Об установлении ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 11.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2012 39208_175521.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08M0002008
- ЭКБ идентификаторы
- 39208
- Редакция идентификаторы
- 39208_175521
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:53
0 Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын әлеуметтік жағынан Қорғау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
1 1. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай (ақшалай төлем құралдары облыстыҚ бюджет құралдарынан) Қамту 25 есе айлық есеп төлем көрсеткішімен белгіленсін.
2 2. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
3 3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі – ақшалай қамту) белгіленеді.
4 4. алынып тасталды
5 5. Ақшалай қамтуды алуға үміткерлердің тізімдік құрамы қажеттілігіне қарай облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұсынуы бойынша жұмыс тобының шешімінің негізінде жылына 2 рет анықталады.
6 6. Ақшалай қамту жөніндегі жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
7 7. Спортшылардың республикалыҚ және халықаралық жарыстарда спорттық нәтижелері болмаған, республикалық немесе облыстық құрама командаларының сапынан шығарылған және спорттық тәртіпті бұзған жағдайында, облыс әкімінің және жұмыс тобының шешімімен ай сайын ақшалай қамтуы тоқтатылуы мүмкін.
8 8. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А.Қараевқа жүктелсін.
9 9. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ж.А.Қараев
Ә.Ө.Сахимов
Е.А.Бектұрғанов
А.Әбдешұлы
Маңғыстау облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
департаментінің директоры
Х.Х.Нұрғалиева
"_11_"_наурыз_ 2008 ж.
Маңғыстау облысы
Қаржы департаментінің директоры
М.Б.Әлібекова
"_11_"_наурыз_ 2008 ж.
Маңғыстау облысы
дене тәрбиесі және спорт
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
Р.Ф.Елизарова
"_11_"_наурыз_ 2008 ж.
10 Жұмыс тобының мүшелері:
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2008 жылғы «11» наурыздағы
№ 171 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Жұмашев
Қаныбек Бекболатұлы
облыс әкімнің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі
Елизарова
Рушания Фаритовна
Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері:
Иманғалиев
Қазбек Рахметұлы
Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің бастығы
Джумаев
Айнди Зайндиевич
Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жас қанат» спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры
Көпенов
Жақсылық Қайыркенұлы
спорт ардагері
Коломиец
Анатолий Константинович
спорт ардагері
Озғанбаев
Қанат Амандықұлы
Маңғыстау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Маңғыстау облысының олимпиадалық резервін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры