Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) водохозяйственной и (или) канализационной систем

Бұйрық · № 133-ОД · қабылданған 18.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39569/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) водохозяйственной и (или) канализационной систем Күшін жойған Бұйрық ·№ 133-ОД ·18.04.2008
01.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) водохозяйственной и (или) канализационной систем

Күшін жойған Бұйрық ·№ 133-ОД · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) водохозяйственной и (или) канализационной систем
Атауы (қаз.)
Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
133-ОД
Қабылданған күні
18.04.2008
Көрсетілген редакция
01.07.2020 39569_523210.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005216_
ЭКБ идентификаторы
39569
Редакция идентификаторы
39569_523210
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Т.Е. Омаровқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2008 жылғы
18 сәуірдегі N 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 25 сәуірдегі N 263
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Бас тоған көздерінен шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арнаулы көлікпен су жеткізу.

2 2. Үй ішіндегі жүйелерге және есептеу құралдарына арналған қызметтер:

1 1) сумен жабдықтаудың үй ішіндегі жүйесіне техникалық қызмет көрсету;

2 2) кәріздің үй ішіндегі жүйесіне техникалық қызмет көрсету;

3 3) есептеу құралдарын орнату;

4 4) су тұтынушылардың меншігіндегі судың шығысын есептеу құралдарын тексеру.

3 3. Сырттағы желілер мен құрылыстарға арналған қызметтер:

1 1) су құбырының сыртқы желілеріне техникалық қызмет көрсету;

2 2) кәріздің сыртқы желілеріне техникалық қызмет көрсету;

3 3) су құбырлары және кәріз желілерінде судың ағуы мен бұзуын жою;

4 4) кәріз желісін жуу және тазалау;

5 5) су құбырларының жүйелеріне гидравликалық сынақтар өткізу;

6 6) кәріз желілеріне гидравликалық сынақтар өткізу;

7 7) табиғи монополия субъектісі балансындағы (қалалық су құбыры схемасындағы) желіге жобамен көзделмеген жаңа объектіні қосу;

8 8) берешектерін төлегеннен кейін қайта қосу;

9 9) су құбыры шаруашылығының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу;

10 10) кәріз шаруашылығының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу;

11 11) заңды және жеке тұлғаларға септиктер мен қазылған шұңқырлардан ағынды суларды сорып төгу.

4 4. Мыналар:

1 1) су көздерінен (беткі, жер асты);

2 2) сумен жабдықтау жүйелерінен;

3 3) кәріз жүйелерінен суды талдау бойынша қызметтер.

5 5. Өз тұтынушыларына реттелетін қызметтерді ұсыну кезінде іске қосылған су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардағы қызметтер (жұмыстар):

1 1) гидротехникалық құрылыстарды, кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралды су құбырларын және шаруашылық объектілерін ұстау және пайдалану;

2 2) гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

3 3) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша авторлық қадағалау;

4 4) су өлшегіш аспаптарды орнату;

5 5) тіреуіш гидротехникалық құрылыстар көмегімен ағын үстін реттеу бойынша қызметтер көрсету кезінде су тораптары құрамына кіретін гидроэлектр станциялары өндірген электр энергиясын өткізу;

6 6) балық запастарын (балық шабақтары) қорғау және өсімін молайту арқылы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне су берумен байланысты су қоймаларын биомелиорациялауды өткізу бойынша қызметтер.

Қолданыстағы