Об установлении водоохранных зон и полос на реке Илек в административных границах города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и полос на реке Илек в административных границах города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 01.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2024 39103_726492.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08C0003248
- ЭКБ идентификаторы
- 39103
- Редакция идентификаторы
- 39103_726492
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:45
0 Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері көрсетілген сызбаға (1 қосымша) сәйкес белгіленсін.
2 2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жер есебі құжаттарына өзгерістер енгізу және Елек өзенінің ластануына, сарқылуына жол бермеу жөнінде іс-шараларын әзірлеу жөніндегі жобалық құжаттарын Ақтөбе қаласының әкімдігіне тапсырсын.
3 3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруашылықтардың басшылары меншік түрлеріне қарамастан, сондай-ақ Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер үлестері бар азаматтарға:
суды қорғау аймақтары мен белдеулерді тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
Елек өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде сақтау ұсынылсын.
4
4. Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды Елек өзенінің ластануы және сарқылу мүмкіндігін болдырмай шаруашылық пайдаланудың шектеу тәртібін сақтаған жағдайда белгіленген тәртіппен су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті ұйымдармен және басқа уәкілетті ұйымдардың келісімі бойынша жүргізілсін.
5 5. Осы қаулы ол ресми түрде бірінші жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
7 Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
N 88 қаулысына 1 қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88
қаулысына 2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі
1 1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2 2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.