Құжат мәтініне өту

Об установлении карантинной зоны с ведением ограничительных мероприятий на село Казанка Суворовского сельского округа Узункольского района по бешенству животных

Қаулы · № 71 · қабылданған 14.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39436/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении карантинной зоны с ведением ограничительных мероприятий на село Казанка Суворовского сельского округа Узункольского района по бешенству животных Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·14.04.2008
14.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантинной зоны с ведением ограничительных мероприятий на село Казанка Суворовского сельского округа Узункольского района по бешенству животных

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантинной зоны с ведением ограничительных мероприятий на село Казанка Суворовского сельского округа Узункольского района по бешенству животных
Атауы (қаз.)
Ұзынкөл ауданы Суворов селолық округінің Казанка ауылына жануарлардың құтырмасы бойынша шектеулер қою іс-шараларын жүргізуге байланысты тыйым салу аймағын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
14.04.2008
Көрсетілген редакция
14.04.2008 39436_350935.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NS000073
ЭКБ идентификаторы
39436
Редакция идентификаторы
39436_350935
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:39

0 Ұзынкөл ауданы Суворов селолық округінің Казанка ауылына жануарлардың құтырмасы бойынша шектеулер қою іс-шараларын жүргізуге байланысты тыйым салу аймағын белгілеу туралы

«Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10, 27-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министірлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Ұзынкөл аудандық аймақтық инспекциясының 2008 жылғы 31 наурыздағы № 237 ұсынысының негізінде және Ұзынкөл ауданы Суворов селолык округінің Казанка ауылындағы жануарлардың құтырмасын жою жөніндегі іс -шараларды өткізу мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұзынкөл ауданы Суворов селолық округінің Казанка ауылы жануарлардың құтырмасынан сау емес деп белгіленсін.

2 2. Алдын ала ветеринарлық бауыздау байқауынан мұқият өтпеген және сойылған малдың өнімдерін ветеринарлық - санитарлық сараптаудан өтпеген жануарларды союға тыйым салыну ұсынылсын.

3 3. «Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің агроонеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Ұзынкөл аудандық аймактық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі салауатсыз орында мына іс - шараларды өткізсін (келісім бойынша):

1

1) ауру және ауруға күдікті жануарлар топтарынан бөлінген, сонымен қатар қаңғыбас иттер (мысықтар) мен жабайы хайуаңдар қауып алған жануарлар топтарына тәулігіне үш реттен кем емес үнемі ветеринарлык қадағалау белгілесін. Жануарлардың құтырма ауруымен ауырған ауруларды және оған күдіктілерді неғұрлым ерте анықтау мақсатында бүкіл топты ветеринарлық байқаудан өткізсін;

2 2) құтырма ауруымен ауырған жануарлар, аурулар және оған күдіктілердің болған жерлерін, жануарларды күтуге қажетті саймандарды, киімдерді және басқа да құтырма ауруымен ауырған жануарлардың сілекейімен және зәрлерімен ласталған заттарды залалсыздандырсын;

3 3) Ұзынкөл ауданының Суворов селолық округінің Казанка ауылында жануарлардың құтырмасы ауруының алдын алу мен оны жою жөніндегі мал дәрігерлік іс-шараларды әзірлесін.

4 4. «Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мыналар ұсынылсын (келісім бойынша):

1 1) құтырмаға (қарым - қатынас жасайтындар) қарсы егуді қажет ететін тұлғаларды анықтау үшін, құтырма ауруынан салауатсыз елді мекендерді аула сайын аралауды ұйымдастырсын;

2 2) жануарлар ұсталатын жерлердің санитарлық жағдайына, сонымен қатар елді мекеннің аумағына тексеріс жүргізсін;

3 3) ауданның емдеу - сауықтыру мекемелерін антиробиялық вакцина мен иммуноглобулиннің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етсін;

4 4) ветеринарлық қызметпен бірлесіп қауып алғаннан зардап шеккендердің жүгінуінің барлық жағдайына эпизоотологиялық-эпидемиологилық тергеу жүргізсін;

5 5) «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп құтырманың алдын алу жөнінде халық арасында санитарлық - сауаттандыру жұмысын жүргізсін.

5 5. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):

1 1) барлық зардап шеккендерге дәлелдемелері болған жағдайда құтырмаға қарсы емдеу - алдын - алу егулерін уақытында жүргізуін қамтамасыз етсін;

2 2) құтырмаға диагноз қою, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің теориялық және тәжірбие дайындығын өткізуді қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Н. Мұхамедқалиевке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы