Об утверждении Положения о деятельности медико-генетических консультаций (отделений) в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о деятельности медико-генетических консультаций (отделений) в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) қызметі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 07.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2010 AI39044_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005178_
- ЭКБ идентификаторы
- 39044
- Редакция идентификаторы
- AI39044_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:53
0 Қазақстан Республикасында медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) қызметі туралы ережені бекіту туралы
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) қызметі туралы ереже бекітілсін.
2 2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оны жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) осы бұйрыққа сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен соң он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасындағы медициналық-генетикалық кеңес беру (бөлімшелерінің) қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 7 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы медициналық-генетикалық кеңес беру (бөлімшелерінің) қызметі туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасындағы медициналық-генетикалық кеңес беру (бөлімшелерінің) (бұдан әрі - МГК) қызметін ұйымдастыруды анықтайды.
2 2. МГК халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында, оның ішінде тұқым қуалаушылық және туа біткен ауруларды диагностикалау, профилактика бойынша қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, құрылады.
3 3. МКГ денсаулық сақтау саласының дербес ұйымы ретінде ұйымдастырылуы немесе оның құрылымдық бөлімшесі (бөлімше) болып табылуы мүмкін.
4 4. МГК-ні ғылыми, жоғарғы және орта арнаулы медициналық білім беретін ұйымдар мен қосымша медициналық білім беретін ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2 2. МГК-ның функциясы
5 5. МГК туа біткен және тұқым қуалаушылық аурулары мәселелері бойынша кеңес беру-диагностикалық, профилактикалық және ақпараттық-ағартушылық жұмыс қызметін көрсетеді.
6 6. МКГ функциялау қызмет көрсетілетін халықтың мекен-жайына барынша жақын орналасуды қамтамасыз ете отырып, деңгей бойынша жүргізіледі және аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерді қамтиды.
7 7. Аудандық (қалалық) деңгейдегі МГК мыналарды:
1 1) ауруларды және тұқым қуалаушылық пен туа біткен аурулардан зардап шеккен адамдардың жай-күйін анықтауды, облыстық МКГ-ға жіберуді;
2 2) ауданның (қала) медициналық қызметкерлері мен халқының арасында медициналық-генетикалық білімді таратуды;
3 3) ұрықтың генетикалық бұзылуына жүкті әйелдерді генетикалық скринингтік тексеруді;
4 4) жаңа туылған күннің 4-5 күнінен кешіктірмей нәрестелердің генетикалық скринингін;
5 5) скрининг нәтижесінде аурулары анықталған жағдайда фенилкетонуриямен (бұдан әрі - ФКУ) және туа біткен гипотериозбен (бұдан әрі - ТБГ) ауыратын сырқаттарға инвазивтік диагностика мен емдеу жүргізу үшін облыстық МГК-ға жіберуді;
6 6) тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулары бар адамдарды статистикалық есепке алуды жүргізеді, аумақтық денсаулық сақтау органдарына есеп беру ақпаратын дайындауды жүзеге асырады.
8 8. Облыстық деңгейдегі МГК мыналарды:
1
1) диагнозды анықтау кезінде клиникалық-генеталогиялық талдауды (белгілердің немесе аурулардың тұқым қуалаушылық сипаты мен типін белгілеуге мүмкіндік беретін отбасылық анамнездің деректерін кешенді бағалауға, клиникалық тексеруге негізделген медициналық генетика әдісі), фенотипикалық тексеруді (қаралатын адамның фенотип талдауында және сипаттауына негізделген медициналық генетика әдісі), синдромологиялық әдісті (тұқым қуалаушылық сипаттағы синдромды (аурулар) диагностикалау үшін клиникалық-генеалогиялық талдаудың, фенотиптік тексерудің, клиникалық құрал-саймандық және зертханалық зерттеулердің деректерін кешенді бағалауға негізделген медициналық генетика әдісі), цитогенетикалық зерттеу әдісін (тірі ағзаның тін жасушаларындағы хромосомдық жиынтықтың (кариотип) немесе жеке хромосомдардың құрылымымен танысуға арналған медициналық генетикадағы әдістер тобы) пайдалана отырып, тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулары бар адамдарға медициналық-генетикалық кеңес беруді;
2
2) ультрадыбыстық зерттеу, аналық қан сары су маркерлерін бағалаудың иммундық-флюроресценттік талдауы (жүктілікпен байланысты плазмалық протеин, альфа-фетопротеин, хорионикалық гонадоропиннің B-бірлігі, неконьюгиривтік эстрадиол және өзге де зерттеу әдістері негізінде хромосомдық аурулар мен туа біткен даму кемшілігіне жүкті әйелдердің пренаталдық скринингті;
3
3) 3 еселік ультрадыбыстық скринингтің негізінде тұқым қуалаушылық және туа біткен аурудың таралған пренаталдық диагностикалауды (1-кезең скринингтік, 2-кезең облыстық МГК растайтын УДЗ), сондай-ақ құрсақтық ұрықтың хромосомдық потологиясы бойынша жоғары қауіпті жүкті әйелдер тобында инвазивтік ем-шаралар мен хромосомдық аурулардың пренаталдық-цитогенетикалық диагностикасын жүргізуді;
4 4) зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруларына адамдардың селективтік скринингін;
5 5) жаңа туған нәрестелердің дамудағы туа біткен кемшіліктерінің (ДТБК) мониторингін жүргізуді;
6 6) диагнозды нақтылау үшін генетикалық аурудың қиын жағдайындағы адамдарды республикалық МГК жіберу, генетикалық зерттеулер мен медициналық-генетикалық кеңес беруді;
7 7) салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, медицина қызметкерлері мен халықтың арасында медициналық-генетикалық
білім мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты;
8 8) аудандық (қалалық) МГК-ға әдістемелік басшылық пен практикалық көмек көрсетуді;
9 9) тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулары бар адамдарды статистикалық есепке алуды жүргізеді, аумақтық денсаулық сақтау органдарына есеп беру ақпаратын дайындауды жүзеге асырады.
