О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам численности депутатов маслихатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам численности депутатов маслихатов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мәслихаттар депутаттарының саны мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 19.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.07.1999 AI3905_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z990000442_
- ЭКБ идентификаторы
- 3905
- Редакция идентификаторы
- AI3905_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:01
0 Қазақстан Республикасының мәслихаттар депутаттарының саны мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 ж., N 22, 308-құжат; 1999 жылы 8 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының штат саны және қарыз алу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
2-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тиісті мәслихат депутаттарының санын (жоғары және төменгі шегі) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шекте анықтайды: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейін; қалалық мәслихатқа - 30-ға дейін, аудандық мәслихатқа - 25-ке
дейін.".
2. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы
өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы" 1997
жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 181-құжат):
3-баптың 2-тармағы алып тасталсын.