Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов

Қаулы · № 1299 · қабылданған 01.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3954/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов Күшін жойған 04.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов

Күшін жойған Қаулы № 1299 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов
Атауы (қаз.)
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1299
Қабылданған күні
01.09.1999
Көрсетілген редакция
04.06.2000 AI3954_1.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990001299_
ЭКБ идентификаторы
3954
Редакция идентификаторы
AI3954_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.05. N 846 қаулысымен.
Бюджеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлудiң тәртiбi туралы ереже;

2) өкiлдiк шығыстардың нормалары бекiтiлсiн.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражатты жергiлiктi атқарушы және өкілдi органдарға бөлудiң тәртiбi туралы осы секiлдi ереженi әзiрлеу және бекiту ұсынылсын.

3. "Республикаға келген шетел делегациялары мен жеке адамдарды мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың,

ұйымдар мен мекемелердiң қабылдауына және оларға қызмет көрсетуiне мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаржыны жұмсаудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 685 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 33,
500-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы Ереже

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 2 қыркүйектегі
N 1299 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық
бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Өкілдік шығыстар - шетел делегацияларын қабылдау, кеңестерді, семинарларды, салтанатты және ресми шараларды өткізу үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат.
Өкілдік шығыстарға мыналарға арналған шығыстар жатады:

1) ресми түстіктер, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;

2) музыкамен сүйемелдеу;

3) кәде сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;

4) автокөлік қызметтері;

5) аудармашылардың көрсеткен қызметтерiне төлем жасау;

6) залды жалдау;

7) Қазақстан Республикасының Үкiметi (Премьер Министрi) шешетiн өзге де шығыстар.

2. Өкілдiк шығыстар үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражатты болу және пайдаланудың тәртiбi

3. Өкiлдiк шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Өкiлдiк шығыстар үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы республикалық бағдарламалар әкiмшілерінің өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi:

1) шараны өткiзу қажеттілігiне деген негiздеме;

2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;

3) шараның әзiрлiк жұмыс жоспары;

4) қатысушылардың күтiлетiн саны;

5) белгіленген нормалар шегiнде, шығыстардың әрбiр бабына негізделген, шығыстардың сметасы;

6) шығыстардың сметалары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысы бар болған жағдайда қарайды.

5. Осы Ереженiң 2-тармағының 2), 3), 6)-тармақшаларында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетiлген шығыстардың баптары бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және реквизиттерін республикалық бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.

3. Бақылау және есептілік

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өкілдік шығыстар үшін бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

7. Өкілдік шығыстар үшін қаражатты алған республикалық бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті тапсыруы тиіс.

8. Өкілдік шығыстар үшін бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік қаражатты алушыға жүктеледі.

1 Өкілдік шығыстардың Нормалары Шығыстардың атауы Құны теңгемен

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 2 қыркүйектегі
N 1299 қаулысымен бекітілген
Өкілдік шығыстардың
Нормалары

Шығыстардың атауы Құны теңгемен

1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге арналған шығыстар делегация үшін күніне бір адамға 6 500-ге дейін есептелген есепке негізделіп жүргізіледі.

2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шаралары уақытында, аудармашылар мен 1 040-қа дейін еріп жүрген адамдарды қоса алғанда, күніне бір адамға арналған буфеттік қызмет көрсету

3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын, 700-ге дейін делегацияны қабылдайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (сағатына) 700-ге дейін

4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына)

Ескерту:

1. Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебіне негізделіп шығыстар сметасында көзделеді.

2. Шетел делегацияларын ресми қабылдауға байланысты түстік, кешкі ас немесе басқа осы осы секілді шаралар кезінде Қазақстан Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетел делегацияларының тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.

3. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезінде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация

мүшелерінің кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе ілесіп жүрушіден негізделіп айқындалуы тиіс.