Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность

Ереже · № 4С-5-16 · қабылданған 05.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38949/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность Күшін жойған Ереже ·№ 4С-5-16 ·05.03.2008
18.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность

Күшін жойған Ереже ·№ 4С-5-16 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-5-16
Қабылданған күні
05.03.2008
Көрсетілген редакция
18.06.2010 38949_172762.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08B0003246
ЭКБ идентификаторы
38949
Редакция идентификаторы
38949_172762
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:54

0 Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ақмола облыстық мәслихатының

2008 жылғы 5 наурыздағы
N 4С-5-16 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесі
Осы ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесі 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының , 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңының негізінде, 253.023 "Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасы бойынша әзірленді.

1 1. Негізгі түсініктер

1 1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі өкілетті орган (бұдан әрі - өкілетті орган) - "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекеме;

2 2) жұмыс беруші - медицина немесе фармацевтика қызметкерімен шарт жасасқан, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

3 3) медицина немесе фармацевтика қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) - ауылдық жерге жұмысқа жіберілген, маманның біліктілігін растайтын тиісті сертификаты бар, медициналық немесе фармацевтикалық білім алған жеке тұлға;

4 4) әлеуметтік қолдаудың түрі: біржолғы материалдық көмек - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында берілген ақшалай сома.

2 2. Жалпы ережелер

1 1. Әлеуметтік қолдау алуға өкілетті органның жіберуі бойынша, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс берушімен еңбек шартын жасаған қызметкердің құқығы бар.

2 2. Өкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) жыл сайын ауылдық жерлер үшін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне жеке мамандықтар бойынша сұранысына талдау жүргізеді;

2 2) алынып тасталды

3 3) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсініктеме беру жұмысын жүргізеді.

3 3. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі және біржолғы материалдық көмектің мөлшері

3 3. Біржолғы материалдық көмекті төлеу және қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жердегі медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленетін алты айлық лауазымдық ақыдан кем емес тең сомада жүргізіледі.

4 4. Біржолғы материалдық көмек алу үшін медицина немесе фармацевтика қызметкерінен жұмыс берушінің атына оған материалдық көмекті төлеу туралы жазбаша өтініш және келесі құжаттар қоса беріледі:

еңбек шартының көшірмесі;
тұратын орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
әлеуметтік жеке код (ӘЖК);
өтініш берушінің есеп айырысу шотының нөмірі;
қызметкердің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Қолданыстағы