Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан

Бұйрық · № 156-П · қабылданған 21.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39363/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 156-П ·21.03.2008
18.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 156-П · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының соттарынан және атқару өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156-П
Қабылданған күні
21.03.2008
Көрсетілген редакция
18.10.2010 AI39363_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005195_
ЭКБ идентификаторы
39363
Редакция идентификаторы
AI39363_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:49

0 Қазақстан Республикасының соттарынан және атқару өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының соттарынан және атқару өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитетінің Төрағасының
2008 жылғы 21 наурыздағы
N 156-П бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын ресми құжаттарды апостильдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды. Қараңыз.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 67 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1536 тіркелген) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4

4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық құқықтық байланыс басқармасы (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39 үй, Жоғарғы Сот ғимараты, "Е" Блогы, 0035 кабинет. Байланыс телефоны: (87172) 747920.

5 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны ұсынылған құжатқа апостиль қою болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, (тіркелген, талон алған сәттен, және т.б.) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15-20 минутты құрайды;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрып күтудің ең көп мерзімі 15-20 минутты құрайды;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде кезекте тұрып күтудің ең ұзақ мерзімі 15-20 минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Кодексіне сәйкес, мемлекеттік баждың төленетін күніне бекітілген есеп айырысудың ең төменгі көрсеткішінің 20 пайызын құрайтын мемлекеттік баж төленеді.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат ҚР Жоғарғы Соты Веб-сайтының (www.supcourt.kz) Комитет айдарында орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіні қоспағанда күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін қабылданады, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, құжаттарды беру 16.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.

Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу жүргізілмейді.

11 11. Қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Ресми құжаттарға апостиль қою үшін жеке басын куәландыратын куәлік немесе паспортты, апостиль қою үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртек, сонымен қатар, өтініш беруші жеке келе алмаған жағдайда нотариалды сенімхат беруі қажет.

Заңды тұлғалардың өкілдері заңда бекітілген тәртіпте ресімделген сенімхат беруі қажет.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк, өтініш толтыру талап етілмейді.

14 14. Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39 үй, Жоғарғы Сот ғимараты, "Е" Блогы, 0035 кабинет. Байланыс телефоны: (87172) 747920

15 15. Тұтынушылардың апостиль қоюға ұсынған құжаттары апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін тұтынушының өзі келуі немесе тұтынушы сеніп тапсырған өкілетті тұлға келуі тиіс.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден қателіктер табылған жағдайда (жөндеу, тазартып өшіру, т.б.) бас тартылады. Ұқсас қателіктер табылған жағдайда құжаттар өтініш берушіге жұмыс күні ішінде қайтарып беріледі.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17 17. Комитет мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады: көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, сыпайылық, құжаттардың мүлтіксіз сақталуы, ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы.

4 4. Жұмыс нәтижелері

18 18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету осы Стандарттың 1-Қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

19 19. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы Комитет жетекшісіне жүгіне алады.

20 20. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе Комитет кеңсесіне, 0029 кабинетке қолма-қол беріледі.

21 21. Комитетке келіп түскен шағымдарды қарастыру Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген мерзім мен тәртіпте жүзеге асырылады.

Заңнамада бекітілген тәртіпте келген шағымдар міндетті қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыруға жатады.

6 6. Байланыс ақпараты

22 22. Мемлекеттік органның жетекшісі, оның орынбасарларының байланыс мәліметтері осы стандарттың 2-қосымшасында келтірілген.

23 23. Өзге де қажетті ақпаратты ҚР Жоғарғы Сотының (www.Supcourt.kz) веб-сайтынан табуға болады.

1 Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Қазақстан Республикасының
соттары мен атқарушылық
іс жүргізу органдарынан
шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою жөніндегі
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің
нор­ма­тив­тік
мәні
Көр­сет­кіш­тің
ке­ле­сі жы­л­ғы
мақ­сат­тық
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
есеп бе­ру
жы­лын­да­ғы
ағым­дық
мәні
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған
сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қыз­мет­ті ұсы­ну
оқи­ға­ла­ры­ның % (үле­сі)
1.2. қыз­мет алу­ды ке­зек­те
___ ми­нут­тан астам уа­қыт
күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі­сі-
нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
2.2. құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды
тұл­ға дұ­рыс ре­сім­де­ген
жағ­дай­дың % (үле­сі)
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет­ті ұсы­ну тәр­ті­бі
ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
% (үле­сі)
3.2. тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды
дұ­рыс тол­тыр­ған және бі­рін­ші
рет­тен тап­сыр­ған оқи­ға­лар­дың
% (үле­сі)
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы алу­ға
бо­ла­тын ақ­па­рат­тар, қыз­мет­тер % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы тү­рі
бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген
тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­на
негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың %
(үле­сі)
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де
қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды-
ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ныс-
та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­міне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
% (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің
сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)

2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Халықаралық-құқықтық байланыс және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының байланыс мәліметтері:

Қазақстан Республикасының
соттары мен атқарушылық
іс жүргізу органдарынан
шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою жөніндегі
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Халықаралық-құқықтық байланыс және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының байланыс мәліметтері:
Ата­уы
Ор­на­лас­қан ме­кен-жайы
Бай­ла­ныс
те­ле­фо­ны
Құқық­тық қам­та­ма­сыз
ету және ха­лы­қа­ра­лық-
құқық­тық бай­ла­ныс
бас­қар­ма­сы
Аста­на қа­ла­сы,
Тәу­ел­сіз­дік кө­ше­сі,
39 үй, Жо­ғар­ғы
Сот ғи­ма­ра­ты, "Е"
бло­гы, Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы
Со­ты жа­нын­да­ғы Сот
әкім­ші­лі­гі жө­нін­де­гі
ко­ми­тет, 0035 ка­би­нет
8(7172) 747920

Қолданыстағы