9 9. Республикалық МГК мыналарды:
1 1) диагностикалаудың цитогенетикалық, биохимиялық, молекулярлық-генетикалық және басқа да түрлерін пайдалану арқылы генетикалық аурулардың қиын жағдайларында, тұқым қуалаушылық ауруларының қиын және сирек жағдайларында кеңес беруді;
2 2) облыстық және өңірлік МГК-ні әдістемелік басқару және практикалық көмек көрсетуді;
3
3) МГК ұйымы қызметіне талдау және жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің генетикалық бұзылуына скрининг жүргізуге қатысты, оның ішінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізу мақсатында жергілікті жерлерге бара отырып, олардың жұмыстарының ұйымдастырушылық нысандарын жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеуді;
4 4) инвазивтік ем-шаралар жүргізе отырып, ана биохимиялық қан сарысуы скринингін ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған нәрестелерді ФКУ және ТБК-ге скрининг жүргізуде МГК жұмысын және басқа жұмыстарды үйлестіруді;
5 5) Қазақстан Республикасы аумағында медициналық-генетикалық жағдай мен генетикалық скринингтің тиімділігін бақылау үшін жаңа туған нәрестелердің ДТБК мониторингін енгізу бойынша өңірлік МГК ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңестік көмек көрсетуді;
6 6) МГК медицина қызметкерлерін даярлау мен біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарларды әзірлеуді;
7
7) туа біткен және тұқым қуалаушылық ауруларымен танысуға, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінің медициналық-генетикалық салдарын бағалауға, медициналық-генетикалық кеңес беруге, генетикалық скринингке, генетикалық аурулары бар адамдарды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жаңа әдістерін әзірлеуге, саралауға және енгізуге, халық және медициналық қызметкерлер арасында медициналық-генетикалық білімді арттыру мақсатында ақпараттық материалдар дайындауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді;
8 8) тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулары бар адамдарды статистикалық есепке алуды жүргізеді, орталық мемлекеттік денсаулық сақтау органына есеп беру ақпаратын дайындауды жүзеге асырады.
3 3. МГК-нің ұсынылатын құрылымы
10 10. Аудандық (қалалық) деңгейдегі МГК медициналық генетика бойынша маман сертификаты бар дәрігердің қызметін қарастырады.
11 11. Облыстық МГК мыналарды қамтиды:
1 1) медициналық-генетикалық кеңес беру бөлімшесі;
2 2) цитогенетикалық диагностика зертханасы;
3 3) зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруының неонаталдық және биохимиялық скрининг зертханасы;
4 4) пренаталдық диагностика зертханасы;
5 5) Облыстық МГК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі.
12 12. Республикалық МГК (бөлім) мыналарды қамтиды:
1 1) медициналық-генетикалық кеңес беру бөлімшесі;
2 2) цитогенетикалық диагностика зертханасы;
3 3) зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруының диагностикасы зертханасы;
4 4) ФКУ және ТБК скрининг зертханасы;
5 5) пренаталдық диагностика зертханасы;
6 6) молекулярлық-генетикалық диагностика зертханасы;
7 7) республикалық МГК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі.
4 4. МГК жұмысын ұйымдастыру
13 13. Медициналық-генетикалық кеңес беру бөлімшесі қызметтерінің түрі:
1 1) тұқым қуалаушылықтан зардап шегетін отбасыларындағы ұрпақтардың болжамын бағалау, тұқым қуалаушылық ауруының диагнозын нақтылау, көптеген туа біткен даму кемшіліктерінің синдромдық диагностикасы, кеңес алушы адам үшін медициналық-генетикалық болжамды түсінікті нысанда түсіндіру;
2
2) дамуда туа біткен кемшілігі бар жаңа туған нәрестелердің мониторингін жүргізу, сондай-ақ тұқым қуалаушылық аурулары бар адамдары есепке алу және медициналық генетика бойынша функционалдық міндеттер жүктелген аудандық (қалалық) медициналық қызметкерлерімен байланыс арқылы МГК-да емделушілердің ағымын қалыптастыру;