Астық сақтау қоймаларының едендері ойықтар мен жарықтарсыз болуы, тегіс асфальтбетонды жабыны болуы тиіс, қабырғаларының беттері тегіс, тазалау мен залалсыздандыру үшін қол жетерлік болуы тиіс. Астық үйіндісіне шыны түсуін болдырмау үшін терезелер ішкі жағынан тормен бітелуі, шырақтар - торы бар қорғаныс қалпақтарымен қоршалуы тиіс. Белсенді желдету арналарының кіру тесіктерінің атмосфералық жауын-шашынның кіруіне жол бермейтін, тығыз жабылатын қақпақтары болуы тиіс.

17 17. Астық сақтау қоймаларында астықты өңдеудің технологиялық процесі астықпен байланысты барлық операцияларды ағылмалы механикаландырылған түрде жүргізуді қамтамасыз ететін технологиялық желілерді қолдану базасында ұйымдастырылуы тиіс.

Ағылмалы технологиялық желі операциялардың мынадай дәйектілігін көздеуі тиіс:
келіп жатқан астықты өлшеу;
астықты механикаландырылған жолмен түсіру;
астықты алдын-ала қалдықтазартқышта тазалау;
дымқыл астықты уақытша орналастыру;
дымқыл және су астықты кептіру;
астықты айырғыштарда тазалау;
астықты триерлерде және басқа да астықтазалағыш машиналарда тазалау;
тазаланған астық пен қалдықтарды өлшеу;
өңделген астықты астық қоймаларына орналастыру.

18 18. Біртекті технологиялық жабдықтың әрбір тобына пайдалану жөніндегі нұсқаулық болуы тиіс.

19 19. Астық сақтау қоймаларында:

1 1) астықпен бірге басқа материалдар мен жабдықты сақтауға;

2 2) қоймалық үй-жайлардың ішінде астық тазалау, басқа да машиналарда іштен жану қозғалтқыштарын қолдануға;

3 3) қойманың екі жақ қақпасы жабық тұрғанда жылжымалы механизмдермен жұмыс істеуге;

4 4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерде тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндер факелдың көмегімен жағуға;

5 5) кептіргіштерде ақауы бар температура бақылау аспаптарымен және оттықтағы от сөніп қалған кезде отынды беруді автоматты түрде тоқтататын қондырғысыз және электрлі тұтату жүйесімен немесе оларсыз жұмыс істеуге;

6 6) астықты транспортер лентасынан биік етіп үюге және лентаның транспортер тетіктерімен үйкелуіне жол берілмейді.

20 20. Кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде астық температурасын бақылауды үлгіні әр 2 сағат сайын алу жолымен жүзеге асырылады.

Арту-түсіру тетіктерін шаң-тозаң мен астықтан тазарту жұмыстары бір тәуліктен кейін жүргізіледі.

20-1

20-1. Бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күнбағыстың, қарақұмықтың, тарының, сұлының тұқымдық астығының ең жоғарғы қызуы 40 оС-тан, ал кептіру агентінің температурасы - 70 оС-тан аспауы тиіс. Бұршақты дақылдар мен күрішті кептіру кезінде тұқымдық астықтың қызуы 35 оС-тан, ал кептіру агентінің температурасы - 60 оС-тан аспауы тиіс.
Ылғалдылығы 19 %-дан жоғары тұқымдық астықты кептіру кезінде тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін жұмсақ режим қолданылады, бұл ретте бірінші аймақта қыздырудың шекті температурасын 5 оС-қа, ал кептіру агентінің температурасын - 10 оС-қа төмендету жүргізіледі.

21 21. Жылжымалы кептіру агрегаты астық қоймасының ғимаратынан кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады.

Кептіргіштердің от жану құрылғысынан ұшқын шықпауы тиіс. Түтін шығу құбырлары ұшқын сөндіргішпен жабдықталуы, ал олардың жанғыш құрастырмалары арқылы өтер тұстары өртке қарсы бөліктермен оралып, сылануы қажет.

22 22. Астықты астық қоймаларында желдету кезінде желдеткіштер жанғыш қабырғалардан кемінде 2,5 метр аулақ орнатылғаны жөн. Ауа шығарғыштар отқа төзімді материалдардан жасалады.

23 23. Кептіргіштегі тетіктердің мойын тіректері мен басқа да бөліктерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес тұрақты майлау қажет.

24 24. Астықты кептіру кезінде оның қызмет көрсетуші тұлғалары жұмыс уақытында кептіру ғимаратында ешқайда кетпей болғаны және оның жүзеге асырғаны жөн.

25 25. Сақтауға келіп түскен зиянкестер ластаған астық физикалық (суыту, кептіру, тазалау) және химиялық әдістерді қолдана отырып өңдеуге тартылуы тиіс. Химиялық залалсыздандыру үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылады.

26 26. Астық қоймасына астық түскен сәттен бастап оны сақтаудың барлық кезеңі ішінде астықтың әрбір партиясының сапасы мен жай-күйін жүйелі қадағалау жүзеге асырылады. Қадағалаулар астықтың ылғалдылығына, температурасына, зиянкестермен залалдануына, иісіне және түсіне жүргізілуі тиіс.

26-1 26-1. Тұқымдық астықта мынадай көрсеткіштер: ылғалдылық, өнгіштік, дақылдардың және арамшөп тұқымдарының болуы бақыланады және айқындалады.

27 27. Сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы астық сақтау қоймалары үшін міндетті талап болып табылады.

28

28. Сақтау кезінде астық қауіпсіздігі кептіру немесе мынадай: бидай, қара бидай, арпа, күріш, қарақұмық, тритикале үшін - 14,5%-дан аспайтын; жүгері, тары, сұлы, құмай үшін - 13,5 %-дан аспайтын; асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, ноқат үшін - 15,0 %-дан аспайтын; күнбағыс, рапс, кенедән тұқымдары үшін - 7,0 %-дан аспайтын; мақта тұқымы үшін - 8,5 %-дан аспайтын; зығыр тұқымы, күнжіт, жержаңғақ үшін - 9,0 %-дан аспайтын; мақсары үшін - 10%-дан аспайтын; қыша, көкнәр үшін - 11 %-дан аспайтын; қытайбүршақ, кенепшөп үшін - 12,0 %-дан аспайтын ылғалдылыққа дейін белсенді желдету арқылы қамтамасыз етіледі.

28-1 28-1. Сақтау кезінде тұқымдық астықтың ылғалдылығы:

бидай, қара бидай, арпа, асбұршақ, сұлы, тритикале, жүгері, ноқат, қытай бұршақ үшін 14 %-дан аспауға;
тары үшін 13,5 %-дан аспауға;
күріш, жасымық, сиыржоңышқа үшін 15,0 %-дан аспауға;
құмай, арыш, мақсары, майлы зығыр, сора үшін 13,0 %-дан аспауға;
қыша үшін 12,0 %-дан аспауға;
жер жаңғақ үшін 11,0 %-дан аспауға;
күнбағыс, көкнәр тұқымдары, мақта шиті үшін 10,0 %-дан аспауға;
күнжіт, кенедән үшін 9,0 %-дан аспауға;
рапс, беде қыша үшін 8,0 %-дан аспауға;
қарақұмық, ноғатық үшін: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 14,0 %-дан аспауға, ал басқа облыстарда 15,0 %-дан аспауға тиіс.

29 29. Сақталатын астықтың температурасын бақылау дақылға және астықтың ылғалдығына байланысты жүзеге асырылады. Астықтың температурасын бақылау жиілігі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

30 30. Сақталатын астықта өздігінен қызудың дамуы ықтималдығын көрсететін температура көтерілген кезде, оны дереу салқындатуға шаралар қабылдануы тиіс.

31 31. Астықтың зиянкестермен залалдануына, түсі мен иісі бойынша бақылау қойманың жеке секциялары немесе элеватордың силостары бойынша іріктелген сынамалар бойынша, астықтың температурасына қарай мынадай мерзімдерде:

+15 o С-дан жоғары температура кезінде - 10 күнде бір рет;
+15 o С-дан +5 о С-ға дейінгі температура кезінде - 15 күнде бір рет;
+5 o С-дан төмен температура кезінде - айына 1 рет жүргізіледі.

32 32. Зиянкестермен залалдану анықталған кезде физикалық (суыту, кептіру, тазалау) немесе химиялық әдістерді пайдалана отырып оны жою жөніндегі шұғыл шаралар қолданылады.

33 33. Әрбір босаған сайын қоймалар механикалық тазалануы, зиянкестермен залалданған кезде - ылғалды немесе газды тәсілмен залалсыздандырылуы тиіс.

34 34. Зиянкестермен залалданған астық залалданбаған астықты сақтауға арналған қоймадан кемінде 40-50 метр қашықтықта орналасқан, оқшауланған үй-жайда сақталуы тиіс. Қоймалық үй-жай ішінде сыпырынды, қоқыс және шаң сақтауға жол берілмейді.

35 35. Астық қоймаларында өндірістік процестерді ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілуі тиіс.

6 6. Астықты тасымалдау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

36 36. Астықты тасымалдау астықтың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

37 37. Астық құрғақ, таза, бөтен иіссіз, зиянкестермен залалданбаған көлік құралдарында тасымалданады.

38

38. Астық тасымалдауға арналған автокөлік құралдары техникалық тұрғыдан жарамды, таза, бөтен иіссіз болуы тиіс. Астықты атмосфералық жауын-шашынның әсерінен бүлінуден сақтау және шығындарды болдырмау үшін тасымалдаушылар кузовтардың едендері мен борттары қосылатын жерлерді тығыздауды және кузовтарды жамылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс.

