Құжат мәтініне өту

О создании государственного учреждения "Институт истории государства" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 416 · қабылданған 05.05.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39360/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О создании государственного учреждения "Институт истории государства" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 416 ·05.05.2008
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного учреждения "Институт истории государства" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 416 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного учреждения "Институт истории государства" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
416
Қабылданған күні
05.05.2008
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI39360_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000416_
ЭКБ идентификаторы
39360
Редакция идентификаторы
AI39360_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:30

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті мекеменің мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Мекеме қызметінің негізгі мәні мемлекеттік және тарихи сана-сезімді қалыптастыру үдерісін ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету, Қазақстан мемлекетінің қазіргі тарихын құру және теориялық негіздеу болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мекемені құруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген резервінен 15000000 (он бес миллион) теңге бөлсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

6 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлім мынадай-мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:
"18-1. Мемлекет тарихы институты";

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

3 3) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген реттік нөмірі 12-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет тарихы институты 50".

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы