Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
ҚАЗАқжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-3
- Қабылданған күні
- 05.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2012 · қолданыстағы AI38920_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZB000053
- ЭКБ идентификаторы
- 38920
- Редакция идентификаторы
- AI38920_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:54
0 Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін басшылыққа алып аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесі бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына қайшы келуіне байланысты Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі "Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуендету және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы" N 30-9 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде N 7-2-41 санымен тіркелген) күші жойылсын.
3 3. Алынған шешім баспасөзде жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
4 Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау ЕРЕЖЕСІ
2008 жылғы 5 наурызындағы
аудандық мәслихаттың
кезектен тыс IV сессиясының
N 4-3 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабы болып табылады.
2 2. Ақжайық ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы Ереже ветеринариялық-санитариялық тәртіпке сәйкес ортақ болып есептеледі.
3 3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) Ит – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кезкелген жануарлар.
2 2) Мысық – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар.
3
3) Ветеринария (ветеринария саласы) – жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы.
4
4) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер-ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық норомативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
4
4. Иттер мен мысықтардың иелері осы жануарлармен жалпы пайдаланатын орындардың ластанбауына жол бермеуді қоса алғанда (ластауды міндетті түрде тазалау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстаудың ережелерін қатаң сақтауға міндетті, сонымен қатар, міндетті түрде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
5 5. Төртінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға рұқсат етіледі.
Иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, ұстап қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберісте көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді ! Охраняется собакой !" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет.
6 6. Иттер мен мысықтарды көліктерде тасымалдау жолаушылардың тыныштығын бұзбайтын жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл орайда иттер міндетті түрде тұмсықторда және тізгінде болуы немесе арнайы торларда, сөмкеде болуы қажет.
Мысықтарды сөмкеде немесе қолға ұстап тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктермен тасымалдауға тыйым салынады.
Тыйым салынатын жазбалар болмаған жағдайда иелеріне итінің тұмсықторы және қысқа қарғы баудын бар болуымен мекемелерде, азық-түліктік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.
7
7. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімдіктерін жинау бойынша ветеринарлық инспекторлардың міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы ветеринарлық талаптарға сәйкес, уәкілетті орган белгіленген арнайы орындарда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады. Иттер мен мысықтарды аулау үшін тек қана ауды, шеңберлі, сапты дорбаны, еліктіргіш, алдамшы жемдерді пайдалануға рұқсат етіледі. Буындырғыштарды пайдалану және өзге адамгершілікке жатпайтын тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
Иттер мен мысықтарды тіркеуді жергілікті атқарушы орган (ауылдық округтік әкімдіктер) жүзеге асырады. Тіркеу журналында иесі, жануардың түрі, жынысы, түсі, жасы және жануарға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет және ауланған жануарларды кері қайтарып алуы үшін жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша жергілікті атқарушы орган (ауылдық округтік әкімдіктер) мемлекеттік мекемесіне хабарласуы керек.
2 2. Ит немесе мысық иесінің құқықтары
8 8. Кез келген ит пен мысық өз иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалады.
9
9. Жануар оның иесінен тек құтыру ауруы болған жағдайдан басқа уақытта оның келісімімен ғана алынады. Жануар иесінен адамды тістеп, жарақат салған жағдайда адамға жұғатын аурудың немесе қауіпті аурулардың болуына зерттеу жүргізу үшін оның келісімінсіз алынады. Егер алынған жануардың дені сау деп танылса иесіне кері қайтарылады.