Құжат мәтініне өту

Об утверждении стоимостиразовых талонов

Өзге акт · № 4С-6/4 · қабылданған 17.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38803/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стоимостиразовых талонов Күшін жойған Өзге акт ·№ 4С-6/4 ·17.03.2008
17.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стоимостиразовых талонов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4С-6/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стоимостиразовых талонов
Атауы (қаз.)
Бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-6/4
Қабылданған күні
17.03.2008
Көрсетілген редакция
17.03.2008 38803_355566.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BL000083
ЭКБ идентификаторы
38803
Редакция идентификаторы
38803_355566
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:51

0 Бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына, 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Бюджеттегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373 бабына, салық комитетінің ұсынған құжаттарына және Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық Кеңестің хаттамасына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қызметі эпизодикалық сипатта жүретін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар бағасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Державин қаласының аумағында орналасқан базарда, тауарлар сату бойынша бір сауда орнының жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар бағасы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 наурыздағы № 3С-30/11 «2007 жылға арналған бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы» (Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2007 жылдың 18 сәуірінде № 1-12-52 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 16 болып жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

4 4. Осы шешімінің орындауын бақылау Жарқайың аудандық мәслихатының тексеру комиссиясына жүктелсін.

5 5. Осы шешім Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Қызметі эпизодикалық сипатта жүретін жеке түлғалар үшін бір жолғы талондар бағасы

Жарқайың аудандық мәслихатының
2008 жылғы 17 наурыздағы
№ 4С-6/4 «Бір жолғы талондар
бағасын бекіту туралы» шешіміне
№ 1 қосымша
Қызметі эпизодикалық сипатта жүретін жеке түлғалар үшін бір жолғы талондар бағасы

Сатылатын тауарлар атауы
Айлық есептік көрсеткішінің пайыздық қатынасына белгіленген салық мөлшері
1
Газет, журналдар сату
7
2
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдарды сату (көшеттер, екпелер)
5
3
Бақша өнімдерін сату
8
4
Үйлердің жанындағы учаскелерде және саяжайда өсірілетін гүлдерді сату
8
5
Қосалқы ауылшаруашылықтың, бақ, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату
2
6
Құстар мен малдар үшін азық жемді сату
5
7
Жер учаскесін өңдеудегі жеке трактор иелерінің қызметтері
18
8
Жолаушыларды тасу жөніндегі жеңіл автомобиль көліктерінің жеке иелерінің қызметтері (лицензиялық тасымалдаудан басқа да)
9
9
Сыпырғыштар, сыпыртқылар, орман жидектер, балдар, саңырауқұлақтар мен балықтарды сату
3
10
Үй жануарлары мен құстарын бағу
10

7 Державин қаласының аумағында орналасқан базарда тауарлар сату бойынша бір сауда орнының жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар бағасы

Жарқайың аудандық мәслихатының
2008 жылғы 17 наурыздағы
№ 4С-6/4 «Бір жолғы талондар
бағасын бекіту туралы» шешіміне
№ 2 қосымша
Державин қаласының аумағында орналасқан базарда тауарлар сату бойынша бір сауда орнының жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар бағасы

Сатылатын тауарлар атауы
Айлық есептік көрсеткішінің пайыздық қатынасына белгіленген салық мөлшері
1
Киім, аяқ киім
8
2
Сүт өнімдері
3
3
Көкөніс, жемістер
8
4
Іш киім, шұлық тауарлары
8
5
Қурылыс материалдары
10
6
Ет
11
7
Басқа да тауарлар
8

Қолданыстағы