Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Өзге акт · № 61 · қабылданған 18.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39291/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 61 ·18.04.2008
27.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 61 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61
Қабылданған күні
18.04.2008
Көрсетілген редакция
27.09.2011 39291_204350.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CF000065
ЭКБ идентификаторы
39291
Редакция идентификаторы
39291_204350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 7 баптың 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 “Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі” Кодексының 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына, төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшеріндегі құны түрінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2

2. ”Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” ММ-сі (Көшербаева О.М.) ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсету үшін жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына,төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін қаржы бөлсін.

3

3. Жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын ақшалай көмек көрсетілсін, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, сондай-ақ 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге, еңбек жағдайындағы мертіккен мүгедектерге, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектеріне үш мың теңге көлемінде; ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін.

4 4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.

Қолданыстағы