Кіру
Құжат мәтініне өту

О столице Республики Казахстан

Жарлық · № 2457 · қабылданған 14.09.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3944/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О столице Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 2457 ·14.09.1995
14.09.1995 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О столице Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 2457 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О столице Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының астанасы туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2457
Қабылданған күні
14.09.1995
Көрсетілген редакция
14.09.1995 3944_543061.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U9500002457
ЭКБ идентификаторы
3944
Редакция идентификаторы
3944_543061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:31

0 Қазақстан Республикасының астанасы туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және "Қазақстан Республикасының астанасын көшiру туралы" 1994 жылғы 6 шiлдедегi Республика Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Былай деп белгiленсiн:

Республиканың Парламентi мен Үкiметi Ақмола қаласына көшiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласы болып табылады;
Республиканың Президентi Резиденциясының тұратын жерi Ақмола және Алматы қалалары болып табылады.

2. Жоғары және мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комиссиясы құрылсын, оған бұл мақсатта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру құқығы берiлсiн.

3. Республика Үкiметi:

Ақмола қаласын абаттандыру жөнiндегi бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорын тағайындасын.
Ақмола қаласының құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға қатысушы инвесторларға салық, кеден және өзге де жеңiлдiктер беру жөнiндегi ұсыныстарды дайындап, Республика Президентiнiң қарауына енгiзсiн;
осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде өзге де қажеттi шараларды қолдансын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы