Құжат мәтініне өту

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қаулы · № 73 · қабылданған 25.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39041/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 73 ·25.03.2008
25.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 73 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
25.03.2008
Көрсетілген редакция
25.03.2008 · қолданыстағы 39041_327854.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZM000070
ЭКБ идентификаторы
39041
Редакция идентификаторы
39041_327854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:49

0 Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №149 «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау үшін және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі бекітілсін (№ 1 қосымша).

2 2. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары № 2 қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтарды жұмыспен қамтамсыз ету үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсыныс етілсін (келісім бойынша).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Н. Хангереевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін күшіне енеді.

5 Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі

Аудан әкімдігінің 2008жылғы
25 наурыздағы № 73
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі
Осы Ереже халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен /меншік түріне қарамастан/ жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.

1 1. Осы ережеде пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1

1. Әлеуметтік жұмыс орны-халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды арнайы жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелген, жергілікті бюджет есебінен жұмысқа қабылданған қызметкерлерге жұмыс берушілер жалақы төлеу шығынының бір бөлігіне өтемақы жасайтын жұмыс берушілердің ашқан немесе ұсынған жұмыс орны:

2 2. Нысаналы топтар-жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актілері қолданылады.

4 4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жұмыссыздарға жолдама беруді жүзеге асырады.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі

1 1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу шартты негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе ашады.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдарды іріктеу, тізбесін аңықтау мен әлеуметтік жұмыс орындарының санын, мерзімі және қаржыландыру шартын аудан әкімі аппараты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп айқындайды.

3 3. Мекемелерді іріктеу кезінде әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуына кепілдік беретін кәсіпорындар мен ұйымдарға басымдылық беріледі.

4 4. Аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына олардың келісімімен жібереді.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың тәртібі мен көздері

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті бюджеттен қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаттары болып табылады.

2 2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыс берушілердің аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысын төлеудің бір бөлігін өтеуге келісімшарт жасайды.

3 3. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу шығынын жергілікті бюджет қаражатынан жұмысшыларға бекітілген еңбекақының 50 пайызы мөлшерінде өтейді, бірақ республика бойынша бекітілген ең төменгі еңбекақыдан төмен болмауы керек.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу жұмыс берушінің есеп айырысу шотына бюджет қаражатынан аударылады.

5 5. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу, жұмыс берушімен жеке келісімшарт жағдайында және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.

6 6. Жұмыс берушілер еңбекақы төлеу шығынын өтеу үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оған белгіленген айлығы көрсетілген жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзім ішінде, ай сайынғы жұмыс күнін есепке алатын тізімдікпен жолдайды.

7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу нақты орындаған жұмыс көлеміне немесе нақты жұмыс істеген уақытына қарап беріледі.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға төленген табысынан заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.

9 9. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмысшымен жасасқан жеке еңбекшарты мерзімнен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші уәкілетті органды қатерлейді және үш күн мерзім ішінде жұмыстан шығару туралы бұйрық көшірмесін жолдайды.

10 10. Мекеменің есеп айырысу шотына түскен жұмыссыздардың еңбекақысының бір бөлігін төлеу үшін белгіленген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, оған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауап береді.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау

1 1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесін бақылауды уәкілетті органдар мен мемлекеттік органдар құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

29 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
25 наурыздағы № 73
қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі
Нысандардың аттары
Адам саны
«Шыңғырлаукомтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
40
«Мансур» жауапкершілік шектеулі серіктестік
8
Мәдени демалыс орталығы
4
Барлығы
52

Қолданыстағы