Құжат мәтініне өту

Вопросы отдельных организаций, подведомственных Министерству образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 365 · қабылданған 18.04.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38946/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Вопросы отдельных организаций, подведомственных Министерству образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 365 ·18.04.2008
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Вопросы отдельных организаций, подведомственных Министерству образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 365 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы отдельных организаций, подведомственных Министерству образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдардың мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
365
Қабылданған күні
18.04.2008
Көрсетілген редакция
19.08.2022 38946_591944.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000365_
ЭКБ идентификаторы
38946
Редакция идентификаторы
38946_591944
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:35

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдардың мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы" және "12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" (бұдан әрі - орталық) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:

1 1) білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

2 2) білім саласында, оның ішінде 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

3 3) білім беру жүйесін, оның ішінде 12 жылдық білім беру мазмұнының теориясын реформалауды әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;

4 4) білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру болып белгілесін.

4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын және орталықтың жарғысына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін;

2 2) әділет органдарында кәсіпорынның тіркелуін және орталықтың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 сәуірдегі
N 365 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1850 қаулысында :

тақырыбында және 1-тармағында "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздер "Ұлттық тестілеу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.

3

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы