О государственном коммунальном казенном предприятии «Павлодардортранс»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О государственном коммунальном казенном предприятии «Павлодардортранс»
- Атауы (қаз.)
- «Павлодаржолкөлік» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 15.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 15.07.1999 3900_287336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99P000180_
- ЭКБ идентификаторы
- 3900
- Редакция идентификаторы
- 3900_287336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:02
0 «Павлодаржолкөлік» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әділет басқармасы НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 2001 жылғы 30 қарашадағы қорытынды.
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 10 жылғы желтоқсандағы № 2578-ХII Заңының негізінде, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес, жол-көлік оқиғаларының салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу, автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту, жол қозғалысын ұйымдастыру және автосервис объектілері мен жол құрылымын дамыту шараларың өткізу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Жедел басқару құқығындағы «Павлодаржолкөлік» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылсын.
2. Облыс істер басқармасының жол полициясы басқармасына кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болуға уәкілдік берілсін.
3. Облыс ішкі істер басқармасының жол полициясы басқармасы:
кәсіпорынның Жарғысын дайындасын және бекітсін.
бір ай мерзімде қолданылып жүрген заң қағидаттарына сәйкес өз базасы негізінде жүктелген міндеттері қаржыландыратын кәсіпорын құрсын;
кәсіпорынды белгіленген тәртіпте заңды тұлға ретінде тіркеуден өткізсін.