Жәнібек ауданында төлем ставкаларын бекіту туралы
ҚАЗЖәнібек ауданында төлем ставкаларын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жәнібек ауданында төлем ставкаларын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек ауданында төлем ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-3
- Қабылданған күні
- 03.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2008 · қолданыстағы 38992_319092.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZF000062
- ЭКБ идентификаторы
- 38992
- Редакция идентификаторы
- 38992_319092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:55
0 Жәнібек ауданында төлем ставкаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 373, 394, 491 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. № 1 қосымшаға сәйкес базарда тауарын сататын жеке және заңды тұлғаларға біржолғы талондардың төлем ставкалары бекітілсін.
2 2. № 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 373 бабына сай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің тізбесіне сәйкес біржолғы талондардың төлем ставкасы бекітілсін.
3 3. № 3 қосымшаға сәйкес жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарына берілген жолақта орналасатын сыртқы (визуальды) жарнаманы орналастыруға төлем ставкалары бекітілсін.
4 4. № 4 қосымшаға сәйкес ойын бизнесі саласындағы кызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу нысанының бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары бекітілсін.
5 5. Осы шешім ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізілсін.
6 Базарда тауарын сататын жеке және заңды тұлғаларға біржолғы талондардың төлем ставкалары
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешіміне 1 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешімімен бекітілген
Базарда тауарын сататын жеке және заңды тұлғаларға біржолғы талондардың төлем ставкалары
№
Атауы
Бір күнге біржолғы талондардың құны (айлық есеп көрсеткішінен %)
1
Азық - түлік тауарларын сату:
1) прилавкадан
12
2) үстелден
1
2
Өнеркәсіп тауарларын сату:
1) прилавкадан
15
2) үстелден
5
3
Үй жануарларын тірілей сату - 1 басқа шаққанда
1) қой, ешкі
5
2) сиыр, жылқы
10
4
Автокөліктерден сату:
1) жеңіл автокөліктен
10
2) жүк автокөлігінен
25
7 Қазақстан Республикасындағы Салық кодексінің 373 бабына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешіміне 2 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешімімен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы Салық кодексінің 373 бабына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі
№
Қызмет түрлерінің тізбесі
Бір күнге бір реттік талондардың құны (айлық есеп көрсеткішінен %)
1
Тауарларды өткізу (стационарлық орындарда өткізуді қоспағанда):
1) газет - журналдарды
1
2) дән тұқымдарын, сондай-ақ отырғызатын өнімдерді (көшеттер, өсімде)
2
3) бақша өнімдерін
8
4) саяжайлар мен үй ауласында өсірілген тірі гүлдерді
5
5) ауыл шаруашылығы, бақ, бақша және саябақтың қосалқы шаруашылық өнімдерін
5
6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп
5
7) сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық
5
2
Жеке тракторлардың иелерінің жер телімдерін өндеу қызметтері
10
3
Жеңіл автомобильдер иелерінің жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтері (лицензиялы тасмалдаудан басқасы)
8
8 Жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарына берілген жолақта орналасатын сыртқы (визуальды) жарнаманы орналастыру үшін төлем ставкалары
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешіміне 3 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешімімен бекітілген
Жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарына берілген жолақта орналасатын сыртқы (визуальды) жарнаманы орналастыру үшін төлем ставкалары
1 1. Көшелердегі жарнамалық нысандардың орналасуы үшін төлем ставкалары айына бір ш.м. үшін айлық есептік көрсеткішінен 5 %;
2 2. Банкілік қызметтің жарнамасын орналастырған төлем ставкалары айына бір ш.м үшін есептік көрсеткішінен 25 %;
3 3. Жергілікті тауар өндірушілердің жарнамасын орналастырған кезде 1 және 2 тармақпен белгіленген ставкаларға 0,5 түзету коэффициенті енгізіледі.
Алынатын төлемнің көлемі жарнама нысанының орналасуының шынайы мерзімі негізінде анықталады. Жарнама нысаны үшін төлем есебі жарнама нысанының әрбір жағын қоса есептегенде қарастырылады.
12 Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу нысанының бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешіміне 4 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
№6-3 шешімімен бекітілген
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу нысанының бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары
№
Салық салу нысандары
Салық салу нысандарының бірлігі
Жылына айлық есеп көрсеткішінен бекітілген жиынтық салық ставкасы
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматтары
Бір ойын автоматы
10
2
Біреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматтары
Бір ойын автоматы
10
3
Бильярд
Бір бильярд үстелі
20
4
Ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер
Бір компьютер
10