Құжат мәтініне өту

Об оказании социальных услуг инвалидам

Қаулы · № 799 · қабылданған 03.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39523/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об оказании социальных услуг инвалидам Күшін жойған Қаулы ·№ 799 ·03.04.2008
03.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальных услуг инвалидам

Күшін жойған Қаулы ·№ 799 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальных услуг инвалидам
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
799
Қабылданған күні
03.04.2008
Көрсетілген редакция
03.04.2008 AI39523_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NA000103
ЭКБ идентификаторы
39523
Редакция идентификаторы
AI39523_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:43

0 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64-1-бабы 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына, "Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешіміне (2007 жылғы 26 желтоқсандағы 9-1-93 тіркеу нөмірі) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бюджетті іске асыру мақсатында мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету көзделсін.

2 2. Белгіленсін:

1 1) тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерге тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-балалардың және бірінші, екінші топтардағы мүгедектердің, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдардың құқығы бар;

2

2) инфрақұрылым объектілеріндегі қабатаралық тасымалдау көмегі мен жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне (бару және келу) бару үшін Қостанай қаласы аумағы шегінде мүгедектерді көлікпен тасымалдау мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен жүргізіледі;

3 3) "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады;

4 4) уәкілетті орган мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізеді;

5 5) мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйым мен уәкілетті органның арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартымен ресімделеді.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы