Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің кейбір мәселелері туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің кейбір мәселелері туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 461
- Қабылданған күні
- 02.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2010 · қолданыстағы AI38911_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08L0004203
- ЭКБ идентификаторы
- 38911
- Редакция идентификаторы
- AI38911_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:44
0 Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің кейбір мәселелері туралы
Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2010.04.23 N 377 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің шарттары белгіленсін.
2 2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д. Әбуов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Еламановқа жүктелсін.
4 Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне облыстық бюджет қаражат есебінен несиелендіру шарттары
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Қызылорда облысы әкімдігінің
2008 жылғы 2 сәуірдегі N 461
қаулысына қосымша
Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне облыстық бюджет қаражат есебінен несиелендіру шарттары
1
1. Осы шарттар Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225қаулысына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мақсатында бюджеттік несиелендіру процесін реттейді.
2 2. Негізгі ұғымдар:
1 1) бюджеттік несие - жергілікті бюджеттен шұғыл, ақылы және қайтарымды шартпен берілетін ақша қаражаты;
2 2) қарыз алушы банк - Қазақстан Республикасы резиденттер болып табылатын екінші деңгейдегі банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
3 3) түпкілікті қарыз алушы - ҚР резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар;
4 4) несие беруші - Қызылорда облысының әкімдігі;
5 5) бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті орган - "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
6 6) тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы;
7 7) бағдарлама әкімшісі - "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
3
3. Несие беруші қарыз алушы банкке (бұдан әрі - банк ) бюджеттік несие беру туралы ұсынуы облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды (бұдан әрі-түпкілікті қарыз алушы) қаржылай қолдау мақсатында, 255.003.000 "Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен және бөлінген қаржының шегінде жүргізіледі. Тараптар арасындағы қатынастар несие беру келісім шартымен реттеледі.
4 4. Несие қабілеттілігінің критерийлері және банктерді таңдау тәртібі "Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуының Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225қаулысына сәйкес бюджеттік әкімшісі жүзеге асырады.
5
5. Бюджеттік несиелерді тіркеу, есепке алу және мониторингісі "Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3349 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6 6. Түпкілікті қарыз алушыға несие айналым қаражаты үшін қайтарымды, міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, мерзімді және ақылы шартында, және мынадай басым бағыттар бойынша беріледі:
ауыл шаруашылығын дамытуға;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын модернизациялау мен реконструкциялауға, өңдеу саласын дамытуға, құруға;
жылыжай шаруашылығын дамытуға;
фермерлік шаруашылықты дамытуға;
балық шаруашылығын дамытуға;
Бұл ретте мынадай шарттар сақталуы тиіс: