Об установлении ставок на разовые талоны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ставок на разовые талоны
- Атауы (қаз.)
- Бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 27.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2009 AI38844_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CF000061
- ЭКБ идентификаторы
- 38844
- Редакция идентификаторы
- AI38844_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:48
0 Бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Бір жолғы талондардың бір күнгі құнының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Төменде көрсетілген аудандық мәслихаттың шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын:
1 1) Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2002 жылдың 05 ақпанда № 1465 болып тіркелген 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы»;
2 2) Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 08 ақпанда № 2325 болып тіркелген 2003 жылғы 07 шілдедегі № 5 «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
3 3) Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 19 мамырында № 3-6-3 болып тіркелген 2005 жылғы 15 сәуірдегі №5 «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
4 4) Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 03 сәуірде № 3-6-34 болып тіркелген 2006 жылғы 17 наурыздағы № 7 «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы» шешіміне қосымша енгізу туралы»;
3 3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарғалы ауданы бойынша салық комитетіне жүктелсін.
9 Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 27 наурыздағы
№ 46 шешіміне
Қосымша
Бір жолғы талондардың бір күнгі құнының мөлшері
№ р/н
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
Төлем сомасы (теңге)
1
Газет пен журналдарды сату
20
2
Тұқымдарды, сонымен қатар отырғызуға арналған материалдарды (бұтақтар, екпелер) сату
20
3
Бақшалық өнімдерді сату
300
4
Үй жанындағы және саяжай учаскелеріндегі өсірілген гүлдерді сату
50
5
Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: сүт – 20 л. жоғары
30
6
Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: ет – 20 кг. жоғары
100
7
Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: картоп, көкөніс – 50кг. жоғары
100
8
Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: жеміс-жидектер – 20 кг. жоғары
30
9
Жер учаскелерін өңдеу жөнінде жеке трактор және мотоплуг иелерінің қызметтері
200
10
Жолаушыларды тасымалдау бойынша жеке жеңіл көлік иелерінің қызметтері (лицензиялық тасымалдаудан басқа):
180
11
Үй жануарларын жайлау бойынша қызметтер
40
12
Азық-түлік тауарларын сату
140
13
Өндірістік тауарларын сату
120