39

39. Астықты темір жол көлігімен (арнайы вагондармен-астық тасушылармен, жабық вагондармен немесе контейнерлермен) тасымалдау кезінде тиеуге жарамды және тазаланған, қажет болған жағдайда жуылған вагондар мен контейнерлер беріледі, оларды тиеуге бергенге дейін станциядағы тасымалдаушының өкілі қарауы тиіс.

40

40. Арнайы вагондар-астық тасушылар тиеуге жарамды кузовтарымен беріледі, тиейтін және түсіретін люктердің қақпақтарында саңылаулар болдырмайтын резиналық тығыздағыштар, сондай-ақ ілмек-пломбалық құрылғыны бұзбастан люктің ашылуын болдырмайтын ілмек тетіктері мен жарамды шектеу қондырғылары болуы тиіс.

41 41. Жабық вагондар астық тасымалдауға тасымалдаушы берген ақаусыз есік тоспалары (қалқандары) болған жағдайда жіберіледі.

42 42. Вагондар мен контейнерлерді жуу және дайындау пункттерінде өсімдік карантині саласындағы уәкілетті органның өкілі жүк жөнелтушінің өкілімен бірлесе отырып вагондар мен контейнерлердің астық тиеуге жарамдылығын алдын-ала қарауды жүргізеді.

43 43. Карантиндік объектілермен залалдану анықталған жағдайда залалданған астық Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңнамасының талаптарына сәйкес залалсыздандырылуы, қайта өңделуі, жойылуы немесе қайтарылуы (импорт жағдайында) тиіс.

44

44. Залалданған астықты түсіргеннен кейін жүк алушы вагондар мен контейнерлерді жуады. Залалданған астықты тасымалдағаннан кейін вагондарды, контейнерлерді және қалқандарды залалсыздандыру жүк алушы немесе тасымалдаушы жүк алушының есебінен тасымалдаушы мен жүк алушы арасындағы шарттармен белгіленетін тәртіппен жүргізіледі.

45 45. Астық тасымалдаудағы көлік құралдарына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитарлық паспорттар ресімделеді.

46

46. Эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша ұтқыр бригадалар және (немесе) мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын қолдана және қолдану режимін, қауіпсіздік шараларын, кәдеге жарату әдістерін, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтай отырып астық сақтауға арналған вагондарды, контейнерлерді және су көлік құралдарының трюмдерін өңдеуді жүргізеді.

47

47. Вагондарды, контейнерлерді және су көлік құралдарының трюмдерін өңдеу жөніндегі жұмыстардың аяқталуы вагонның, контейнердің, трюмнің нөмірін, жүктің атауын, жұмыстарды жүргізу күні мен уақытын, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарының атауларын және жұмысты орындаушыны көрсете отырып белгіленген нысандағы анықтамамен ресімделеді.

48 48. Анықтама үш данада жасалады, оған жұмысты жауапты орындаушы және темір жол көлігіндегі, аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы, жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының өкілдері қол қояды.

7 7. Астықты сату кезіндегі қауіпсіздік талаптары

49 49. Азық-түліктік астықты сату кезінде астықтағы ылғал маңызы осы Техникалық регламенттің 28-тармағында келтірілген барынша жол берілген деңгейден аспауы тиіс.

50 50. Азық-түліктік астықтағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілердің, пестицидтердің және қоспалардың қалдық мөлшерлерінің қамтылуы осы Техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетілген мәндердің барынша жол берілген деңгейінен аспауы тиіс.

51 51. Осы Техникалық регламентке 4-қосымшада келтірілген тізбеге сәйкес, азық-түліктік астықта тірі зиянкестердің болуына жол берілмейді.

51-1

51-1. Тұқымдық астықта карантиндік арамшөптер (тұқымы мен жемістері), зиянкестер және аурулар бар болса, оны өткізуге және тұқымдық мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді. Тұқымдық астықты зақымдайтын улы арамшөптер тұқымдарының, тірі зиянкестер мен олардың личинкаларының болуы осы Техникалық регламентке 4-1-қосымшада көрсетілген мәндердің деңгейінен аспауы тиіс.

52 52. Астық бүлінбеген, құрғақ, таза, бөтен иістерсіз және өздігінен қызу белгілерінсіз болуы тиіс.

53 53. Тұқымдық мақсатқа арналған және себу алдында уландырғыштармен өңдеуге ұшыраған астық азық-түліктік мақсаттарға пайдаланыла алмайды.

54 54. Сату кезінде әрбір астық партиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құжаттармен сүйемелденуі тиіс.

55 55. Егер астық сату кезінде оның қауіпті қасиеттерді иеленуіне әкеп соқтырған бұзылуға жол берілсе, ол өткізуге жатпайды және тиісті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша астық кәдеге жаратылады немесе жойылады.

56 56. Қазақстан Республикасынан экспортталатын астық, импорттайтын елдегі қолданыстағы заңдарымен, регламенттерімен өзге ештеңе талап етілмейтін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуы тиіс.

