Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Астраханском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Астраханском районе
- Атауы (қаз.)
- Астрахан ауданындағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 10.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 39369_52428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BF000084
- ЭКБ идентификаторы
- 39369
- Редакция идентификаторы
- 39369_52428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:40
0 Астрахан ауданындағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астрахан ауданында мүгедектер үшін жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орнының квотасы белгіленсін.
2 2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3 3. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етуге кіріседі.
КЕЛІСІЛДІ:
Астрахан ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.Жұмақаев
Астрахан ауданының
«Кәсіпкерлік бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
бастығы»
Ж.Сағынов