Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Ереже · № 40/8-4 · қабылданған 26.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39430/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Ереже ·№ 40/8-4 ·26.03.2008
26.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Ереже ·№ 40/8-4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/8-4
Қабылданған күні
26.03.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2008 39430_326303.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BQ000068
ЭКБ идентификаторы
39430
Редакция идентификаторы
39430_326303
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:48

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы

Целиноград аудандық әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысын қарастырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Қосымшадағы мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттан 2007 жылғы 11 шілдедегі № 274/42-3 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (Целиноград ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 24 тамыздағы № 1-17-59 тіркелген, аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінің 2007 жылғы 7 қыркүйектегі № 50-51, № 38 жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

3 3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінде ресми түрде жариялағаннан кейін іске асырылады.

4 БЕКІТІЛДІ

аудандық мәслихатының
2008 жылғы 26 наурыздағы
№ 40/8-4 шешімімен
Мұқтаж азаматтардың жекелеген тоцтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері (ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындагы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Целиноград ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 4 қаңтарындағы № 1-17/62 тіркелген, Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсанындағы № 30/6-4 «2008 жылға арналған аудандық бюджет тураіш» шешіміне сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Ақшалай төлем туріндегі әлеуметтік қолдау келесі топтағы азаматтарға әкім өкімімен көрсетіледі:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға;

2 2) тыл еңбеккерлері;

3 3) барлық топ мүгедектерге;

4 4) өкпе ауруымен ауыратындарға;

5 5) аз қамсыздандырылған азаматтарға.

Әлеуметтік көмек сондай-ақ аз қамсыздандырылған қорғалмаған тұрғындар құрамына ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.

2 2. Ережелерді қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып табылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және көлемі

3

3. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме бір жолғы материалдық көмекке зәру азаматтардың жеке өтініші, сондай-ақ ауылдық округ әкімдігінің өтініш хаты, материалдық тексеру актісі негізінде әр алушыға бір жолғы материалдық көмек бөлу туралы аудан әкімінің өкімі үшін түсініктеме хат дайындайды:
Аз қамсыздандырылған қорғалмаған азаматтарға жеке өтінішінің негізінде және оған төмендегі құжаттарын ұсына отырып, әлеуметтік көмек айсайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде беріледі:
жеке куәліктің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) көшірмесі;
отбасы құрамы мен тұрғылықты мекенжайын растайтын анықтама;
әлеуметтік көмек мұқтаждығын растайтын құжат (материалдық тексеру актісі).

4 4. Осы ереженің 1 тармағында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік қолдау Астана қаласының Қазпошта бөлімшесіндегі алушының жеке шотына ақшалай қаражат аудару жолымен ай сайын келесі көлемдерде жүзеге асырылады:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға – 10000 теңгеге дейін;

2 2) тыл еңбеккерлеріне - 1000 теңгеден 2000 теңгеге дейін;

3 3) барлық топ мүгедектеріне - 3000 теңгеден 5000 теңгеге дейін;

4 4) өкпе ауруымен ауыратындарға – 3000 теңге;

5 5) аз қамсыздандырылған азаматтарға 3000 теңгеден 5000 теңгеге дейін;

6 6) аз қамсыздандырылған қорғалмаған тұрғындарға әлеуметтік көмек – 584 теңге.

5 5. Әлеуметтік қолдау сондай - ақ мүгедектерге кресло-арба, соғыс ардагерлеріне санаторий-курортқа жолдама, тыл еңбеккерлері мен мүгедектерге, сондай-ақ өрттен зардап шеккендерге және төтенше жағдайларда зардап шеккендерге 20000 теңгеден - 50000 теңгеге дейін көрсетіледі.

Қолданыстағы