Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы
ҚАЗТабысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-19
- Қабылданған күні
- 26.03.2008
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2013 · қолданыстағы AI39178_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08GF000054
- ЭКБ идентификаторы
- 39178
- Редакция идентификаторы
- AI39178_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:48
0 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2) тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабы негізінде Меркі аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Меркі аудандық маслихаттың
2008 жылғы 26 науырыздағы
№ 7-19 Шешіміне қосымша
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2) тармағының негізінде аудандағы табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсетуді белгілейді.
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері
1
1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегі «Меркі аудандық әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік» бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ауыл, кент Әкімдері жанынан құрылған мемлекеттік атаулы көмекті және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалып төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау учаскелік комиссиялар ( одан әрі учаскелік комиссиялар ) қорытындысы бойынша төленеді.
2 2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын адамдарға жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен беріледі.
3
3. Меркі аудан әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі ауыл, кент Әкімдері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындысымен бірге ұсынылған тізім және отбасылардың өтініші бойынша «Меркі аудан әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.