О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-2/95
- Қабылданған күні
- 21.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2009 39240_172771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003247
- ЭКБ идентификаторы
- 39240
- Редакция идентификаторы
- 39240_172771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:49
0 Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек
Кодексінің
18-бабына сәйкес, "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының 2008 жылға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын арттыруға құқығы бар мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4С-5-8 шешімі негізінде облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.В.Наймушинға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
4 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 21 наурыздағы
N а-2/95 қаулысына
қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер, (-зертханашы), провизор.