О признании утратившими силу Закона Республики Казахстан "О страховании в Республике Казахстан" и Указа Президента Республики Казахстан "Об организационно-правовых мерах по формированию и развитию страхового рынка"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу Закона Республики Казахстан "О страховании в Республике Казахстан" и Указа Президента Республики Казахстан "Об организационно-правовых мерах по формированию и развитию страхового рынка"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының күшi жойылған деп тану туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2476
- Қабылданған күні
- 03.10.1995
- Көрсетілген редакция
- 03.10.1995 3946_544251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.1995
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U9500002476
- ЭКБ идентификаторы
- 3946
- Редакция идентификаторы
- 3946_544251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:30
0 "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының күшi жойылған деп тану туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 390-құжат; 1993 ж., N 8, 178-құжат);
"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 391-құжат);
"Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" 1994 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 1658 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., 177-құжат) 5-тармағының бiрiншi абзацынан басқасының күшi жойылған деп танылсын.