Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ликвидации отдельных ведомств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 1266 · қабылданған 26.08.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3941/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О ликвидации отдельных ведомств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста 26.08.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ликвидации отдельных ведомств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 1266 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ликвидации отдельных ведомств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволарын тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1266
Қабылданған күні
26.08.1999
Көрсетілген редакция
26.08.1999 AI3941_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990001266_
ЭКБ идентификаторы
3941
Редакция идентификаторы
AI3941_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:57
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволарын тарату туралы

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мынадай ведомстволары таратылсын:

1) Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi;

2) Өсiмдiктердi қорғау комитетi;

3) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi комитет.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған комитеттердi таратуды жүзеге асырсын.

3. Жоғарыда аталған ведомстволар таратылғаннан кейiн қалған мүлiктерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне берiледi деп айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 сәуiрдегi N 476 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N15, 152 құжат);

2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 161-құжат);

3) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 498
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 162-құжат);

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы

N 1093
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17,19
және 20-тармақтары.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.