8 8. Астықты кәдеге жаратқан және жойған кездегі қауіпсіздік талаптары

57 57. Осы Техникалық регламенттің талаптарына жауап бермейтін астық сараптама нәтижелері негізінде кәдеге жаратылуы немесе жойылуы тиіс.

58 58. Сараптама жүргізуге және оны кәдеге жарату немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін қажетті кезеңде астық партия көлемін көрсете және астыққа қол жеткізуді болдырмайтын шарттарды сақтай отырып жекелеген үй-жайларда сақталуы тиіс.

59 59. Астық сараптамасы белгіленген тәртіппен тіркелген сынақ зертханасында (орталығында) жүзеге асырылады.

60 60. Астықты кәдеге жарату астықты жемдік немесе техникалық мақсаттарға пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

61 61. Жемдік немесе техникалық мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда астық жойылуы тиіс.

Астық иесі жойылуға тиісті астыққа қол жеткізуді оқшаулау және шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.

62 62. Қауіп тудыратын астық жою алдында залалсыздандырылады.

63 63. Ауаның, топырақтың, жерасты суларының және жер үстіндегі су тоғандарының ластануын болдырмау үшін қауіпті астықты осы мақсаттар үшін көзделген орындарда жою және көму Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

64 64. Мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға байланысты барлық шығыстарды оның иесі төлейді.

9 9. Астық қауіпсіздігінің тәуекелдігін бағалау

10 10. Сәйкестік презумпциясы

11 11. Сәйкестікті растау тәртібі

67 67. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 904 (2011.03.11 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

68 68. Астықтың осы Техникалық регламенттің және үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

69 69. Азық-түліктік астық міндетті сертификаттау жүргізу нысанында сәйкестігін міндетті растауға жатады.

70 70. Азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінің 1-қосымшасының 7-схемасы бойынша жүзеге асырылады.

71 71. Отандық және импортталатын азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау бірыңғай рәсімдер бойынша жүзеге асырылады.

11-1 11-1. Астықты буып-тую мен таңбалауға қойылатын талаптар

71-1 71-1. Буып-түю мен таңбалауға қойылатын талаптар тек тұқымдық астыққа ғана қатысты белгіленеді.

Бірегей және элиталық тұқым, бірінші ұрпақ будандары 1 %-ға дейін ауытқумен 50 кг-дан аспайтын салмақпен буып-түйіледі.
Орам тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс және таңбасы немесе зат белгісі болуы керек, онда:
тұқым өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
репродукция;
сорттық тазалығының санаты;
егіс стандартының сыныбы;
жиналған жылы;
тұқым легінің нөмірі;
сорттық тазалығы;
сорттық құжаттың және тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттан басқа, деректерімен затбелгі салынады. Дәріленген тұқым салынған орамға "Дәріленген" деген жазу жазылады.

12 12. Үйлестірілген стандарттар тізбесі

13 13. Қолданысқа енгізілу мерзімдері мен шарттары

73 73. Осы Техникалық регламент ресми жариялағаннан кейін бір жыл өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

74 74. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін күшінде болады деп есептеледі.

1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ҚР СЭҚ ТН)

