Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балалардың жеңілдетілген жол жүруі туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балалардың жеңілдетілген жол жүруі туралы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" № 738 қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Павлодар қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты" мен "Павлодар қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемелерінде оқыған кезінде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар қаласының әкімдігіне осы шешімді іске асыру бойынша шара қолдану ±сынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастан қолданысқа енгізіледі.