Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) портов
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 31-ОД
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) портов
- Атауы (қаз.)
- Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31-ОД
- Қабылданған күні
- 29.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 38869_462538.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005186_
- ЭКБ идентификаторы
- 38869
- Редакция идентификаторы
- 38869_462538
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:08
0 Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2008 жылғы 29 қаңтардағы
N 31-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2008 жылғы
13 наурыздағы N 116
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі