О внесении изменений в административно-территориальное устройство Акмолинской области по городу Степногорск и Жаксынскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Акмолинской области по городу Степногорск и Жаксынскому району
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қаласы мен Жақсы ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-2/62
- Қабылданған күні
- 05.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 38948_303657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003245
- ЭКБ идентификаторы
- 38948
- Редакция идентификаторы
- 38948_303657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:54
0 Степногорск қаласы мен Жақсы ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес және Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № а-17/604 қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-3/9 шешіміне, Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 14 қаулысы мен Жақсы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № С-5-10 шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Степногорск қаласы бойынша:
Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша:
Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Көксал ауылы;
Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Первомайка ауылы.
Қарабұлақ ауылдық округінің категориясы Қарабұлақ ауылының категориясына көшірілсін.
2 2) Жақсы ауданы бойынша:
Есіл ауылдық округінің Жирен және Үкі ауылдары басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар Есіл ауылдық округі Трудовое ауылының құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын: