О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам, касающимся заповедников и национальных парков
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам, касающимся заповедников и национальных парков
- Атауы (қаз.)
- Қорықтар мен ұлттық парктер құруға қатысты мәселелер жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2392
- Қабылданған күні
- 30.07.1995
- Көрсетілген редакция
- 30.07.1995 3919_543615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.1995
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U9500002392
- ЭКБ идентификаторы
- 3919
- Редакция идентификаторы
- 3919_543615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:32
0 Қорықтар мен ұлттық парктер құруға қатысты мәселелер жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастыру тәртiбiн оңайлату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
I. Қорықтар мен ұлттық парктер құруға қатысты мәселелер жөнiндегi Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгертулер енгiзiлсiн:
1. 1990 жылғы 16 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 47, 429-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 309-құжат; N 16, 411-құжат; 1993 ж., N 8, 183-құжат);
15-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қорықтар, ұлттық табиғи парктер және басқа республикалық маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтар мен объектiлер құру;
144-баптағы:
Бiрiншi бөлiк алып тасталсын:
екiншi және үшiншi бөлiктер тиiсiнше бiрiншi және екiншi болып саналсын.
2. "Қазақ ССР-iнде айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" 1991 жылғы 18 маусымдағы Қазақ ССР-iнiң Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 332-құжат):
9-баптың алтыншы абзацы алып тасталсын;
11-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қорықтар, ұлттық табиғи парктер және басқа республикалық маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтар мен объектiлер құру жөнiнде шешiмдер қабылдау";
53-баптағы:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қорықтарды, ұлттық табиғи парктердi және басқа республикалық маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтар мен объектiлердi Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, бұған арнайы уәкiлдiк берiлген басқа да органдар мен ғылыми ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi құрады".
2-тармақ алып тасталсын;
3-және 4-тармақтар тиiсiнше 2 және 3-шi болып саналсын, олар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергiлiктi маңызы бар тарихи-табиғи және мемориалдық парктер Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен Мәдениет министрлiгi органдарының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiктердiң шешiмiмен құрылады.
3. Жергiлiктi маңызы бар заказниктер, табиғат ескерткiштерi, ботаникалық бақтар, зоологиялық парктер, дендрологиялық парктер, курорттар мен рекреациялық аймақтар Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң органдары мен ғылыми ұйымдардың ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiктердiң шешiмiмен құрылады".
3. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi туралы"
1991 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ
ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 27, 355-құжат);
23-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қорықтар ұлттық табиғи парктер және басқа республикалық
маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтар мен объектiлер құру
жөнiнде шешiмдер қабылдайды".