Об открытии осенней охоты на пернатую дичь
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об открытии осенней охоты на пернатую дичь
- Атауы (қаз.)
- Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 60р
- Қабылданған күні
- 18.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 18.08.1999 3930_236309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99Z0000073
- ЭКБ идентификаторы
- 3930
- Редакция идентификаторы
- 3930_236309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:57
0 Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 30.12.1999 № 251 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында аң аулаудың Бірыңғай ережесіне сәйкес және құстар санын реттеу, тұрғындардың әуесқой спорттық қажетін қанағаттандыру мақсатында:
1. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының 1999 жылғы 4 қыркүйек күні таң сәріден 21 қарашаға дейін суда жүзетін, далалық және саз құстарын әуесқой спорттық аулауды өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
13 қазанды қосып есептегенде, әр аптаның сейсенбісі мен сәрсенбісі құстарға тыныштық, беру күндері болып белгіленсін.
2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы аңшыларға белгіленген заң тәртібіне сәйкес рұқсат беруді қамтамасыз етсін.
3. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау, ішкі істер басқармалары аңшылық маусымы кезеңінде жануарлар әлемін қорғау, әуесқой спорттық аулауды жүзеге асыру кезінде браконьерліктің жолын қию және аңшылардың Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі шараларды әзірлесін және оның орындалуын ұйымдастырсын.