"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
1-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ҚР СЭҚ ТН)
СЭҚ ТН
По­зи­ци­я­лар ата­уы
Қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гі
1
2
3
1001
Би­дай және меслин:
1002 00 000 0
Қа­ра би­дай
-
1003 00
Ар­па:
1004 00 000 0
Сұ­лы
1005
Жү­ге­рі:
1006
Кү­ріш:
1006 10
- қа­уы­здал­ма­ған кү­ріш (ши­кі кү­ріш):
1006 10 100 0
-- се­бу­ге
-- бас­қа­сы:
--- бу­лан­ған:
1006 10 210 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 10 230 0
----- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 10 250 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 10 270 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
--- бас­қа­сы:
1006 10 920 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 10 940 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 10 960 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 10 980 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
1006 20
- қа­уы­здал­ған кү­ріш (жы­л­ты­ра­тыл­ма­ған):
-- бу­лан­ған:
1006 20 110 0
--- қы­сқа дән­ді
-
1006 20 130 0
--- ор­та­ша дән­ді
-
--- ұзын дән­ді:
1006 20 150 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 20 170 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
-- бас­қа­сы:
-
1006 20 920 0
--- қы­сқа дән­ді
-
1006 20 940 0
--- ор­та­ша дән­ді
-
--- ұзын дән­ді:
1006 20 960 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 20 980 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
1006 30
- жар­ты­лай жа­ры­л­ған неме­се то­лық­тай жа­ры­л­ған кү­ріш, жал­ты­ра­ты­л­ған неме­се жал­ты­ра­тыл­ма­ған, жы­л­ты­ра­ты­л­ған неме­се жы­л­ты­ра­тыл­ма­ған:
-- жар­ты­лай жа­ры­л­ған кү­ріш:
--- бу­лан­ған:
1006 30 210 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 230 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 250 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 270 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
--- бас­қа­сы:
1006 30 420 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 440 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 460 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 480 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
-- то­лық жа­ры­л­ған кү­ріш:
--- бу­лан­ған:
1006 30 610 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 630 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 650 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 670 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тек неме­се ар­тық
-
---- бас­қа­сы:
1006 30 920 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 940 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 960 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 980 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
1006 40 000 0
- жа­ры­л­ған кү­ріш
-
1007 00
Астық жү­ге­рі­сі:
1008
Қа­ра­құ­мық, та­ры және су би­дай­ық тұқы­мы; бас­қа астық­ты да­қыл­дар:
1008 10 000
- қа­ра­құ­мық
1008 20 000
- та­ры:
1008 30 000 0
- су би­дай­ық тұқы­мы
-
1008 90
- бас­қа астық­ты да­қыл­дар:
1008 90 100 0
-- три­ти­ка­ле (би­дай - қа­ра би­дай бу­да­ны)
-
1008 90 900 0
-- бас­қа­ла­ры
-
0713
Кеп­ті­рі­л­ген, ар­шы­л­ған, тұқым­ның қа­бығ­ы­нан та­зар­ты­л­ған неме­се та­зар­тыл­ма­ған, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған бұр­шақ кө­кө­ні­стер:
0713 10
- ас­бұр­шақ (Pisum sativum):
0713 20 000 0
- но­қат
-
- үр­ме бұр­шақ (Vigna spp., Phaseolus spp.):
0713 31 000 0
-- үр­ме бұр­шақ түр­ле­рі Vigna mungo (L.) Hepper неме­се Vigna radiata (L.) Wilczek
-
0713 32 000 0
-- қы­зыл ұсақ үр­ме бұр­шақ (адзу­ки) (Phaseolus неме­се Vigna angularis)
-
0713 33
-- кә­дім­гі үр­ме бұр­шақ, ақ ұсақ тұқым­ды үр­ме бұр­шақ­ты ко­са (Phaseolus vulgaris):
0713 39 000 0
-- бас­қа­сы
-
0713 40 000 0
- жа­сы­мық
-
0713 90 000 0
- бас­қа­ла­ры
-
1201 00
Қы­тай­бұр­шақ, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1202
Жер жаң­ғақ, қуы­рыл­ма­ған неме­се бас­қа әдіспен дай­ын­дал­ма­ған, ар­шы­л­ған неме­се ар­шыл­ма­ған, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1203 00 000 0
Ко­пра
-
1204 00
Зығ­ыр тұқы­мы, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1205
Paпс тұқы­мы неме­се коль­за, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1205 10
- рапс тұқы­мы неме­се коль­за, эрук қыш­қыл­дың тө­мен ма­ңызы­мен:
1206 00
Күн­ба­ғыс тұқы­мы, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1207
Бас­қа май­лы да­қыл­дар­дың тұқым­да­ры және же­мі­сте­рі, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1207 20
- мақ­та ши­ті:
1207 40
- күн­жіт тұқы­мы:
1207 50
- қы­ша тұқы­мы:
1207 91
-- көк­нәр тұқы­мы:
1207 99
-- бас­қа­ла­ры:

2 Астық температурасын бақылау жиілігі Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тритикале, дәнді бұршақ дақылдары

"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
2-қо­сым­ша
Астық температурасын бақылау жиілігі Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тритикале, дәнді бұршақ дақылдары
Ылғал­ды­лық
бой­ын­ша
астық­тың
жай-күйі*
Жа­ңа жи­нал­ған
астық (қа­был­да­ған
сәті­нен ба­стап үш
ай ішін­де)
Бас­қа астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сы
+10 о С-тан жо­ға­ры
+10 о С-тан
0-ге дей­ін
0 о С және
тө­мен
құр­ғақ және ор­та­ша құр­ғақ
5 күн­де 1 рет
15 күн­де 1 рет
15 күн­де 1 рет
15 күн­де
1 рет
ылғал­ды
күн сай­ын
2 күн­де 1 рет
5 күн­де
1 рет
15 күн­де
1 рет
дым­қыл
күн сай­ын
-
-
-
Жүгері, тары, күріш
Ылғал­ды­лық
бой­ын­ша
астық­тың
жай-күйі*
Жа­ңа жи­нал­ған
астық (қа­был­да­ған
сәті­нен ба­стап үш
ай ішін­де)
Бас­қа астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сы
+10 о С-тан жо­ға­ры
+10 о С-тан тө­мен
құр­ғақ
3 күн­де 1 рет
10 күн­де 1 рет
15 күн­де 1 рет
ор­та­ша құр­ғақ
2 күн­де 1 рет
5 күн­де 1 рет
10 күн­де 1 рет
ылғал­ды
күн сай­ын
-
-
дым­қыл
күн сай­ын
-
-
Майлы дақылдардың тұқымдары
Ылғал­ды­лық
бой­ын­ша
астық­тың
жай-күйі*
Жа­ңа жи­нал­ған тұқым
Бас­қа астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сы
+25 о С-тен
+20 о С-қа
дей­ін
+20 о С-тен
+10 о С-қа
дей­ін
10 о С және
тө­мен
құр­ғақ және ор­та­ша құр­ғақ
3 күн­де 1 рет
5 күн­де
1 рет
10 күн­де
1 рет
15 күн­де
1 рет
ылғал­ды
күн сай­ын
-
-
-
дым­қыл
күн сай­ын
-
-
-
*Ылғалдығы бойынша нормалар дақылға байланысты стандарттарға сәйкес қойылады.

