Қолданыстағы ред. 04.04.2008

Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балалардың жеңілдетілген жол жүруі туралы от 04.04.2008 г. № 126/5 (Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балалардың жеңілдетілген жол жүруі туралы)

0

Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балалардың жеңілдетілген жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" № 738 қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. "Павлодар қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты" мен "Павлодар қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемелерінде оқыған кезінде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін.

2

2. Павлодар қаласының әкімдігіне осы шешімді іске асыру бойынша шара қолдану ±сынылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастан қолданысқа енгізіледі.