Құжат мәтініне өту

О порядке разработки, утверждения и сроков действия государственных общеобязательных стандартов образования

Қаулы · № 1290 · қабылданған 01.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3949/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О порядке разработки, утверждения и сроков действия государственных общеобязательных стандартов образования Күшін жойған Қаулы ·№ 1290 ·01.09.1999
06.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке разработки, утверждения и сроков действия государственных общеобязательных стандартов образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 1290 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке разработки, утверждения и сроков действия государственных общеобязательных стандартов образования
Атауы (қаз.)
Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1290
Қабылданған күні
01.09.1999
Көрсетілген редакция
06.03.2012 AI3949_4.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990001290_
ЭКБ идентификаторы
3949
Редакция идентификаторы
AI3949_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:56

0 Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.06 № 290 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.18. N 170 қаулысымен.

1 1. Қоса беріліп отырған Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолдану мерзімдерінің тәртібі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

3 Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеудiң, бекiтудің және қолданылу мерзiмдерiнiң тәртiбi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы
2 қыркүйектегі
N 1290 қаулысымен
бекiтілген
Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеудiң, бекiтудің және қолданылу мерзiмдерiнiң тәртiбi

1 1. Осы Тәртiп "Бiлiм туралы", Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi.

📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.18. N 170 қаулысымен.

2 2. Бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi.

3 3. Қазақстан Республикасының бiлiм бару саласындағы орталық атқарушы органдары конкурстық негiзде бiлiм берудiң, оның ішінде кемтар балаларға арнаулы мектепке дейінгі және жалпы арнаулы білім берудің мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады.

📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.18. N 170 қаулысымен.

4 4. Конкурсты өткiзудiң тәртiбiн, конкурстық комиссия туралы ереженi және оның құрамын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары айқындайды.

Конкурстық комиссиясының құрамына бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, сондай-ақ комиссияның бүкiл құрамының кемiнде жартысын құрайтын ғалымдар мен бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерi енгiзiледi.

5

5. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттік органмен келiсiм бойынша, конкурстық комиссияның қорытындысы негiзiнде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын және олардың қолданылу мерзiмдерiн бекiтедi. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының қолданылу мерзiмдерiн бекiту кезiнде мiндеттi түрде бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң бiлiм беру бағдарламаларының ерекшелiктерi ескерiледi.

6 6. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Тәртiппен белгiленген талаптар сақталына отырып жүзеге асырылады.

Қолданыстағы