3 Азық-түліктік астықтағы ықтимал қауіпті химиялық қоспалар мен биологиялық объектілердің, пестицидтердің қалдық мөлшерлерінің және қоспалардың маңызы

"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
3-қо­сым­ша
Азық-түліктік астықтағы ықтимал қауіпті химиялық қоспалар мен биологиялық объектілердің, пестицидтердің қалдық мөлшерлерінің және қоспалардың маңызы
📌 Ескерту. 3-қосымша өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.06
№ 904(2011.03.11 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ата­уы
Көр­сет­кіш­тер
Қол­же­тім­ді дең­гей­лер, мг/кг, ас­пай­тын
Ес­керт­пе
1
2
3
4
Дән­ді да­қыл­дар (би­дай, қа­ра би­дай, три­ти­ка­ле,
сұ­лы, ар­па, та­ры,
қа­ра­құ­мық, кү­ріш,
жү­ге­рі, құ­май
жү­ге­рі)
Уыт­ты эле­мент­тер
Қор­ға­сын
0,5
Кү­ш­ән
0,2
Кад­мий
0,1
Сы­нап
0,03
Ми­ко­ток­син­дер
Афла­ток­син В1
0,005
Дез­ок­си­ни­ва­ле­нол
0,7
Би­дай
1,0
Ар­па
Т-2 ток­син
0,1
Зе­а­ра­ле­нон
1,0
Би­дай, ар­па,
жү­ге­рі
Нит­ро­за­мин­дер
Бенз(а)пи­рен
0,001
Пе­сти­цид­тер*
Гек­са­хлор­цик­ло-
гек­сан (аль­фа-, бе­та-, гам­ма-
изо­мер­ле­рі)
0,5
ДДТ және оның ме­та­бо­лит­те­рі
0,02
Гек­са­хлор­бен­зол
0,01
Би­дай
Сы­на­п­ор­га­ни­ка­лық пе­сти­цид­тер
Жол бе­ріл­мей­ді
2,4-Д қыш­қы­лы, оның тұз­да­ры, эфир­лер
Жол бе­ріл­мей­ді
Ди­эльд­рин­ге есеп­те­ген­де­гі же­ке неме­се жиын­тық альд­рин
0,01
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Кар­ба­рил
1,0-кү­ріш, 0,5-өзге дән­ді да­қыл­дар
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Хлор­дан (цис- және транс- изо­мер­ле­рі)
0,02
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Ди­ази­нон
0,02
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
1,2-диб­ром­этан
(бром­ды эти­лен)
0,01
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Эн­до­суль­фан (аль­фа-, бе­та-, гам­ма-изо­мер­ле­рі
және эн­до­суль-
фан­ға есеп­те­ген-
де­гі эн­до­суль­фан
суль­фа­ты)
0,05
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Энд­рин
0,01
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Геп­та­хлор (геп­та­хлор және геп­та­хлор­мен есеп­те­ген­де­гі геп­та­хлор­эпок­сид си­яқ­ты)
0,01
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Ма­ла­ти­он (ма­ла­ти­он және
ма­ла­ти­он­мен
есеп­те­ген­де­гі
ма­ла­ок­сон си­яқ­ты)
8,0
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Фос­фа­мид
0,05
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Пи­ре­трин­дер
(пи­ре­трин I және
II, ци­не­рин I
және II, ясмо­лин
I және II си­яқ­ты)
3,0
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Три­хлор­фон
0,1
Ко­мис­си­я­ның 86/362 нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Эте­фан
0,5-ар­па,
сұ­лы,
0,2-қа­ра
би­дай,
құ­май
жү­ге­рі,
0,05-
три­ти­ка­ле
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Хлор­мек­ват
2,0-ар­па,
қа­ра би­дай,
три­ти­ка­ле,
би­дай, 5,0-сұ­лы
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Фен­ва­ле­рат және
эсфен­ва­ле­рат, RR
және SS изо­мер­ле-
рін қо­са ал­ған­да
0,2-ар­па,
сұ­лы, 0,05-
қа­ра
