Об утверждении Перечня стандартных символов опасности, которые указываются при предупредительной маркировке химической продукции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня стандартных символов опасности, которые указываются при предупредительной маркировке химической продукции
- Атауы (қаз.)
- Химиялық өнімдерді алдын ала таңбалау кезінде жазылатын қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 02.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 39459_529256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005207_
- ЭКБ идентификаторы
- 39459
- Редакция идентификаторы
- 39459_529256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:44
0 Химиялық өнімдерді алдын ала таңбалау кезінде жазылатын қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесін бекіту туралы
"Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімдерді алдын ала таңбалау кезінде жазылатын қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Техникалық реттеу және метрология Комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының орынбасары Т.А. Момышевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Химиялық өнімдерді алдын ала таңбалау кезінде жазылатын қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы»2 сәуірдегі
N 115 бұйрығымен бекітілді
Химиялық өнімдерді алдын ала таңбалау кезінде жазылатын қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесі
1 1. Осы тізбе»"Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына 1 тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесін анықтайды.
Қауіптіліктің стандартты белгілеріне:
жарылғыш заттар (1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 және 1.6 класс тармақтары);
тұтанғыш газдар (1 және 2-санаттар);
тұтанғыш аэрозольдер (1 және 2-санаттар);
тотыққыш газдар (1-санат);
қысым астындағы газдар;
тұтанғыш сұйықтықтар (1 - 4-санаттар);
тұтанғыш қатты заттар (1 және 2-санаттар);
өздігінен реактивті химиялық заттар (А-түрі, В-түрі, С және D-түрлері, E және F-түрлері, G-түрі);
өзі тұтанғыш сұйықтықтар (1-санаты);
өзі тұтанғыш қатты заттар (1-санаты);
өздігінен қызатын заттар (1 және 2-санаттар);
сумен жанасқан жағдайда тұтанғыш газдар бөлетін химиялық заттар (1 - 3-санаттар);
тотыққыш сұйықтықтар (1 - 3-санаттар);
тотыққыш қатты заттар (1 - 3-санаттар);
органикалық пероксидтер (А-түрі, В-түрі, С және D-түрлері, E және F-түрлері, G-түрі);
металл жегідесін тудыра алатын химиялық заттар (1-санат);
қатты уыттылыққа ие химиялық заттар: жұтылатын уыттылық (1 - 5-санаттар);
қатты уыттылыққа ие химиялық заттар: теріге әсер ететін уыттылық (1 - 5-санаттар);
қатты уыттылыққа ие химиялық заттар: тыныс алу жолымен жұтылатын уыттылық (1 - 5-санаттар);
терінің зақымдануын/тітіркенуін тудыратын химиялық заттар (1А, 1В, 1С санаттар, 2 және 3-санаттар);
көздің тым зақымдануын/тітіркенуін тудыратын химиялық заттар (1-санат, 2А және 2В - санаттар);
респираторлық аллергендер (1-санат);
тері аллергендері (1-санат);
тері түйнектерінің өзгеруін тудыра алатын химиялық заттар (1А, 1В санаттар және 2-санат);
канцерогенді химиялық заттар (1А, 1В -санаттар мен 2-санат);
өсімпаздық органдар үшін уыттылыққа ие химиялық заттар (1А, 1В санаттар, 2-санат және сүт шығуға және сүт арқылы әсер ететін заттар үшін қосымша санат);
органдарға зақымдаушы тәндік әсер ететін уытты заттар (бір реттік әсер еткен жағдайда) (1 және 2-санаттар);
органдарға зақымдаушы тәндік әсер ететін уытты заттар (бірнеше рет әсер еткен жағдайда) (1 және 2-санаттар);
су ортасы үшін (қатты) уыттылыққа ие химиялық заттар (1 - 3-санаттар);
су ортасы үшін (созылмалы) уыттылыққа ие химиялық заттар (1 - 4-санаттар) жатады.