би­дай,
три­ти­ка­ле,
би­дай
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Фен­ва­ле­рат және
эсфен­ва­ле­рат, RR
және SS изо­мер­ле-
рін қо­са ал­ған­да
0,05-ар­па,
сұ­лы, 0,02-би­дай
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Фе­на­ри­мол
0,02
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Ди­ко­фол, р. және о.р. изо­мер­ле­рін қо­са ал­ған­да
0,02
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Три­азо­фос
0,02
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Кар­бо­фу­ран және кар­бо­фу­ран­ды біл­ді­ре­тін гид­ро-
кси­кар­бо­фу­ран
0,1
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Бен­фу­ра­краб
0,05
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Фо­рат, оның ок­сид­ті ана­ло­гын және олар­дың суль­фо­нын қо­са ал­ған­да
0,05
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Тиа­бен­да­зол
0,05
Ко­мис­си­я­ның 2000/42ЕК нұс­қа­уы­на сәй­кес үй­ле­сті­рі­л­ген
Ра­ди­о­нук­лид­тер
Це­зий-137
70
Бк/кг
Строн­ций-90
40
Бк/кг
Ара­лас­па­лар
Қы­зыл күйе
0,05
%, ар­тық емес
Жор­ға­лай­тын уке­кі­ре, түл­кі­құй­рық­ты со­фо­ра, лан­цет­ті тер­моп­сис (жиын­тығы бой­ын­ша)
0,1
%, ар­тық емес
Түр­лі-тү­сті ақ­қай­раң
0,1
%, ар­тық емес
Тұқы­мы түс­кен ге­лио­троп
0,1
%, ар­тық емес
Сұр три­хо­де­сма
Жол бе­ріл­мей­ді
Қа­ра күй­е­лі (кір­лен­ген, кө­гер­ген) астық
10,0
%, ар­тық емес, би­дай
Фу­за­ри­оз­ды астық
1,0
%, ар­тық
емес, қа­ра
би­дай, би­дай,
ар­па
Қыз­ғы­лт түс­ке
бо­я­л­ған астық
3,0
%, ар­тық
емес, қа­ра
би­дай
Ашық са­ры­жа­сыл
флу­о­рес­цен­ци­я­лы
астық
0,1
%, ар­тық
емес, жү­ге­рі
Зи­ян­кестер­мен
за­лал­да­нуы
Жол бе­ріл-
мей­ді, II
дең­гей­ден
жо­ға­ры емес
ке­не­мен
за­лал-
дан­ған­нан
бас­қа
Дән­ді бұр­шақ да­қыл­дар (ас­бұр­шақ, үр­ме бұр­шақ, но­қат, жа­сы­мық)
Уыт­ты эле­мент­тер
Қор­ға­сын
0,5
Кү­ш­ән
0,3
Кад­мий
0,1
Сы­нап
0,02
Ми­ко­ток­син­дер
Афло­ток­син В1
0,005
Пе­сти­цид­тер
Гек­са­хлор­цик­ло-
гек­сан (аль­фа-, бе­та-, гам­ма-
изо­мер­ле­рі)
0,5
ДДТ және оның ме­та­бо­лит­те­рі
0,05
Сы­на­п­ор­га­ни­ка­лық пе­сти­цид­тер
Жол бе­ріл­мей­ді
2,4-Д қыш­қы­лы, оның тұз­да­ры, эфир­лер
Жол бе­ріл­мей­ді
Зи­ян­кестер­мен за­лал­да­нуы
Жол бе­ріл­мей­ді
Ра­ди­о­нук­лид­тер
Це­зий-137
50
Бк/кг
Строн­ций-90
60
Бк/кг
Май­лы да­қыл­дар
(күн­ба­ғыс, қы­тай-
бұр­шақ, қо­за,
жү­ге­рі, зығ­ыр,
рапс, қы­ша,
жер­жаң­ғақ)
Уыт­ты эле­мент­тер
Қор­ға­сын
1,0
Кү­ш­ән
0,3
Кад­мий
0,1
Сы­нап
0,05
Ми­ко­ток­син­дер
Афло­ток­син В1
0,005
Пе­сти­цид­тер
Гек­са­хлор­цик­ло-
гек­сан (аль­фа-, бе­та-, гам­ма-
изо­мер­ле­рі)
0,2
0,4
0,5
Қы­тай­бұр­шақ,
қо­за
Зығ­ыр, қы­ша,
рапс
Күн­ба­ғыс,
жер­жаң­ғақ
ДДТ және оның ме­та­бо­лит­те­рі
0,05
0,1
0,15
Қы­тай­бұр­шақ,
қо­за
Жү­ге­рі,
зығ­ыр, қы­ша,
рапс,
Күн­ба­ғыс,
жер­жаң­ғақ
Ра­ди­о­нук­лид­тер
Це­зий-137
70
Бк/кг
Строн­ций-90
90
Бк/кг
* - пестицидтің қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі тиісті әдістеме, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген стандартты үлгі болған жағдайда қолданылады.

4 Астықта болуына жол берілмейтін тірі зиянкестер тізбесі

"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
4-қо­сым­ша
Астықта болуына жол берілмейтін тірі зиянкестер тізбесі
Орыс­ша ата­уы
Ла­тын­ша ата­уы
Қам­ба бізтұм­сығы
Sitophilus granarius L.
Кү­ріш бізтұм­сығы
Sitophilus oryzae L.
Ұн­ның үл­кен қа­ра қо­ңы­зы
Tenebrio molitor L.
Ұн­ның кі­ші қа­ра қо­ңы­зы
Tribolium castaneum Hbst.
Кі­ші шоқ­пар мұрт­ты қа­ра қо­ңыз
Tribolium confusum Duv.
Су­ри­нам ұн же­мі­рі
Oryzaephilus surinamensis L.
Жи­рен ұн же­мі­рі
Laemophloeus testaecus F.
Қой­ма­ның кү­рең те­рі же­мі­рі
Attagenus simulans Sols.
Те­рі же­мі­рі
Dermestes lardarius L.
Кі­лем қо­ңы­зы
Attagenus piceus Oliv.
Өзгер­ме­лі тро­го­дер­ма
Trogoderma variabile Ball.
Ала тү­сті те­рі же­мі­рі
Trogoderma versicolor Creutz.
Ұры қо­ңыз
Ptinus fur L.
Астық­тың дән тес­кіш қо­ңы­зы
Stegobium paniceum L.
Дән тес­кіш қо­ңыз
Rhizopertha dominica F.
Қой­ма күй­е­сі, неме­се астық
күй­е­сі
Nemapogon granellus L.
Ұн­ның қан кө­бе­ле­гі
Pyralis farinalis L.
Ди­ір­мен­нің қан кө­бе­ле­гі
Ephestia kuchniella Zell.
Оң­тү­стік қой­ма қан кө­бе­ле­гі
Plodia interpunctella Hb.
Капр қо­ңы­зы
Trogoderma granarium

5 Тұқымдық астықтағы улы арамшөп тұқымдарының, тірі зиянкестердің және олардың личинкаларының болуы

"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
4-1-қо­сым­ша
Тұқымдық астықтағы улы арамшөп тұқымдарының, тірі зиянкестердің және олардың личинкаларының болуы
Да­қыл­дар ата­уы
Улы арам­шөп тұқы­мы­ның, ті­рі зи­ян­кестер­дің және олар­дың ли­чин­ка­ла­ры­ның ата­уы
Ес­керт­пе
Би­дай, ар­па
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 -2 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
3 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Би­дай гал­ла нема­то­ды (би­дай уг­ри­ца­сы)
би­дай - рұқ­сат етіл­мей­ді
Кү­ріш
Кене
1-2 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
3 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Қа­ра­күйе
Су­пер­э­ли­та және эли­та - рұқ­сат етіл­мей­ді
Кү­ріш афе­лен­хі
Су­пер­э­ли­та және эли­та -рұқ­сат етіл­мей­ді
Три­ти­ка­ле
Са­бақ­ты, ер­ге­жей­лі, шаң­ды және қат­ты қа­ра­күйе
0,5 %-дан көп емес
Шаң­ды және қат­ты қа­ра­күйе
Эли­та - рұқ­сат етіл­мей­ді
Та­ры
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Қа­ра­күйе
Бі­рін­ші және кей­ін­гі ре­про­дук­ци­я­лар -0,5 %-дан көп емес, Кө­бей­ту пи­том­ни­гі, су­пер­э­ли­та және эли­та -0,1 %-дан көп емес
Қа­ра­құ­мық
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Құ­май жү­ге­рі
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Қа­ра­күйе
Бі­рін­ші және кей­ін­гі ре­про­дук­ци­я­лар -0,5 %-дан көп емес
Кө­бей­ту пи­том­ни­гі, су­пер­э­ли­та және эли­та - рұқ­сат етіл­мей­ді
Ас­бұр­шак
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 ки­ло­грам­ға 10 да­на­дан көп емес
Ас­бұр­шақ дән қо­ңы­зы
1 ки­ло­грам­ға 10 да­на­дан көп емес
Но­қат
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Түйе бұр­шақ, маш, жа­сы­мық, но­ға­тық
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Күн­ба­ғыс
На­ғыз күйе зи­ян­кесте­рі­нің (Tineidae), қан кө­бе­ле­гі (Pyzalidae)
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Paпс
Ақ та­мыр­д­ә­рі
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Тең­біл убал­дыр­ған
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Қа­ра мең­ду­а­на
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Күй­дір­гі, жа­та­ған, у сар­ғал­дақ
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Дә­рі­лік са­ры­бас­ша
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Зығ­ыр
Кене
1-2 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
3 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Жер жаң­ғақ
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Оң­тү­стік скле­ро­ци­ал­ды ші­рік (Selerotium rolfsii Sace)
Рұқ­сат етіл­мей­ді

6 Астық сәйкестігін растаудың ұсынылатын рәсімдері

"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
5-қо­сым­ша
Астық сәйкестігін растаудың ұсынылатын рәсімдері

Қолданыстағы